Георгий лентасын ауыстыру қаншалықты қажет?
Соңғы 2-3 күнде «Георгий лентасы» туралы пікірлер көбейіп кетті. Біршама адамдар «Ол біздің лента емес, патшалық Ресейдің таңғаны т.б.» деген пікірлер білдіруде. Тіпті кейбіреулер Оны мемлекеттік тудағы оюды пайдалану арқылы "Қазақстандық нұсқасын" қабылдайық деп те "үндеу" тастап отыр…
ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ЖЕКЕ ПІКІРІМ:
Біріншіден, ол жай ғана белгі. ІІ-дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан орден-медальдарды әсемдеу құралы ғана. Бітті. Басқа ештеңе де емес.
Екіншіден, айналайындар-ау, ол тарих қой. Кеңес үкіметі құрамында соғысқанымызды ешкім жасырмайды ғой?!.. Тарихтың өзі болмағанмен, тіпті тарихи маңызы болмағанмен де ол белгіні аталарымыз тақты. Тағады да, музейлерде олар тұрады да. Ал, тарихты қандай күйде болса да сыйлау қажет. 90-жылдардан бері Ленин ескерткіштерін құлатып жатыр. Ия, кеңес үкіметі Қазақ халқына жайсыз болды. Бірақ қандай болғанда да ол — ТАРИХ! Орын ауыстырумен (елеусіз жерлерге орын ауыстыруымен) келісем, ал түбімен жойып, талқандап тастауға қарсымын өз басым.
Үшіншіден, әр бұрынғы одақтас республика осындай белгілерді жойса, өз тарихын өздері бұрмалап қайта жазып шықса, тарихи шындық дегеніміз қайда қалады?!..
Төртіншіден, бұл шара да, барлығын қазақшалаймыз деп «гипер» сөзін — «ерен» сөзімен, «компьютер» сөзін — «белгісаяр» сөзімен, «балкон» сөзін — "қылтима" сөзімен алмастырмақшы болып жатқан айқайпатриоттардың ісі ғана деп білем.
Түсіндірме: мен кейбіреулеріңіз ойлап отырғандай кеңестік дәуірді аңсаушы т.б. емеспін. Тәуелсіз Қазақстанның патриотымын. Бірақ, өткен тарихты бұрмалауға қарсымын!