Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

Сәлем, достар! Мәшне алғыңыз келді делік, ал Қазақстанның Отандық көліктерге жеңілдетілген несиесі жалған болып шықты ма? Ештеңе етпейді. Есесіне Ресей қол жетімді, сол жақтан көліктің түр-түрін алуға болады. Бірақ мына жағдайларға өте мұқият болыңыз!

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

1. Алған көлігіңізді Ресейдің тіркеуінен шығару.

Бұл үлкен, әрі жауапты процесс. Кейде сіз алған көліктің иесі сізбен бірге ГАИ-ге барып, авто тіркеуден шыққаннан кейін ақшасын алады. Онда еш уайымдамайсыз. Ал көбіне көлікті тіркеуден өзіңіз шығарасыз(Ресейде ол мүмкін екен, бізде солай болса ғой). Ол үшін сатушымен арада екі жақты келісім-шарт жасайсыз. Сосын сатушы қолыңызға сіздің болашақ көлігіңіздің ПТС-ін(көліктің паспорты төменде 1-ші суреттегідей) және тех.паспортын береді(2-ші сурет). Осы үш құжатты(келісім-шарт, ПТС, техпаспорт) алғаннан кейін ақшасын төлеп, ГАИ-ге тартасыз.

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

1. Сату және сатып алы келісім-шарты(договор купля-продажи)

Ұнатқан көлікті алатын болсаңыз мейлі көліктің иесі болсын, мейлі автодиллер болсын келісім-шартты қолдан толтыра салмаңыздар. Ол үшін орыстың әдемі қыз-келіншектері отыратын арнайы офистер бар, сонда барыңыз.
Себебі 1: Сату-сатып алу келісім-шартының өзінің толтыру жолы бар. Әгәрәки, бір қате кетсе, келісім-шарт жарамсыз деп танылады. ГАИ тіркеуден шығармайды. Сізге көліктің иесін іздеп, қайта келісім-шарт жасауға тура келеді.

2. Тыйым салуға(арест) тексеру

Бұл екінші себеп. Кейбір «перекупщиктер» дайын келісім-шартпен жүріп, ешқайда бармай толтыра салуға үгіттейді. Бәрін білемін деп көндіруге тырысады. Бірақ оған көнбеңіз. Себебі мүлікке тыйым салынған(арестте тұрған) болуы мүмкін. Ондай болса көлікті тіркеуден шығара алмайсыз. Сондықтан келісім-шарт жасайтын офисте алдын ала осының барлығын тексеріп береді. Немесе Ресейдің Госавтоинспекциясының ресми сайтынан өзіңіз біле аласыз.

3. Шанақ(кузов) нөмірін тексеріп алыңыз

Алып жатқан көліктің шанағының нөмірі ПТС нмесе техпаспорттағымен сәйкес келетінін тексеріп алған жөн. Әйтпесе неше түрлі алаяқтар бар, көліктің орынына құр құжат сатып алып жүрмеңіз дегенім ғой)))

4. Сеніңіз, бірақ тексеріңіз

Офистегі отыратын қыздардың ішінде де «блондині» бар. Я сауатсыз, я жауапсыз. Сіз оған бәрі дұрыс болсын деп ақша бересіз, ал ол қате жібереді. Сондықтан ГАИ-ге сенімді бару үшін дұрыс толтырды ма, жоқ па тексеріп алыңыз. Ол үшін келісім-шарт қалай толтырылатынын біліп жүрген абзал. Екіншіден ПТС-те көліктің мәліметтерімен қатар неше иесі болды соған дейін көрсетіледі. Келісім-шарт ПТС-те көрсетілген соңғы иесімен жасалу керек. Сонымен қатар сол ПТС-ке жаңа иесі ретінде сіздің данныйларыңыз жазылып, оған сіздің және сатушының қолы қойылады. Бұлар дұрыс болмаса ГАИ-де жағдайыңыз қиын болады.

