Ет патшасы - НусрЕТ

Нусрет Гөкче — интернет арқылы танымал болған феномендердің бірі. Түркиядан бөлек Абу Даби, Дубайдағы NusrET ет ресторандарының құрушысы.
Кедей отбасыдан шыққан Нусрет кішкентайынан қасапшылардың жанында жұмыс істеген. Аргентина және Латын Америкасының бірнеше елінде тәжірибе жинақтаған. Кейін өзі Түркияда алғашқы ресторанын ашқан.
Интернетте танымалдық оған етке өзіндік стильде тұз себу арқылы келген. Инстаграмында жұмыс барысындағы фото, видеоларын жариялап тұрады. Қазір оның 3.5 млн фоллоуері бар. Ресторанына бұрыннан танымал адамдар келеді екен. Интернет жұлдызына айналғалы келушілер саны бұрынғыдан да көп. Спорт, өнер, шоу-бизнес жұлдыздарымен түскен фотолары көп. Денсаулығына да жақсы қарайтын Нусрет фотоларына мафия стилінде түскенді де ұнатады екен. Ал етті турауы, кесуі, тұз себуі бөлек енді.
P.S футболшылар голдан кейін нусретше «тұз себе» бастапты ;)








Дәмді әрі жылдам пісетін, оңай дайындалатын «Кірпі» туралы айтқан екенмін, рецептімен де бөлісе кетейін. Бұл тағамды Магги дәмдеуішінсіз дайындау мүмкін емес, меніңше.

Мен үшін микротолқынды пеш тек “Поле чудес” бағдарламасында берілетін ал былай қол жетпес қымбат бұйым еді. Қалай қолдану керегін білмейтінмін студент кезімде даяшылық істегенге дейін. Менің жұмысым түстен кейін 15-00де басталатын. Ресторан қаладан 5 км алыста орналасқан, көбінесе ашынасымен келетін бай адамдарға немесе қаладан алыс тыныш жерде тамақтанғысы келетін қалталыларға арналған ресторан. Жұмысқа кіріспестен бұрын алдымен тамақ ішіп алатын едім. Бір күні тамақ бітіп қалыпты мен келгенше.