Едіге Алаң По. "Меншік иесінің өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Құрылтайшының өлімі»)

«Уууіііііііііііііііііпп… Дадатын да, отитын да дым док… Фыыыыыыыы...» ©Нашақор Титөк



«Амстердам» бағыты бойынша келіп қонған ұшақтың жолаушылары ала-құла. Алып дорба арқалағандары мен алақандай сөмке асынғандары аралас.

Құйып қойғандай шақ сұр костюм киген, еңгезердей ел ағасы құлағындағы көк түспен жылт-жылт еткен құрылғысына сөйлеуін тоқтатпаған күйі әуежай ғимаратынан шықты. «Такси, такси» деп қаумалаған ұзыны, аласасы, толығы, арығы аралас еркектер қауымын жарып өтіп, дәл есіктің аузына тоқтаған сүліктей қара S-Class-ты W221-ге беттеді. Алдыңғы орыннан серіппедей атып шыққан иықты жігіт артқы есікті айқара ашып, кіргізіп жіберді.
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Құрылтайшының өлімі".

(Жалғасы. Басы — «Редактордың өлімі»)

«Жалпы, дым жоқ».© Лао Цзы

Бүгін «Отызгазетонжурнал» холдингінің Президенті Сыпатай Ульрих ерекше көтеріңкі көңіл-күйде. Үйде жалғыз жүрсе де бөлмелердің есіктерін пафоспен ашып, салтанатпен жауып, маңғаздан-кербездене алшаңдап жүр. Тіпті атылас халатының ілгектерін ағытып тастады. Императорлардай желкілдетіп-желбіретіп жүру үшін. Үйді әрі бері кезген соң, өзінің обрызы өзіне ұнай бастады. Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.

Апартаменттегі барлық бөлмеге орнатылған «Dolby Surround-пен»TM жабдықталған
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Редактордың өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Журналистің өлімі»)

«Оқитын дым жоқ». ©Akzere



Сурет Gloom82 деген атпен танымал Антон Семеновтікі.

"… Жұрт танитын басылымды басқару оңай деп пе едің? Қит етсе қытымырланып бір жағыңнан меншік иесі, ә десең құқығын айтып екінші жағыңнан журналистері шыға келеді. Күні кеше тәжірибеден өту үшін деп келген күшік-журналистің қатесі үшін де сен жауаптысың. Жоооқ, оңай емес..."

Аумағы ат шаптырым кеңсенің алып терезесінен көшеге қарап отырған бас редактордың жалғыз қалғандағы әдеті еді бұл. Әлдебір өзі тауып алған ішкі серігімен әжептеуір уақыт әңгіме-дүкен құрып кететіні бар-ды.
Әрі қарай

Мен қалай бейнемонтаж инженері болдым

Баспада қағаздарымды кеміріп, түстен кейін сабағыма барып, демалыста диссерімді түрткілеп, тып-тыныш жүрген магистрант едім. Сол «шарагаға» аяқ астынан тап болдым. Тап болдым да, бірден сіңіп кеттім. Бірақ онда келгенде редактор едім… Бара-бара бейнеинженер болдым.

Басында өзімнің «жеке-меншік» үш бейнеинженерім бар еді: Коля, Бека, Рина. Олар монтаж жасайды, мен қастарында қарап отырам. Шыны керек, бастапқыда, олардың істегендері маған брі сиқырдай көрінетін. Айтпақшы, бүл туууу сонау 2003 жылы болған әңгіме. Компты қосып-өшіріп, вордта текст жазудан басқаны білмейтін «чайник» едім ол кезде.

Содан не керек, анда-санда «монтажниктерім» темекі тартуға шығып кетеді емес пе. Бір рет ТайтлДеконы ашып беріп, Ринат: «өзің титр жазып қой, мен келіп орналастырам» деп кетіп қалды. Әлі жоқ, әлі жоқ. Ішім пысты. Титрді жаздым, көргенімді істеп сақтадым, «линейкаға» қойдым, көргенімді істеп «просчет» жасадым. Не керек, әйтеуір, бәлеге қалдым.

Сонымен, бір жыл өтер-өтпесте, сол студияның қатардағы бейнеинженері болып шыға келдім. Өзім мәтінін аударатын фильмдердің монтажын өзім жасайтын дәрежеге жеттім.

Қазір де, Русланның (қазақша «Матрицаның» монтаж инженері) қасында отырғанда кейбір жерлерді түсіндіре алмай жатсам, ысырып тастап, тышқанын тартып алып, өзім «монтаждап» тастағым келіп отырады.
Әрі қарай