Ілмектерден іздеу
"Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!"
2011 жыл. Қарасуық қараша айы. Батыс Алаш Орданың астанасы болған — Жымпиты. Қазіргі Сырым елі.
Үбеннің шешесі келіні кіріп келсе мәз-мейрам, еденде жалаңаяқ секіріп тұр дейді. «Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!» деп…
Р.S. Үш күн бұрын үйіне газ (!) өткізіп біткен болатын апамыз
Әрі қарай
Үбеннің шешесі келіні кіріп келсе мәз-мейрам, еденде жалаңаяқ секіріп тұр дейді. «Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!» деп…
Р.S. Үш күн бұрын үйіне газ (!) өткізіп біткен болатын апамыз
Қадырсыз қадіріміз қашпаса ғой...
Иә, келмек болғасын, кетпек те бар. Бәріміз Оған нәсіп болған сәтте аруланып аттанармыз. Өмірден Қадыр аға Мырзалиев озды дегенді естіп қалдым. Қазақ Қадырсыз қалса да, қадірсіз қалмаса екен деген ой жылт ете қалды. Әй, бірақ қара өлеңіңнің Қадыры кетіп қалды-ау… Сахнаға ең алғаш домбыра алып шыққанымдағы шырқағаным Қадыр ағаның "Қазақтарды шетелдіктерге таныстыруы" еді. Тоғыз жасымда Республикалық орталық телевидение төріне мені жетелеген ән, тұсауымды кескен ән Қадыр ағаға тиесілі еді.