Астанада жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді
Жалпықалалық сенбілікке 188 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 4 180 кәсіпорын мен мекеме, соның ішінде 46 жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелері, 177 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жүк тиегіштердің 171 бірлігі және жүк көліктің 335 бірлігі іске қосылды, барлығы 506 мамандандырылған техника. Сенбілікте саябақтардың және шағынгүлбақтардың жалпы көлемі 2,3 млн м2 тазалық жүргізілді, 9 397 ағаштарды (қызыл тал, қара үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамида сияқты терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма) және бұталардың 891 м.б. негізгі аймақтар бойынша отырғызылды.
– Алматы ауданында – 3 300 д. ағаштардың көшеттері отырғызылды («Нұрлы жол» жаңа вокзал ауданы, Президент саябағы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ (оң жағалауы), денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар);
– Байқоңыр ауданында – 585 д. ағаштардың көшеттері мен 22 м.б. бұтақтар (Кенесары к-сі, Уалиханова к-сі, Тұрсық саябағы, денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;
– Есіл ауданында – 5010 д. ағаштар мен 480 м.б. бұтақтар (Е10 к-сі, Арай к-сі, Қорғалжыл тас жолы, сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;
– Сарыарқа ауданында – 502 д. ағаштар мен 389 м.б. бұтақтар (Есіл өзенінің жағалауы, Бейсекова к-сі, Бейбітшілік к-сі, Кенесары к-сі, Көктал-2 т.а. сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды.
Өзендер арналарын санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдерін тартумен экологиялық акциялар Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінде өткізілді.
Сенбіліктің кезінде (14.00-ге) 904,83 тонна қоқыс жиналып шығарылды.
Экологиялық айлықта министрліктердің, агенттіктердің, Астана қаласы мәслихатының, Астана қаласы әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ардагер кеңесінің, кәсіподақ пен қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары белсенді қатысты.
Кіші және орта бизнес қызметкерлерінің күшімен іргелес жатқан және кіретін аумақтары жиналды. Коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдарды:
– аула іштерін абаттандыру, балалар онайтын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандары, жиектерді және т.б. қалпына келтіру;
– инженерлік пен коммуникациялық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында пайда болған ақауларды жою;
– сыртқы жарнама мен рәсімдеу объектілердің (билборттар, пилондар, аншлагтар, жарық құрылымдары);
– өтпежолдарды және көпірлердің қоршаулары, құрылымдарды жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу, тазалау;
– бей-берекет тасталған автокөлік құралдарды шығару;
– сым желілерін сәйкесінше жасау, көшелер мен саябақтардағы жарықтандырғыштарды жуу мен бояу.









Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))
Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты. 