" Көңіл күзі "

Тосырқанып, тежеулеген кезім бұл,
Жан жарасын жаза алмады сөзім сыр.
Кеудемдегі көңіл күзден айығар,
Көктемінде көктемеді сезім гүл.
Күз де келді көңіл қайта қамықты,
Сары табынан сағыныштың зарықты.
Көңіл атты көмескілеу архивте,
Сол бір жанның бір бейнесі қалыпты.
Санадағы сан сауалдың толғағы,
Асыл елес жанды бейне болмады.
Ажарыңа айдың нұры шағылған, алтын ба едің,
Қадіріңді біле алмаған қолдағы.
Сыздап жүрек, сан күрсінген бұл кеуде,
Төрімдесің тілім бармас тілдеуге.
Сезімнен де, өзімнен де жерініп,
Жырақ жүрмін ел баспаған сүрлеуде.
Әрі қарай

"Күз демі"

Айыбым көп алдыңда,
Кеше алмайсың білем мен.
Өзіңсіз жалыз қалдым ба,
Қабақта қайғы түнерген.

Көңілде тұнған көктемдей,
Жанардан кетті елесің.
Жазғырмай мені, кектенбей,
Түсіме күліп енесің.

Алтындай нұрлы сөніп күн,
Аспанда жұлдыз қаптайды.
Сынық бір сезім, сеніп мұң,
Алдамшы арман бақ- қайғы.

Есіңде болар сол бір күн
Жүзіңді көрдім соңғы рет.
Күрсінген сайын тәтті мұң,
Көзіңнен тамды мөлдіреп.

Өкініш болар сол шақтай,
Көңілім бұлтқа көміліп
Мөлдіреп тамды моншақтай
Аспанда тұрды егіліп

Жуынып жасқа жанбырға
Ақ жүзің айдай толықсып
Лағынет айтып тағдырға
Қоштастық бізде қол қысып

Жазғандай уақыт жараны
Ағылып күндер тізбегі
Көңілім қайғы қаралы
Жауратар жалғыз күз демi
Әрі қарай

Сол бір жанға.

Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен?Өткен күнің елесі әлі есімде.
Мен өз жүрегімдегі сезіммің махаббат па әлде сағынышпа екенін білмейтін едім.Ойымда қашаннан бері сол бір жанға хат жазу жүргенімен жүрексінетінмін.Күздің әсері ме?әйтөгір бүгін сол істі нақты қолға алмақ болдымдым.Хатты былай бастадым.
-Бұл хат кеше ойланып, бүгін жазыла салған хат емес.Неше рет жазып,қанша рет жыртылған.Арман қиялмен неше түнгі ойлар, арман жетегіндегі кездесулер, бақытты шақтар.Сіз менің қиялымдағы ең жақын адамсыз.Жүректен жететін нәзік үнге құлақ тосып көргенде жадыңда өрнектелген аяулы сезімге деген құштарлығын да арта түсетіндей.Шіркін ай деп армандап жүргеніме де коп уақыт болыпты.Сіз бен менің арамызда, аспан мен жердей айырмашылық бар екенін жақсы білем, Сізбен жүздесіп бар арманымды айтқым ақ келет, бірақ менің түсінгенім өмір таусылмайтын бірақтардан тұрады екен.
-Деп аяқтадымда,үстел үстіне қойа салдым.Ол хатты жыртпадым, бырақ хатты жібермейтінімді, сол жанды іштей мәңгі жанымда сақтайтынымды білдім.
Әрі қарай

Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Әрі қарай

Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Әрі қарай

Сенген қойым сен болсаң

О, алтын күз! Бір жылда төрт рет ауысатын жыл мезгілдері өзіне тән ерекешеліктермен адамға әсер етеді. Жаз бен қысқа қарағанда, күз бен көктем сезімге толы шақтар екені жарланып келе жаталы қашан. Көктемде гүлдеген сезімдер, күзде солып жатса, бұған да таң қалуға болмайды. Адам өміріндегі тәтті шақтарды еске алуымен өмірін гүлге теңейді. Сол күзде сол адамға жолықпағанда, деп кейде ой келеді. Кейде осылай бойға қайрат берілгенімен, жүрек әлсіздігіне лағнет айтқың да келеді. Әлде тым әлсіз шығармын. Аз көрген шығармын, содан да жылауық болармын. Сол өткен күндер, өткен түндер сен тамаша едің, сол кездері айналадағы адамдардың бәрі мейірімді, өмірдегі сан шыңдар оңай алынатын дүниелер болып көрінетін. Қырсық шалған сол күзге өкпелімін деп шағымданудан басқа не шара бар.
Дамылсыз соғылған кеудеңдегі жұдырықтай жүрек аузыңа тығылып, сөзіңді әзер айтып, алдыңдағы адамды арман аруға теңеген бозбала шақ, сезімге толы қызық та сол кездегі мен үшін өзінше ауыр шақ.
Қарап тұрсаң, бәрі бар. Киім де, жағдай да, ақша да, туған-туыс, аға-іні, апатай-қарындастарың да бар. Енді келіп, махаббат бастағың келіп кеудеңде дамыл жоқ. Жоқ мүмкін бұл махаббатың не екенін түсіне алмай, көзсіз барып ғашықтықтың көкеі осы екен деп кітаптан оқыған жазушының сандырағындай болуы керек деген қағиданы ұстанамын деп адасқаным болар.
Бүгін ше.? Бүгін, сол кездегі маған да, оған да арман болған тәкәппар қыздардың маскалары ұшқан іспетті бір жағымсыз сезім кернейді. Сезіміңді таптап, әлсіз жүрегіңі одан сайын езгілеуден еш жері бүлк етпейтін «сүйген» адамдарыңмен, бүгінде тек бетіне мырс мырс күліп, бір саусақты ішке тығып, арамза қатынаспен өмір сүру қалыпты жағдай.
Қайда сол әнде жырланған арулар, біз неге сол романдағы әдемі суреттелген махаббатқа жолықпаймыз?
Бірақ, ақкөңіл де ұяң мінезбен талай қасқырдың жемі болған мына жүрек, ендігәрі ешкімге сене қоймас. Көңілді қалдырғандарың үшін, тәкәппармын. Жанымды ауыртқандарың үшін, мықты болып қайралудан басқа амалым жоқ. Қорқа қорқа, батыл да болдым. Қанша жақынмын деген достарыма да ешқашан сенбеймін.
Әрі қарай

Жүгері жейсіз бе?

Бала кезімізде күзді күні ауылдың айналасына егілген бидай, күнбағыс, жүгері алқаптары жайқалып тұратын. Біздер, яғни маңайдағы ұсақтар, шыдамай, бір-бір велосипедке мініп алып, егістікке барып, шала-мала піскен жүгері собығын шетінен ақырын үзіп, үйге әкеп, пісіріп жейтінбіз. Тұз сіңіп піскен бұрқыраған иісі де керемет еді…
Әрі қарай