d(-_-)b

Сонғы кезде мына 26 жасар Элли Гоулдинг өзінін туындылармен қуантып жүр. Жана күйтабағын тындап, ұнатып қалдым. Мына ән күйтабақтын ішіндегі ен сүйіктісі:



Екінші ұсынғалы отырған ән, Латын Америкада желтоқсан айынын ен үздік әні:



Үшінші ән, ұялы телефонымның қазіргі рингтоны:

Әрі қарай

introduction...

Алғашқы қадам әрқашан қиын келеді. Дабайдағы екінші постым осы. Жалпы блог деген жақсы ғой. Бір блоггер айтқанындай: «Алғашында мен бұны тек, жұлдыздар мен танымал адамдар ғана жүргізеді деп ойлағанымын»,-деп еді. Мен де солай ойлап едім… Кешке теледидар көріп отырып, 7 арнадан On.kz сайтының жарнамасына ілініп, алғаш рет сонда тіркеліп едім. Расында Он.кз әлеуметтік тордан гөрі блоггерлермен толысқан. Сонда бастап едім блог жазуды. Ә дегенде не жазарын білмей, Дәурен Қуат ағама жіберген мақаланы жарияладым. Алғашқы пікірлер, алғашқы ойлар… Ақырындап сіңісіп те кеттік. Түсінбегенді Жалғас Ертайдан сұрап отырып (ол кезде «бастық» «онбағанның» басы-қасында жүр еді), үйреніп отырдым. Қарашаның басында «дабайлаған» бір-екеудің сөзін түсінбедім. Дабайы несі деп қойдым))) Қазір өзім дабайлап отырмын. Бұл постты не айтары да, не берері де жоқ. Жәй жаздым. Алдағы күндері «серьезный» пост жарияламақпын, тақырып ескерткіштердің сапасы мен мәніне арналмақ деп анонс беріп қояйын)
Әрі қарай