Талғампаз

Кәміссия шалым тексерістің үшінші күні салсын ылаңды! Қылық шығарсын кеп! Таңғы үш жарымда! Алдына – қазы-қарта қойып, астына – құс мамық төсеп, жүріс-тұрысына – басекемнің қимай, кейде өзі де мінбей қаңтарып қоятын S-класс көлігін беріп қойған біздер, енді құдай қай тұстан ұрды деп абдырап қалдық. Ендеше сол: шалым қонақ үйде бұрынғы махаббатын кездестіріпті де… он жыл ұсталған «Шардоне» шарабын ұсыныпты!
Әрі қарай

МР3 жинағын жасау

Братан бір әскери тапсырма берді. Таңғы 5-терде ауылға қарай шығып кетпекші екен, соған жолда тыңдап барғанға бір диск жасау керек болып тұр. Бар орын — 8 ГБ (толтыру міндетті емес, көлемі 1 ГБ немесе 2 сағат ойнап берсе жетіп жатыр). Мүмкіндігінше қазақша әндерден. Шарттары:
— ойбайлаған мұңды әндер болмауы керек.
— ұйқыны келтірмейтін, ішті пыстырмайтын сергек (тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да «бодрый» :)) әндер болуы тиіс.
— жаңа шыққан әндер болуы өте-мөте құпталады.
Кімде қандай ұсыныс бар? Мәшинеде қандай әндерді тыңдаған жақсы?

Алдын ала рақметімді айтамын.
Әрі қарай

Ең көне заңнамалық актке - 5 000 жыл!

Уа, заңгер қауым, денсаулық, бақыт және Өзбекстанның ирригациясы үшін кеше алдырып қойып, бүгін ішуге сылтау таба алмай отырсаңдар, міне сендерге сылтау! Очм бүгін, қазіргідей қаптаған заңнамалық жыныстық акттың орнына — бір-ақ түйір заң шығарған Хаммурапи амигоның алқашқы заңына — тура 5 000 жыл толып отыр! Қуана-хуана назарбтарыңызға сол
Әрі қарай