"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Кереку

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Астанадан қазақтілді блогшылардан Көкбөрі екеуміз баратын болдық. Мен 10 шақты рет блогтурларға шыққам, Көкбөрі бірінші рет :) Содан қобалжыған ба, әлде басқа да себептері бар ма түні бойы ұйықтамапты ол сабазың :)
Таңғы 7.10-да ұшқан ұшақ 8.30-дарда барып қонды. Қалған блогшылармен сол жерде таныстық. Аттарын сырттарынан ғана естігеніміз болмаса, жүзбе-жүз бірінші рет көрдік.
9-дар шамасында «Чайка» деген қонақүйге жайғастырды. Мұны көрген Көкбөрі «чайкуеемм» деп ыңылдап қойды. Ішімнен мырс еттім әлбетте :) Бірінші рет келіп тұр ғой. Мұның өзі үлкен жұмыс екенін қайдан білсін сабазың :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Кереку


11.30-дарда шығамыз деген соң, қаланы сәл де болса көріп шығайық деген оймен көшеге шықтық. Астанаға қарағанда салқындау. Жаңбыр тамшылап тұрды. Біз аралап үлгерген жерлер қала шеті ғана болды. Көшелерінің бәрі орысша жазылған. Бірақ, 2-3 адамнан жөн сұрағанда қазақша жауап алдық. Қас қылғандай сол күндері музейлердің ешқайсысы істемейді екен. 2 музейді тек сыртынан суретке түсіріп кеттік. Қала адамы аз, кептелісі жоқ тыныш қала болып көрінді. Көп аралай алған жоқпыз…

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Деректер өңдеу орталығы

«Святая из святых» дейтін ба еді орыстар? :) ТМД-дағы ең үлкен деректер өңдеу орталығы Керекуде 2012 жылы ашылыпты. TIER III стандарты бойынша соғылған нысанда профилактикалық жұмыстарды нысан жұмысын тоқтатпай ақ істей беруге болады. Нысан 2,5 м қабырғамен, тікенек сымдармен қоршалған. Күзеті мықты. Қызметкерлер тек арнайы рұқсатпен ғана белгілі бөлмелерге кіре алады. Тек техникалық қызметкерлер мен программашыларға ғана барлық бөлмеге кіруге рұқсат етілген. Режимдік нысан болғандықтан іште суретке түсіруге рұқсат етілмейді.
"Қазақтелекомның" республика бойынша осындай 16 дата орталығы бар екен. Ең үлкені және ауқымдысы осы Керекуде орналасқан.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

«Ромат»

… бұл Қазақстандағы туберкулезге қарсы дәрі шығаратын фармацевтикалық компания аты :) Дəрі бүкіл Қазақстандағы туберкулезге қарсы ауруханаларды қамтамасыз етіп отыр. Дəрі — ПИРЭФ-4 деп аталады. Зертханаға халат, маска киіп… тіпті гаджеттерімізді стерильдеп кіргізді. Компанияда тек бұл дəрі емес, бəріміз күнделікті қолданатын аспирин, ацетилин қышқылы секілді дəрілер де жасалады екен. Айтпақшы, осы жерден 60,100 градустық таза спирттерді көрдім ;) ішіп көруге рұқсат бермеді :(

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку

Филиалда 1500 қызметкер жұмыс істейді. 408 ауылдың 405-і телефонмен қамтамасыз етіліп, 372 ауылға интернет кабельдері барып тұр. Қалада оптикалық желімен 676 көпқабатты үй, 923 жеке үйлер, 58 заңды тұлға мен 75 оқу орталықтары қамтылған. Жыл соңына дейін Кереку, Екібастұз және Ақсу қалаларында FTTH желілері іске қосылады. Бұл дегеніміз — аталған үш қаладағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде 37 wifi нүктесі болады деген сөз.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Кереку
Қарағандыда болған кезімде де осындай id-орталықтар көргенмін. Әр қалада бар секілді ;) Бұл орталықта "Қазақтелекомның" барлық қызметтерін «көзбен көріп, қолмен ұстап» көруге болады. Пайдалануыңыз ықтимал қызметіңіздің жылдамдығын тексересіз. Бірнәрсе түсініксіз болса, үнемі жымиып жүретін менеджерлер бәрін түсіндіріп береді.
Негізгі офиста қаптап жатқан кабинеттерден бөлек, тек id-орталық қана емес, қазақ тілі кабинеті де ұнады. Шатаспасам, әр сәрсенбі, жұма күндері қазақ тілі күні. Яғни осы күндері арнайы жасақталған қазақ тілі кабинетінде оқулар жүргізіледі.
Ал ол қызметкерлерге не үшін керек?! Хехе, ең қызығы осында. Жыл сайын қызметкерлер тест тапсырып отырады. Тіл білімі белгілі бір балмен өлшенеді. Жетпейді ма? Фью :) Маған ұнағаны, қазақ тілін жалпы емес, топтарға бөліп оқытатындығы болды. Яғни, орыс немесе басқа ұлт өкілдеріне бөлек, орыстілді қазақтарға (яғни түсінетін, бірақ сөйлей алмайтындар) бөлек оқытады.

