Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)

Блог - VKM: Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)
Сәлем, достар! Мен жасырғалы отырған адамды барлықтарыңыз жақсы білесіздер.Білімді, ақылды,өнерлі, жан-жақты адамды керектен көріп,қатты қуанып,өзім үшін «ашқанмын».Қазір көп кірмейді, бірақ анда-санда кірсе де,әр нәрсеге өз ойын ашық жазады. Сонымен, сұрақтар мен жауаптар:

1. Қазақстан 2030 деп жүріп,2050 болып кеткені туралы өз ойыңды жазшы.
Отсрочка алудың амалы шығар.
2. Депутат болсаң Қазақстанда білім алу саласында нені өзгертер едің?
Бүйтер едім, сүйтер едім деп айта салуға болар еді, бірақ қалай? Білмеймін, оны депутат болып жатсақ көрерміз.
3. Жеке өміріңде не жаңалықтар болып жатыр? Ғашықсың ба?
Ғашықтық дегеннің өзі не? Менің ара-арасында жылт ете қалатын сезімдерім ғашықтық емес, жай қызығушылық сияқты. Сондықтан ғашық емеспін.
4. Сатыпалдыға мінездеме берші)))
Былай ақкөңіл, жақсы адам сияқты. Әдейі өзін ішкіш, оңбаған етіп көрсететін тәрізді. Шын өмірде намаз оқитын иманды жан болып шықса таң қалмаймын.
5. Керекте не ұнайды, не ұнамайды???
Соңғы кезде флуд көбейіп кеткен сияқты. Ал жалпы ұнайды бәрі, қазіргі эстафеталар да.
6. Керекшілерге айтар тілегің…
Ашық аспан, мол бақыт, зор денсаулық. Виртуалда ғана емес, реалда да жетістіктерге жете берсін, биіктерден көрінсін!

Ал, кеттік!!!
Әрі қарай

КӨКТЕМ келді



Бүгін көктемнің бірінші күні және инетте жүр, Дүниежүзілік мысықтар күні деп.
Келген көктеміміз әдемі болсын, бақыт пен шаттыққа, махаббатқа толы болсын!

P.S.Керекшілер, белсенділік қайда кеткен? Анда-санда көрініп жүрсеңіздерші.
Әрі қарай

Студенттер күні

Бүгін орыстарда Татьянин день.Студенттер күні.
Студенттік өмірлеріңізден 1 сурет қойып,қандай жағдайда түсірілгені туралы жазайық))))
Әрі қарай

Ет пати



«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрі қарай

Домбыра Тарту-4

Алдарыңызда кешегі өткен Домбыра кешінің суреттері мен видеолары.
Жалпы кеш әдеттегідей қызықты өтті. Кешті ОРТ Евразия телеканалы түсіріп бүгінгі жаңалықтарына шығарды. Бұйырса ертең 1tv.kz/kk сайтына видео нұсқасы шығып қалады.

Домбыра Думан
Астаналық керекші қауым.
Әрі қарай

Танымал кино кейіпкерлері және КерекИнфолықтар

КерекИнфолықтар кімге ұқсайды немесе образдары қай фильмдердегі кейіпкерлерге ұқсайды? Қызыққа осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

«Интерны» сериалы көпшілікке таныс шығар деп ойлаймын. Осы сериалдағы аурухананы КерекИнфо деп алатын болсақ, кейіпкерлері кімдер болар еді?


Ақылды, циник, шешен, жастарды тәрбиелеуші Гастарбайтер


Ұтқыр ойлы, ауыр әзілді, алқаш, айлакер еврей Сатыбалды
Әрі қарай

АКУ мен кездесу не керекшілердің жиылысы :)))

Күздің соңғы күнін керекшілердің жиылысымен Сити кафесінде шығарып салдық . Жиылысымыздың басты себебі астанадан АКУның келуі болды . Мадлен хабарлап, біраз керешілердің басын қосып, керекті әңгімелер айтып пиццаның түр-түрін жеп қайттық қой. Келмегендердің іші күйсін енді. Айтпақшы үлкен құпия белгілі болды, түшшш Жалғас саңырауқұлақ жемейді екен . Сол енді, аздаған суреттен алып отырыңдар:
Әрі қарай

Тағы бір жиын

Өткен ай Атырау керекшілері үшін, кездесулерге толы ай болды. Ендігі керек кездесуін үстіміздегі айдың 17- ші жұлдызына, Мақпалдың вахтадан қайтар шағына жоспарлаған болатынбыз. Амандық болса 2 күн уақыт қалған екен. Осы кездесуге кімдердің қолы тиеді екен, Мақпалдың өзінің жоспарлары қалай екен деген ниетпен жазып отырмын.
Әрі қарай