Жолы болу ма әлде, өмір заңдылығы?

Мен бүгін осындағыларға бір жігітті таныстырсам деп едім. Есімі Алишер. Баяғыда колледжде бізден бір курс төмен оқып еді. Әкесі бай деп естіген едік. Екінші курста оқу үлгерімінің нашар болуына байланысты оқудан шығып кетті.
Әрі қарай

Тұңғыш рет, бірінші болып...

Тағы да “Блогкэмпті” сөз қылады деп ойлап қалмаңыздар. )) Өркеннің тақырыбын ұрлап алдым. Басыма осы тақырып қайта-қайта келіп тұр. Тұңғыш рет деп Азия клипін қазақша субтитрмен, бірінші болып бізге Жанна (Алтыградус) ұсынып отыр. Орыс сайттарында орысшаға аударылған клиптер жетерлік. Ал қазақшаға аударған әлі ешкімді көрмеппін. Біз де елден қалысамыз ба? ))
Әрі қарай

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Хип-хоп қауымдастығына қош келдіңіздер!

Қош келіпсің, оқырман!

Сайттағы контенттің алуандығына үлес қосу мақсатында осы қауымдастықты ашып отырмын. Бұйырса, осы жерді енді хип-хоп туралы мәліметтермен толықтырып тұратын боламын, жалқаулығым ұстап қалмаса :)
Хип-хоп дегеніміз рэп қана емес екенін бірден айта кетейін. Оның ішіне граффити, брейкданс, эмсилік, диджейлік сияқты төрт элемент кіреді. Битбоксты да хип-хоптың бесінші элементіне жатқызып жүр. Негізсіз де емес, негізі :)
Көп сөзді қайтемін — опшым, блог осылар туралы болмақ :)
Әрі қарай