Керекуде көргеніміз осы болды :) Кешкі 7-8 дер шамасында бөлмемізге оралдық. Ал ертеңіне… ертеңіне 5.30-да ұйқыдан тұрып, Семейге бару керек еді :)
Әрі қарай

Шыршалар қанша тұрады?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?

Өткендегі Керекудегі шудан соң осы тақырыпқа қызығушылығым артты. Сұрастыра бастадым. Әріптестерімнен сұрай отырып толық болмаса да біршама облыстардың жаңа жылға әкімшілік қанша қаржы құйғанын анықтағандай болдық

Алдымен Кереку

… Ия, ия сол алдымен шу шығып, соңыра жанама болса да әкімнің кетуіне себепкер болған шырша бағасы бәріңіз білетіндей 38 млн теңге тұрады екен. Кейінірек, тиісті адамдар ол сома 38 млн емес, 16,7 млн екенін, үстіндегі жұлдызы — 600 000, Аяз ата ескерткіші — 400 000, «механизмдерді басқару» — 1,5 млн теңге тұратынын айтты. Қызық, не механизмдер?

Ақтау қаласы — шыршаға 15 млн шамасында ақша жұмсапты. Жалпы қала бойынша 21 шырша тігіледі екен. Аз ақша емес… Алайда, 38 млн-ның қасында құдайға қараған әкімшілік екен деген ой келді.

Қарағандыда осыдан 2 жыл бұрын 8 млн-ға сатып алынған шырша тігіледі. Тәуелсіздік алаңына орнатылатын шыршаның биіктігі — 25 метр. Биыл реставрацияға — 700 000 теңге жұмсалыпты. Ресми ақпараттарында — 700 000-ға алғандай қылып көрсеткен әрине… Бірақ… шындықтан алшақ емес қой…

Ақтөбе қаласындағы ең биік шырша биыл Тұңғыш Президент паркіне орнатылды. Биіктігі 30 метр. Диаметрі 13 метр. Жұлдызшаның биіктігі 1,5 метр. Құны 7 миллион теңге. Демеушілердің қаржысына 2012 жылы алынды. Биыл да сол шырша орнатылады. Жаңасын алған жоқ. Бюджеттен қаржы кетпеген… Құптарлық іс…

Бюджеттен қаржы кетірмей жаңа жылды тойлау тағы бір өңірде бар. Атырау әкімдігі шыршаға ақша шығарып шашылмайды екен. Биыл қалаға 22 шырша құру жоспарланған. Оның 20 сы көшеде, алаңдарда, 2-і Жайық өзенінің үстінде, бірақ мұз әлі қалың қатпағасын құрмаған, оны желтоқсанның соңғы күндері де құрады. Ал, осы 22 шыршаға қаржы бөлушілер, осы Атырауда қызмет етіп жатқан Шетелдік және Отандық ірі-ірі компаниялар мен кәсіпкерлер.

Қостанайда да осыдан 1 жыл бұрынғы шыршаны қойыпты. Тек бикітігін 1 метрге өсірген. былтыр шамамен 5-6 млн-ға жуық ақшаға сатып алынған деді.

Орал — 1 млн қаржыға осыдан 3 жыл бұрын сатып алынған шыршаны пайдаланбақшы. Ең үнемшіл қала Орал? Ары қарай кеттік…
Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Бірақ, рекорд Шымкент қаласында. Bag.kz биыл — 270 000 теңгеге тәп-тәуір шырша тігіпті деп жазса, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтындабюджеттен шығындалмадық депті. Ашылуына 500-ге жуық Аяз ата мен Ақшақар қатысыпты. Дереккөз ретінде әлбетте ресми сайтты пайдалану керек шығар…

Ал шет елдерде?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Украйнаның Харьков қаласында да бюджеттен қаржы жұмсамаған. Биіктігі 36 метрлік (былтырғысы — 30 метр) шырша тіпті Мәскеудегі шыршадан да биік екен.

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Петербургте де қымбатқа түсіпті. Шамамен 67 млн-ға түскен (13,5 млн Ресей рублі). Ол қалада тіпті «тірі» шырша ма жоқ әлде жасанды шырша тігіле ме деген сұраққа біршама дау туып, әлеуметтік желілер арқылы дауыс берілген. Жасанды шырша үшін — 10 092, «тірі» шырша үшін — 6 635 адам дауыс берген. Шырша бағасы туралы сол жердің блогшылары тиынына дейін есептеп, мұнан әлдеқайда арзанға алуға болатынын айтуда.

Өкінішке орай, Мәскеу шыршасы туралы ақпарат таппадым. Алайда azattyq.org-тың айтуы бойынша, Мәскеу шыршасына 30 млн, Киевте — 50 млн теңге шамасында қаржы жұмсалған екен.

Жалпы тапқан мәліметтерім осы болды
Қызық… Астана мен Алматы қалалары қанша жұмсап жатыр екен?!..
Әрі қарай