5. Қазақстанның кеденінде талонды алуға ұмытпаңыз

Аман-есен көлікті Ресейдің тіркеуінен шығарғаннан кейін, ұмытуға болмайтын тағы бір мәселе бар. Яғни Қазақстанның шекарасын өткен кезде кеденшілерден көлік әкеле жатырмын деп, талон алып алыңыз. Оны толтырғаннан кейін, печать басып береді. Бұл құжатты мекен-жайыңыз бойынша көлікті тіркеуге қояр кезде ГАИ-ге бересіз.

Негізі осы. Ал алда-жалда келісім-шарт дұрыс толтырылмай, я ПТС-ке атыңыз жазылмай қалып, инспектор құжаттарыңызды қайтарып берсе, байбалам салуға асықпаңыз. Мәселеңіздің құны 10 мың рубль. Бұндай жағдай біздің де бастан өтті, осы проблемаға ұрынған басқа қазақтарды да көрдім. Құжаттарымды қайтарып берген инспектор «мен бірінші, әрі соңғы емесімді» айтқан болатын. Сондықтан біле жүргендеріңіз дұрыс. Немесе Ресейге таныстарыңыз көлік алуға кетіп бара жатса, ескертіңіз.

Айтпақшы ұмытып бара жатырмын, Ресейде алған көлігіңізге страховканың қажеті жоқ. Заң бойынша келесі тіркеуге қойғанша 10 тәулік сақтандырылмай жүре аласыз.
Әрі қарай

Переезд в Россию: от А до Я

Өскеменнің ақпараттық порталдарының бірі Yk-news.kz деген сайт. Бір сілтемелермен кірген едім, мақалалардың ішінен осы блогымның атында тұрған сөйлемді көрдім: Переезд в Россию: от А до Я.
Іздене бастадым… Бұл сайттың «Анықтама бюросы» деген жобасы аясында басталған мақалалар (анықтамалық ақпараттар) сериясы екен. Әзірше жазылған 3 материалдары бар. Көптеген сұрақтарды қамтиды: мақсат-міндеттері, тұрғын-үй мәселесі, жұмыспен қамту, қайда тапсырыс беруге болады, уақыты мен шешім ұабылдау мерзімі, жалақы мен зейнетақы қалай болмақ, құжаттар тізімі, т.б.
Ішінен іріктеп, көңіл бөлуге болатын сұрақтарды Сіздерге ұсынып отырмын.
Ресейге көшуге құқылы тек орыстар емес.
Авторлардың айтуы жазуы бойынша ұлт маңызды емес, — ең бастысы, көшуге ниеттенген азамат орыс мәдениетінің құндылықтарын бойындасақтап, тілін білу және жұмысқа қабілетті болу керек.
Барлығы шұғыл.
Ресей жеріне келгеннен 3-6 ай ішінде ресейлік азаматтық алуға болады. Бағдарламаға қатысу туралы қағаз (жауап) 60 күн ішінде беріледі.
Тұрғын-үй мәселесі.
Бағдарламаға қатысушы азаматқа тұрғын-үй мемлекеттен (РФ) берілуі екіталай, елде онсыз да бұл мәселе өз тұрғындарына да шешілмей жатқан сыңайлы. Әйткенмен, бағдарлама авторлары жергілікті жұмыс берушілердің көбі үй бөліп беруі мүмкін деп уәде етеді.
Көшуге ұсынатын аудандар тізімі.
Үкімет арнайы көшуге ұсынатын аудандар тізімін жасақтаған. Олар: Республика Бурятия, Забайкал, Примор, Хабаровск және Камчатск крайлары, Амур, Иркутск, Магадан, Сахалинск облыстары, және де Еврей автономиялық облысы. Бұл тізім де жай жасалмаған сыңайлы…
Блог - NaimanKa: Переезд в Россию: от А до Я
Опчм, бұндай мақаланың жазылуына мен қуана қарадым. Оны мақала астына «казах» деген азаматтың жазып кеткен пікірімен айта аламын: «Хорошая статейка. Удачи всем! Жолдарың болсын!» — дейді ол.
Әрі қарай

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады. АҚШ пен Еуропада PSA (Public Service Announcement) термині ретінде қолданылады.

Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.

Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.

Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.

Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.

Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.

Қосымша:

Ниагара сарқырамасы Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7-10 см жылжуда. Козий аралымен екі бөлікке бөлінген: канадалық бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.
Әрі қарай

Ол Люданы іздеді... (с)

Киностан: Ол Люданы іздеді... ©Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.
Әрі қарай

Қазақ тойдан қашқан ба?

Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
Әрі қарай

Жалаңаш қыздар не ойнап отыр?

Мына суреттің авторы Лю И атты канадалық қытай суретші. 6 наурыз 2005 күні Нью Йорктегі бір көрмеге қойылған бұл сурет біраз дау-дамай және пікірталас тудырған екен. Суреттің аты «Пекин 2008».

Бұл сурет не туралы?

Суретте қытайлардың маджонг ойынын ойнап отырған қыздар бейнеленген. Терең мағына бар бұл суретте.

Арқасында тату бар қыз — Қытай.

Үстінде киімі бар, қолын басының артына ұстап, ойланып отырған қыз — АҚШ.

Жатқан қыз — Ресей.

Ойынға беріліп кеткен жалаңаш қыз — Жапония.

Ал ойыншыларға қарап, қолына жеміс табағын ұстаған қыз — Тайвань.

Қытай қыз «шығыс самалы» атты комбинация шығарыпты (3 бірдей тас). Екі мағынасы бар: Қытай экономикасы шығыс самалын жақсы қолдануда, сондай-ақ ол қытайлық ракетаның да аты. Былай қарасаң комбинация жақсы сияқты болғанымен, бұдан кейінгі тастардың қалай шығатыны белгісіз. Және қытай қыз басқаларға көрсетпей 2 тас ұрлап отыр. Бір ойы бар.

АҚШ қыз бәрін түсініп, қарап отырған сияқты, нақты жоспарлары бар. Және Тайвань қызға да қарап отыр, бір көзін қысып бір нәрсе меңзеп тұрған да сияқты.

Ресей еш қызығушылықсыз жатқан сияқты. Бірақ негізінде олай емес, бір аяғы АҚШ-тың тізесін басып жатыр, бір қолымен Қытайға тас ұрлап берді. Ортақ бір ойлары бар.

Жапон қыз ойынға берілген, басқаларда шаруасы жоқ. Тек өз "қолын" қарауда.

Тайвань қызыл ұлттық киім киген. Мүмкін ол қытай мәдениетін жалғастырушы болғандығынан ба екен? Бір қолында жеміс табағы, бір қолында пышақ. Ол Қытайға суық, жаман көзқараспен қарап тұр. Бірақ ойынға қосыла алмайды, қолынан келетіні жеңімпазға жеміс тазартып беру.

Терезенің ар жағында өзен жағасы және жаман ауа райы тұр. Үлкен жел көтеріліп, бір апат болатындай.

Бөлмедегі портрет те қызық. Сунь Ятсеннің мұрты, Чан Кайши сияқты жылтыр бас, бет-әлпеті Мао Цзедунге ұқсайды.

Қыздардың киімдеріне келейік.

Қытайдың үсті жалаңаш, бұтында іш киім және юбка.

АҚШ халат және ішкөйлек киген, бірақ белден төмен жалаңаш.

Ресей тек лыпамен қалған.

Жапония толығымен жалаңаш.

Бір қарағанда АҚШ ең күштісі сияқты болып көрінеді, киімі де бар үстінде. Басқалары жалаңаш. Бірақ АҚШ-тың төменгі жағы жалаңаш. Ресей мен Қытай жалаңаш болып көрінгенмен, негізгі құпия жерлері әзірше жабық.

