Статистикасымақ

Оқу жылы басталғалы Алматы тұрғындары (басқа қаланы білмедім) пробкаға тап болды. Баяғы жарты сағатта жететін жұмысыма 1 сағатта әреееең жетем. Үлкендер студенттерді неге ұнатпайтынын енді ұқтым. Өзім студент болғанда байқамаушы ем. КазГУ аялдамасынан соң қоғамдық көліктің ішінде футбол ойнауға болады. Кеңінен тыныстайсың.
Кеше жұмыстан соң кезекті көлік кептелісінде тұрып-тұрып іш пысқаннан жаңа ермек таптым өзіме. Шағын статистика жүргізу. Бір аялдамадан екіншісіне жеткенше неше көлік айдаған әйел адам өтеді екен деп санап тұрдым. Жарты аялдама өткенше шамамен 30-ға жуық көлік өтті, жүргізушісі – әйел. Тағы бір байқағаным, астындағы темір тұлпарлары осал емес. Көбісінікі қымбат көлік. Олар “либо лучшее, либо ничего” деген саясатты ұстанса керек.
Аталмыш статистикамның тез аяқталуының себебі, көзім талып кетті.
Керекті аялдамамнан түскен соң үйге 1 кварталдай жүру керекпін. Ендігі статистика нысаны джинси киген жандар болды. Үйге жеткенше 39 адамды көрдім джинси киім киген. Үлкені де, кішісі де қалыспайды. Елді қайтем айтып, өзім де жақсы көрем джинсиды. Мдаааа, әлі суық түспеді жаз мезгілі дегеннің өзінде осылай. Күн суыса стастистикам екі еселенеді-ау. Кеңес үкіметі кезінде адамдар қалай өмір сүрген джинсисыз а?
Ал басқалар қалай жол қысқартар екен?
Әрі қарай