Қазақтың e-журналистикаcына кіріспе. Қыңырдан 40+1 қырсық кеңес

Сыбайлас қамқорлық: Қазақтың e-журналистикаcына кіріспе. Қыңырдан 40+1 қырсық кеңес
Қазақтың интернет кеңістігінде әлдекімдер түк өсиет-өнегесі жоқ шытпақтарын тізіп, қасына сапасыз сурет қойып, күлегеш қыстырып, ойнақы бір атау тауып, әр бұрышқа сүйкей салғанды мәртебе көретін болыпты. Онысымен қоймай, журфактың табалдырығын түсінде де көрмеген бейбақтар қазақтың қасиетті қара журналистикасына сын айтатынды да шығарыпты. Еріккен сарттар интернеттің қыр-сырын кейбір дәстүрлі журналистерден бұрын меңгеріп алғанына мастанса керек. Ендеше, журналистердің де ғаламторға жазба мәтін, видео және фото материалдарын дайындауды үйреніп, кімнің кім екенін көрсететін кезі келген сияқты. Төмендегі 40 қырсық кеңесім жаңашылдықтың қиын-қыстау жолын таңдаған жас талапкерге көмекші боларына сенімдімін.
Әрі қарай

Пайдалы кеңестер

-Көздің көруі нашарлай бастағанда, бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.

— Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда, күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пісте майды ауырған жерлерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы.

-Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады.

-Денеге жара шығып, ол іріңдеп кетсе, сәбізді үккіштен өткізіп таңған пайдалы. Ол ауруды тез басып, іріңді сорады.

-Абайсызда бір жеріңді күйдіріп алғанда, картоп немесе бал таңып қойған дұрыс
Әрі қарай