Бұл ойынды "ұтылған шешінеді" ойыны деп қарайтын болсақ:

Осы раундты Қытай ұтылса Ресейдің жағдайына жетеді (КСРО құлаған кездегідей).

Егер АҚШ ұтылса ол да Ресейдің жағдайына жақындайды.

Ресей ұтылса ештеңесіз қалады.

Жапонияда ештеңе қалған да жоқ. Енді ұтылса ойыннан шығады.

Қортындылайық:

АҚШ жақсы қыз болып көрінгісі келеді, бірақ енді ұтылса құриды. Барлық жақтан қауіп бар оған. Ресей екі жақпен де келісіп, ойнап отырғандай. Ең залым, ең қауіптісі осы. Басқалармен тас ауыстырып ойнап отыр. Қытайда қандай тастар бар екенін көре алмай отырмыз. Қанша тасы бар екені де белгісіз. Үстел астында Ресеймен тас ауыстырып отыр. АҚШ ештеңе көре алмай, Ресей мен Қытай өзара келісіп ойнап отырғандарын ойлағаннан басқа ештеңе істей алмай отыр. Жапония әлі де ойында, ұтылса ойыннан амал жоқ шығады. Тек түсініксізі Қытай ғана. Не ойлап отырғанын ешкім білмейді. Тайвань бәрін көріп, түсініп отыр. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ойынға қатысуға мәртебесі жетпейді әлі.

Бұл ойынды Қытай немесе АҚШ жеңетіні анық. Бірақ АҚШ-та күш көп болғанымен ол покер емес қытай ойыны маджонгты ойнап отыр және қытайдың ережесімен…

Жаңаөзен қаласының атауын не үшін өзгертпек? Сескенеді-ау, сірә?! ...

Жаңаөзен қаласыСөздігімізде «Жаңаөзен оқиғасы» деген «аты дардай» тіркес қалыптасты. «Мен Жаңаөзендікпін» десе, жұрт үрке қарайтын болды. «Не істемек керек?» Көптен толғандырған сұраққа «Жаңаөзендік» қариялар жауап тапты: «Жаңаөзен қаласының атауын «Бекет ата» деп ауыстырамыз...». Бүгін Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қарттары басшылыққа осындай ұсыныс жасады. «Мезі болған» ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинады. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Тиісінше, Жаңаөзен қаласын «Бекет ата» деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады.
Ал, «Бекет ата» деген кім? «Бекет ата» – дінтанушы ғалым, көне дәуірдің өзінде-ақ математика, медицина, астрономия ілімдерін зерттеген. Ағартушылық ісімен айналысып, сәулет өнерінде де өшпес із қалдырды. «Бекет ата» салдыртқан жерасты мешіттері әлі күнге дейін сақтаулы.
«Өткеннің жәдігерлерін тамашалау үшін Ресей, Қытай, Франция туристері үнемі келіп тұрушы еді, «Жаңаөзен оқиғасынан» кейін күрт сейілді», деп те қалды кеңеске жиналған ақсақалдардың бірі. Сескенеді-ау, сірә?! ...
Әрі қарай

А тобы


Жүрек қағысы жиілеп, алақан терлеп, эмоциялық сілкініс алатын кез жақындады. Кейде күліп, кейде ашуланып, біреуді боқтап, біреуге сүйсініп… қысқасы, енді екі жылға жететін әңгімеге арқау табамыз. Дайындалыңыз жақын қалды! Енді төрт күннен соң, ұйқысыздық ауруы келеді.
Әрі қарай

Цинизм министері Голикова ханумның мәлімдемесі

28.04.2012, KM.RU хербарлайды.

Ресей Денсаулық сақтау және цинизм Министері Татьяна Голикова, Сібір аймағындағы дәрігер тапшылығын былай шешуді ұсынады, салидатсстың:
Әрі қарай