Күзгі көңіл-күй

Күздің қоңыр салқыны мен ызғары
Тоңазытып соққан желі ызғарлы.
Жаздан қалған жадыраған көңілді
Құлазытты таңғы қырау, мұздары.

Қою бұлты торлап алып қас-қағым,
Жаңбыры да көз жасындай аспанның.
«Бар ма екен — деп қарап тұрам ойланып,-
Күзден артық табиғатта асқан мұң?!»

Өткен шақтың кей тұстарын сағынып,
Бақ ішінде отырмын мен жабығып.
Сыбдырлаған жапырақтың мұңлы әні,
Жүрегімді жұбатардай жалынып.

Жасыл желек қурап жатыр, жер түлеп,
Жылы жаққа құстар ұшты тентіреп.
Арманымды ала ұшқан құстарға,
Отыр екем сәтті сапар мен тілеп.

Күн сәулесі әлсіз түсіп жүзіме,
Жетпегендей жол ортадан үзіле.
Өтіп жатыр күзгі бақпен сырласып,
Біраз жайттар ой електен сүзіле.

Өткен күзбен осы күздің арасы,
Қас-қағымда көрген түстей қарашы.
Сынаптайын сырғып өткен уақытқа,
Бағынышты екен адам баласы…

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Көңіл

Менің көңлім үй еді жапандағы,
Кірді оған мейірімді де, қаталдары.
Кірлеген соң есігін жауып алған,
Содан бері ашуға ешкім бата алмады.

Анық еді оны ешкім елемесі,
Қатардағы үйлерге теңемесі.
Айналаға зер салып қарамайтын,
Жуылмаған өйткені терезесі.

Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

" Көңіл күзі "

Тосырқанып, тежеулеген кезім бұл,
Жан жарасын жаза алмады сөзім сыр.
Кеудемдегі көңіл күзден айығар,
Көктемінде көктемеді сезім гүл.
Күз де келді көңіл қайта қамықты,
Сары табынан сағыныштың зарықты.
Көңіл атты көмескілеу архивте,
Сол бір жанның бір бейнесі қалыпты.
Санадағы сан сауалдың толғағы,
Асыл елес жанды бейне болмады.
Ажарыңа айдың нұры шағылған, алтын ба едің,
Қадіріңді біле алмаған қолдағы.
Сыздап жүрек, сан күрсінген бұл кеуде,
Төрімдесің тілім бармас тілдеуге.
Сезімнен де, өзімнен де жерініп,
Жырақ жүрмін ел баспаған сүрлеуде.
Әрі қарай

Шарасыздық.

Досым әйеліне қатты ренжіп қалыпты — бір отбасында кейде болып тұратын қалыпты жағдай деуге келетін де, келмейтін де сияқты…
Шатақ неден шыққанын айтпады, айтқаны:
Әрі қарай

СЕН дегенде...

Мына жер бетінде СЕН болмағанда не істер едім деп те ойлаймын… өйткені, жабырқаған жанымды жадырататын да, көңілсіз сәттерімде үнемі қасымнан табылатын да ӨЗІҢ емеспісің?! СЕНДЕЙ сенімді серікті қайдан таба қояр екем?!
Әрі қарай

ТАҒАТСЫЗ РУХ ПЕН ЖҮРЕК..

Бекжан Толыбай: ТАҒАТСЫЗ РУХ ПЕН ЖҮРЕК..

Адам мына пәни дүниеде қоғаммен бірге өмір сүруге мәжбүр… Сондықтан да сол қоғам өмірі оның жеке өміріне ықпал етпей қоймайды..Өз өмірін қоғам өмірінен бөле жара қараған адам қателеседі..Әрине егер ол ел кезген, қоғамнан безген дәруіш болмаса… Дәл осы дәруіштік өмір, адамның рухының еркіндігін қамтамасыз ете алады…

Бірақ бізге Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған мұра жол, ол қоғаммен бірге өмір сүру және сол қоғамды түзеу… Ол үшін ең бірінші түзейтін кісі өзің болуың керек, одан кейін туған туысың, достарың, әріптестерің, көршілерің, бір аулада, бір ауданда, бір қалада, бір облыста, бір мемлекетте, бір жағрафияда, бір материкте, және бір планетада өмір сүретін адамдар…

Өмірдің кейбір сәттерінде барлық нәрседен, дәл қазіргі ортадан, қоғамнан қашып кеткің келеді… Безіп кеткін келеді..Өзіңді қояр жер таппай, тұрған орныңа сыймай кетесің…
Әрі қарай