Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тегін курстар

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды, соның ішінде есту қабілеті нашарлаған жандарға әшекейлер, түрлі бұйымдар жасауды үйрететін курстар ашылды.

– Алғаш рет курстар 2010 жылы өткен. Өткен жылы елорда әкімдігінің қолдауымен, «Көмек» әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Онда сұлулық салоны бар, мүгедектігі бар астаналықтарды оқытып жүргенімізге бір жыл болды. Үш айлық оқу аяқталған соң тәжірибе басталады. Былтыр курсты тәмамдаған қыздардың жартысы осы салонда, кейбір басқа жерлерде жұмыс істеп жүр, — дейді «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қызылгүл Сембина.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тегін курстар

Биыл сабақтар мамыр айында басталды. Шаштараздың, маникюр шеберлерінің курстары бар, жобаны іске асырған уақыттың ішінде 50 астам мүмкіндігі шектеулі тұлға оқытылды, енді олар қызмет көрсетіп, ақша таба алады, жұмыссыздар санатынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өтеді. Бұл жолы мүгедектігі бар 15 адам оқып жатыр. Салондағы курстардан басқа, табиғи тастардан әшекейлер жасау бойынша сабақтар өткізіліп, тігін шеберханалары жұмыс істейді. Күзге қарай кілем тоқу үйірмесін, жиһаз цехын ашу жоспарланған.

– Топқа көп адамды қабылдауға болмайды, бір топта 5-6 адам ғана оқиды, сонда тиімді болады, сонымен қатар, бізбен бірге ым тілінің мамандары да жұмыс істейді,- деді Қ. Сембина.

Бұдан басқа, Орталықта халықтың мұқтаж топтарына, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар, аяқ киім, азық-түлік түрінде қайырымдылық гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Мүдделі азаматтар 39-00-63, 39-00-61 телефондары бойынша хабарласа алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

Астанада «Шығармашылық үйі» шеберханасы жаңа маусымын бастады. Бұл шеберхана ерекшелігі мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылықпен шүғылданады. Әркім өзіне сүйікті іспен айналысды. Ерлер ағаш ұстасы шеберлігін меңгеріп, қыш құмыра жасауды үйренсе, әйелдер сәндік-қолданбалы өнерді үйренеді. Бұл әлеуметтік-еңбек шеберханалары Астанада үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

– Бүгінгі ашық есік күніне қызығушылық танытқан адамдар көп келді. Олардың басым бөлігі арбамен, кейбірі балдақпен жүреді, біздің нысаналы топ белсенділік танытуда, бәрі де мүдделі. Оларға кәсіби дағдыларды үйретпекпіз, адамдар өзін-өзі тауып, әлеуеттерін аша алатындай, өйткені, адам мүгедектік алғанда, абыржып қалады, қайда барып, не істейтінін білмейді. Егер ол бұған дейін оқытушы болса, немесе жігіттер электр маманы болса, бүгінде олар бұл мамандық бойынша одан әрі қызметін жалғастыра алмайды. Сондықтан олар біліктіліктерін өзгертуге мәжбүр болады. Біз оларға бағыт береміз – олар бұл іске әуестік танытатын шығар, немесе өздерінің жеке істерін ашатын болар, – дейді «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы» мүгедектер бірлестігі қоғамының төрағасы Дина Ерділдинова.

Мұнда тәжірибелі шеберлер дәріс береді. Әйелдерге қағаздан гүл шоқтарын, әшекейлер, картиналардың қалай жасалатынын көрсетіп, тоқу мен ұсақ моншақтардан кесте тігуді үйретеді. Биыл жаңа шығармашылық бағыт – қыш құмыра жасау ісі енгізіліп отыр. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі кәдесыйлар жасамақ.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

– Бүгін шығармашылық шеберхананың ашылуына қатысып отырмын. Бізге полимер саздан әртүрлі әшекейлер жасауды үйретеді. Осындай көрмелерді ұнатамын, өзім өз қолыммен ешқашан ештеңе жасап көрмегем, алғаш рет келіп тұрмын, – дейді Әлия Оспанова.

Осындай шеберханалар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге құлшынысын артттырып, шығармашылық потенциалын еш шектеусіз іске асыруға ықпал етеді.Жалпы шығармашылықпен айналысуға әйелдер де, ер адамдар да қызығушылық білдіреді екен. Ерлер көбінесе ағаш ою өнеріне, қыш пен керамикалық бұйымдар жасауға ниетті.

– Мен бірінші рет қатысып отырған жоқпын, бұған дейін де ағаш пен қыштан бұйымдар жасап көрдік. Ағаштан түрлі мүсіндер, кейіннен қыштан құмыралар, фигуралар істедік. Қышпен жұмыс істеу қиын, сонда да бар күшімізді саламыз, тырысамыз. Бұған дейін үйде көп отыратынмын, ал «Дос» қоғамымен танысқан соң күндерім қанық өтетін болды, үнемі түрлі шараларға шақырып отырады, – дейді астаналық Николай Квашнин.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі, шабыты шексіздер

Арт терапияның адам жан дүниесіне оң әсері дәлелденген. Егер сізздің таныстарыңыздың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар болса, шеберханаға әкеліңіз. Бәлкім өмірге құлшынысын арттырар, өнерге жолын ашар, өз хоббиін бизнеске айналдыру мүмкіндігі осы шеберхана болар.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады

Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ресми тойлауды бастап кетті.
Оңтүстік облыста алғашқылардың бірі болып, Сайрам көмекші-мектеп интернатының тәрбиеленушілері Ақордаға,қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мерейтойлық
Әрі қарай

Көзтаныс дүниенің құпиясы

Кейде бесенеден белгілі, білемін-ау дейтін істің басқаша болып шығатыны бар. Мәселен, күнделікті көзбен көріп, қолме ұстап жүрген Tele2 операторының бастапқы топтамаларын (стартовый пакет) Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар жинайтынын білетін бе едіңіз? Жеке өзім үшін бұл жайт ауызды аңқайтып, жағымды жерге түсірмесе де, әлдебір «дұрыс» таң қалу сезімін тудырды.
Әрі қарай

Mesqueunblog.kz. Жай ғана блог емес



Бірнеше апта болды жаңа жобаны қолға алғанымызға. Алдымен, admin ағай asaubota сайтты әдемілеп жасап берді. Артынан әрледік, қырладық, сыладық. Мендік жұмыс көбінесе ұйымдастырушылық сипатта, негізгі еңбек Аршат пен Николя Журну дейтін франциялық суретшінікі.
Әрі қарай