Блогиада #5: Алматыдағы "шабашниктер"

Әңгіме оңай жолмен ақша табатындар немесе табуға тырысып жүргендер туралы болады. Әдетте олардың қызметтері стихиялы формада ұйымдастырылған және барынша ештеңе істемей (әлде аз іс-қимылмен) көбірек ақшалы болуға бағытталған. Оларды жұрт біледі және солардың қызметтеріне жүгінеді. Олардың «жұмыс орындарын» көпшілік біліп алған. Алматыда өзім байқаған осындай «нүктелерді» бір шолып шықтым.

Паркингшілер

Блог - patick: Блогиада #5: Алматыдағы шабашниктер
Әдетте бұл жігіттер — «Алматыпаркинг» мекемесінің жұмыскерлері. Базардан ұқсас арнайы киім сатып алып, бос территорияларды жаулап алатын «самозванецтер» де болады деп естідім. Мекеме оларға бір күнге 4-7 мың теңге көлемінде жоспар қояды. Артылғаны — қалтаға. Паркингшілер табысы күніне 9-13 мың теңгені (мекемеге өткізілетін жоспар соманы қоса есептегенде) құрайтын көрінеді.
Әрі қарай

Жетім бұрышқа барам ба?

Алматыда пәтер жалдаудың қиындығы қажытып жіберді.
Кеше бір пәтер иесі «балаларыммен тұрамын» десем, «мне колхоз не нужен» дейді.
В обшым, таныс маклер, риэлторлар болса, қол ұшын созысып, контакт беріп жіберіңдер, жамағат!
1 шілдеге дейін пәтер табуым керек!!!
Әрі қарай

Мемлекеттік сатып алу туралы

Құрметті жама'ат!!! Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңына сәйкес осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуға болады екен:
1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) тауар биржалары арқылы.
Осы амалдардың ішінде «тауар биржалары туралы» не білесіздер? былай қарағанда көп тәсілдердің ішіндегі осы тәсілге бүйрегім бұрып тұрады…
Әрі қарай