Жұмыстың кейбір кездері немесе Керекке ода (Ремейк)

«Филип Бедросович көрсе, өмірден баз кешіп кетер еді» © @Gastarbaiter

Жұмыстың кейбір кездері,
Көңілде алаң басылса,
Асаудың* берген Керегі,
«Сырт» етіп оңай ашылса.
Әрі қарай
  • 47
  • 1
  • Автор туралы
    PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • 23

Арман демекші...


Арман боп қалдың, белестей биік бағынбай,
Сол үшін саған алғысым шексіз бүгінде.
Сарқылып сезім, солғын тартқанда сағымдай,
Бір-бірімізден жалығар ма едік түбінде?

Жұмбақ боп қалдың, бойыңа сиқыр
сыр бүккен,
Әсері терең әлемдей болдың бір тылсым.
Қажыған сәтте күндегі күйкі тірліктен,
Бір-бірімізден қол үзер ме едік, кім білсін?

Аңсар боп қалдың, ұрлаған түнгі ұйқымды.
Өкпелетсе де тәкаппар тағдыр қалауы,
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір дастанның жүрекке қымбат тарауы...


Кей нәрсенің жай арман болып қалғаны да жақсы-ау?
Әрі қарай
  • 1
  • Автор туралы
    PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • 30