Дүмше балықшыдан бір әңгіме

Есіңізде ме, үйдегі аста-төк айран-шұбаттан жеріп, дүкеннің бөтелкеге құйылған кәуділгі қара суына құмартып тұратын балалығымыз? Көршім Гена тіскебасарға алып шыққан котлетін біресе көзіме, біресе мұрныма тақап; үйдің жанындағы өзенге барып қалай шабақ аулайтынын, оны еттартқыштан қара нанмен араластырып өткізіп, ұқыптап пияз бен аскөгін және салып, қалай қуыратынын айтып бергенде ауыздың суы құрып, сол балалық оянды: мана жеген ет пен ішкен сорпа бекер, жалпы бар өмірім бекер өтіп жатқандай көрінді. Шешімім де көп күттірмеді: «жұмыстан келген соң бір сағатқа қармақпен балық аулауға барып тұрам!». Тіпті алтын желбезек балықтарды суырып алып жатқанымды және қасымдағылардың бұл табысыма деген қызғанышын елестеттім. «Тәңірдің таңы атсын осы бар ғой!» деп, күпініп-дөңбекшіп шықтым. Не құдірет десейші осы желігуді: таң ата енді ашылып жатқан базардан қармақ-инені далбаса қымбат бағаға іле кеттім. Балық аулайтын асай-мүсейді жұмысқа алып келгенімде,
Әрі қарай

Сайран, жақсы күндерің әлі алда...

Екінші ма үшінші ма класста ең бірінші рет Алматыға келдім… жаздың шыжып тұрған күні етін, күйіп пісіп вокзалдан түсе салысымен ағам бірден сайран көліне қарай бас тартты… мен қасында келе жатырмын сайранды өзімнің фантазиямда керемет бір тек кинода ғана көретін пляж ретінде елестетіп. міне жжеттік, расында үлкееен жағалауында толған адамдар, күнге қыздырылып жатқандары бар, шомылып, катамаран теуіп жүргендері бар...қатты қызықтым.
уақыт өте келе әлгінде қатты қызыққан сайраным әр түрлі ауру жұқтырып алуға мүмкіндігі бар лас маскүмдер мен баспанасы жоқ адамдар келіп жуынатын… палас жуатын жерге айналды.
Кеше Ахметжан Есімовтың есеп беру отырысында осы сайранды керемет аквианариумға айналдырамыз дегенін естіп әбден қуандым. Енді Алматы арман қаласына жаңадан келегендер осы жерді көрім тап менің балалық кезімдегідей әсер алады дегенге қатты сенем!
Құрылысты бастау осы немесе келесі жылға көзделіп отыр.
Ал, іске сәт!
Мен ең алғаш көрген Сайран

Қазір осындай ғой, жақыннан вышпе жаман

Осындай болады дид
Әрі қарай

Salar de Uyuni көлі

Көпшіліктің айтуы бойынша көк пен жердің тоғысқан жері — Salar de Uyuni тұзды көлі. Ол оңтүстік-батыс Боливияның «Niaoyouni» атты ауылдың жанында орналасқан, теңіз деңгейінен шамамен 3650 метр биіктікте. Бұл тұзды көлдердің ең алыбы, шығысынан батысына 250 км, күңгейінен теріскейіне 100 км қашықтықты алып жатыр. Ішкі жағы 2—8 құлаш тұз қабатымен қаптаулы. Жаңбырлы маусым келгенде көл жұқа қабат суға толады да әлемдегі ең үлкен айнаға айналады… Бұлттың үстінде серуендегендей боласың.

Әрі қарай