Веб-комикс: "Исаның екінші келуі"

2011 жылғы блогкемпте «Веб-комикс» тақырыбына презентация жасап аудиторияны аздап езу тартқызғанымды біреу білсе, біреу білмес  Сол кезде қазақша веб-комикстерді тұрақты түрде жасап тұруға сөз де берген болатынмын   Өзге қолданушылар да бұл идеяны қолдап, тіпті дайын онлайн-сервистерді пайдаланып жариялап та жүрдік. Аз-мұз комикстерімізді осы қауымдастықтан көре аласыздар. Кейін интернетте түрлі мемдер көбейіп, веб-комикстің қарқынын басып тастаған сыңайлы. Сонда да сол бұрынғы кезді еске алып Сатыбалдының бір сюжетін сәл қысқартып комикс жасадым. Бұл жолы дайын сервис пайдаланбай, комиксті Corel Draw бағдарламасында өзім салдым. Қабыл алыңыздар!

Сейітқали Меттерних. «Исаның Екінші Келуі»

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Әрі қарай

Джеральд Стокпоул: Комикс түрлі өнерді тоғыстырады

Джеральдпен танысуымның өзі қызық болды. «Ағылшын тілін үйренушілерге арналған «EnglishClub» сайтының қолданушысы едім, жақынырақ таныссақ» деп электронды поштама хат жіберіпті. Екеуміздің таныстығымыз осыдан басталды. Ол маған Мексиканың Монтеррей қаласында дүниеге келгенін, әйелі, ұлы бар екенін айтқан еді. Уақыт айырмашылығына байланысты көп уақыт хабарласа алмадық.  Ұлы бір жасқа толған күні құттықтаудың сәті түсті. Әңгіме барысында комикс салумен және мультипликациямен айналысатынын айтып қалды. Екеуміздің арамыздағы аз-кем сұхбат осылай өрбіп еді...

– Карикатура салуды қанша жасыңнан бастадың?
– Алғаш рет 5 жасымда қолыма қалам ұстап сурет сала бастаған екенмін. Бала күнімде көбіне теледидардан көрген мультфильм кейіпкерлерін салатынмын. Флинстоун, Смурфтар, Тандер мысықтары, Симпсондар, адам сенгісіз Халк және Өрмекші адам секілді мультфильмдер менің бала күнімдегі ең сүйіктілерімнің бірі еді.
Әрі қарай

комикстер көрмесі

АКУ аруымыздың вебкомикстер жайлы презентациясында болғанмын Блог құрылтайда. :) Негізгі идея жақсы, қазақ тілінде болса қазақи қалжыңмен, әлде бір ертек желісі ретінде болса тіптен жақсы. Сол жерде біраз қызықты ұсыныстарда болып еді. Түсінбегенім – Тұрсынбек болды)))) меңгереалмай қалатын мен шын түсінбедім. Әлде қатты дамып кеткен аудитория болды ма екен ;)

нарутоМысалға Наруто сондай атақты болып кетті. Көбі сол әу баста комикстерден басталды ғой… Мүмкін біздің де өз қаһармандармыз болып қалар?! Тек анайы түрде дамып кетпесе екен…

Комикстер… не айтуға болады? маған өте қызықты тақырып. Себебі сурет салған адамның өнерін тамашалау мен үшін бір бақыт. Мейлі ол қолмен не комппен салсын. Бәрбір үлкен өнер!
кішкене кезде ол не екенін білмесем де осы комикстерге қатты қызығыппын :)

Қазір ғо инетте іздегеніңді табасың. Ол кезде қол жетімділік жағы аз етін, әлде Пиар жетіспеді ме, кім біліпті :(

Кейінірек, Лиза т.б. журналдарла фотография бойынша комикс деуге келсе… соларды да оқитынмын. Қызығы, фотографиямен астындағы жазу сәйкес келеді ме деп эмоцияларға мән беретінмін :)

Төменде жылда өтетін студенттердің комикс көрмесінің суреттерін салмақпын. Негізі 3 сәуір ашылуы болған. Мен бара алмадым. Кеш болсада кеше/бүгін сол жақтан шықпай қалдым. Негізі жылда болып тұрады. Жастарға қарап таң қаласың, білімді+ақылды+өнерлі сондай :) былтырда болып едім осы көрмеде. Енді суреттер сөйлесін!

көрменің жалпы көрнісі

:)

қиын туынды қатты ұнады

юмор :) сол жағындағы жазуын оқыңыз оқи алсаңыз ;)

нау енд 2D, 3Dлармен салынған болса керек, Ажь эффектері анық көрніп тұр, түстері қанық!

Алдар көсені жас бала қылып салыпты(салған авторда 15 жасар Раушан), мен тек Атай* ретінде елестетуші едім)))

тема КОРЕЯ уряяя))) қолтаңбада корейше қойылған ;)

көріп отқанымыздай, өте сауатты жазылған ҚАЗАҚША комикс, міне осы дәрежеге жетсе ғой ;)

Ал, сізге қандай темадағы комикстер ұнайды?
Әрі қарай