Өсімдік тілі - тілсіз тіл

Блог - ademi_alem: Өсімдік тілі - тілсіз тілБір қарағанда олардың сөйлейтін тілі, көретін көзі, еститін құлағы, иіскейтін мұрны, қысқасын айтқанда ешбір сезу мүшесі жоқ болып көрінеді. Сол себепті де оларды таптап өткенде немесе тамырымен жұлып алған кезде жүрегіміз дір етіп, бойымызда аяныш сезімі пайда болмайды. Ал шын мәнінде олардың жасы адамзат жасынан әлдеқайда үлкен. Олар жануарлар эволюциясын, жердің беткі қыртысын өзгерткен. Олар біз біле бермейтін сан түрлі қасиетке ие. Керек болса Сізді емдеп, ыстықтасаңыз — сая, тоңсаңыз жылу сыйлап, қарныңыз ашса азық бола алады. Ал жөнді-жөнсіз „жанын жаралай„ берсеңіз, Сізден өш алып, өлтіреді! Бұл жазба жер планетасының жаны, һәм ақылы – өсімдіктер туралы болмақ.
Әрі қарай

Ұнайды-Ұнамайды менен де

Ұнайды:
Кешкі уақыт, Фэйсбук, гталк, кеш ұйқтау, мысықтар, жапон-кәріс дорамалары, анимелер, медицинаға қатысы бар сериалдар(Клиникадан басқа), триллер, детектив, Мэт Дэймон,Yiruma, George Winston, Tohoshinki, мачча латте, мачча балмұздағы, маччамен любой нәрсе,ұсақ гүлдер, Asiana airlines, Инчон аэропорты, Фукуока қаласы,Waseda университеті, Лермонтов, Булгаков, КазҰУ қалашығы, Тимирязевадағы ботаникалық бақ, Абай ОБТ, Достық, Абай, Тимирязев көшелері Алмаарасан, Шымбұлақ, Көлсай, Семейдегі Невзоров музейі, күйлер мен дәстүрлі әндер, жапондардың шыдамдылығы сосын жалпы сабырлы адамдар, «сэйл» кезі (жаңа жылдан кейін сосын тамыздың ортасы)) Weekend by Burbbery, Burberry-дің барлық дерлік әтірлері, Dior Addict2, Pleasures by Estee lauder, Guerlain-нің помадалары,Toshiba ноутбуктары мен планшеті, VAIO-лар, Casio фотоаппараттары, бисер жасау, жалпы ұсақ-түйек бірдемемен айналысу, Жапонияда киімді үтіктемей ақ кие беруге болатындығы, ашық түсті киімдер (мыс: ядовитояркий жасыл мен көк))қарақат сосын шие тосаптары, айранға тосап қосу,құртпен шәй ішу, профессорлармен салиқалы сұхбат құру, сосын қыздармен girls talk жасап, мысалға бір помаданың қасиеті туралы бір сағат әңгіме айту))
Ұнатпаймын:
Күнге күйгенді,Iphone соңғы кезде(келесіде Андройдке көшем), сенбі күні таңертең оятса, демалыс күні таң атпастан тұрып алатын адамдар, одан да ерте жатып ерте тұрмайсыңдарма деп миды ашытатындарды, романтикалық комедияларды, жапонша кітап оқу, жапондардың ағылшынша сөйлегенін, Жапонияның шілде мен тамыз айларын,Қазақстан кеденшілерін, роза гүлін, Коуэльо, ауа райына сай киінбейтін адамдарды, ымға түсінбейтін адамдарды, бір нәрсені жүз айтуды, әтір көп себетіндерді, бөспе адамдарды, көшеге қоқыс лақтыратын малдарды, дінге қатысты дау тудыратындарды,Jadore сосын Шанельдің әтірлерінің бәрін, Моймир ууф брр, агенттегі": )))" деген статусты, Қазақстанда сатылатын барлық чипсыды, бүлдірген(клубника) тосабын
пысы Мачча жапондық өте-мөте қою көк шай
Әрі қарай