Із қалдыру. Өзіңнен кейін.
Қар жауған. Кенеттен бұрқырады. Дайындықсыз едік. Боран ұйытқыды. Аппақ қылған. Төңіректі түгелдей. Жұмыстан қайтқам. Қолымда пакеттер. Нан-пан. Сойқан суық. Біреу тұр. Бейтаныс жан. Жалғыз-жарым. Есіктегісі – код. Жабық, демек. Сыртта ызғар. Есікті тепкілейді. Адамы жоқ. Қырсығы сол. Үйге кірдім. Жып-жылы. Тамаққа кірістім. Картопты аршыдым. Пиязды турадым. Етті еріттім. Тұз жоқ. Алу керек. Дүкенге беттедім.