Аралас жекпе-жек өкілі Арман Әшімов: Күрес әрбір қазақтың қанында бар!

ҚР ММА кубогының жеңімпазы, К-1 бойынша Қазақстан, Еуразия және Еуропа чемпионы, «Алаш Прайд» турнирлерінің қатысушысы, аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Арман Әшімов 10 қараша күні Мәскеуде өтетін М-1 Challenge 85 халықаралық турнирінде еліміздің намысын қорғайтын болады.
Бұған дейін Ингушетияда өткен М-1 Challenge 81 халықаралық турнирінде Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта сұлатып салып, еліміздің мерейін үстем еткен болатын.
Алдағы Мәскеуде өтетін тартыста отандасымыз өз саласында осал емес, осыған дейін 18 жекпе-жектің 16-ында жеңіске жеткен, оның 10-ын нокаутпен алған бразилиялық спортшы Родриго Мелониоға қарсы шығады. Қазір жекпе-жекке қарқынды түрде дайындалып жатқан Әшімов «Күрес әрбір қазақтың қанында бар, мен де барымды саламын» дейді.
М-1 Challenge 85 халықаралық турнирінің тікелей көрсетілімін көрермендер 10 қарашада түнгі 00:30-да Еуразия бірінші арнасынан тамашалай алады.















Интернетте респектке лайық адамдар туралы небір мотивациялық посттар, суреттер, видеолар, т.б. материалдар көп қой. Бірақ басқа тілдерде. Мен де осы бір жігіт туралы қазақша жазайын дедім. Таныс болыңдар:
Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр
Strikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.