Әтөштің қызықтары (балалық қылықтары)

Біздің Әтөш, әлгі Айбек ше. Бесінші класта оқып жүр. Бір күні мектепте кінәлі болып қалғанын анасына айтып жеткізбекші. Бірден айта алмады. Ұялады (таяқ жейтінін де біледі). Қара бетінде қызырғаны көрінбесе де ұяты қысқан кезде солға-оңға қашқан көзі ол үшін бәрін айтып жатыр.
-Не болып қалды?
-Түк болған жоқ.
-Мектепте бірдеңе бүлдіріп қойғансың ғой.
-Жооок бүлдірген жоқпыыын.
-Онда не болды?
-Бір қыз маған сөмкемды лақтырды.
-Бар болғаны сол ма.
-Жоқ, сөмкамды ұстай алмадым.
-Сосын?
-Сөмкам терезенің шынысынан өтіп кетті, -деп, анасы түсініп болғанша, қылығына жаза ретінде дайындалған шапалағын жеткізбей қаша жөнеліпті. Осылайша Әтөш мектептегі терезенің шынысының сынуына (шағылуына) себепші болғанын анасына жеткізіпті.
Әрі қарай

Бір үзік естелік...

Әлі есімде… 1998 жыл. Жетібайдан Ақтауға келдім. Қарапайым ауылдық мектептен облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа келдім. Қазіргі балдар 6-7 сыныпта Ақтауды жатқа білсе, мен сол кезде 10-сыныпқа аяқ басқалы отырсам да шешемнің етегінен ұстап келдім. Сәл босасам, адасып кетемін. «Дарынға» аяқ бастық. Емтиханмен қабылдайды екен мектепке. Бірінші көруім ондайды. Тапсырдық. Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмедім, 3-4 пәннен тапсырған емтиханнан өтіппін. Алайда сыртқа үзіліске шыққанда, бұрын осы мектепте оқып кетіп, кейін қайта түскелі тұрған болашақ сыныптасымнан сабақтың таңертең 8-30да басталып, түс қайта 4-ке жақын бітетінін естігенде көзім тас төбеме шықты. Сөйтсем, бұларда сабақ кезінде өзім әрең шыдаған 45 минут емес бақандай 90 минут болады екен. Уау! Ауылға тартып тұрғым кеп, бұтым дірілдеп кетті…

***********

Қалада үйіміз жоқ болғандықтан «Дарынның» интернатына жатқызбақшы болды.
Әрі қарай