Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді.
-Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың?
-Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз.
Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады.
-Олай болса маған төсіңді көрсетші…
Әрі қарай

Жазғы сылбырлық маусымы басталды



Жаз жақындаған сайын интернеттегі белсенділік те азая бастайды. Осы сылбырлық маусымы енді басталған сияқты. Ешкім ештеңе жазғысы келмейді, пікір жазуға да ерінеді

Күзге дейін осылай енді…
Әрі қарай

Душ

Жаз шықты. Енді күннің ыстығына шыдамаған кей ағайындар "Қыс қашан болады?" деген ойға да ерік берері анық. Жаздың ыстығында балалар болмаса ересек адамдар, қыз-келіншектер күнде өзенге барып шомылмасы анық. Оның үстіне барлық ауылдардың маңында ыстықтасаң суды күмп еткізіп сүңгіп шығатын өзеннің жоғы да рас. Осындай сәттерде ауылда душтың қадірі артып шыға келеді.Біздің бала кезімізде солай еді әйтеуір.
Сырт келбеті ауылдың дәретханаларына ұқсайтын,үстінде 200 (көбіне солай) летрлік бөшкенің бүйіріне кранник орнатып қоя салған кабина. Таңертең құйған суың түс ауа жып-жылы болып шыға келеді.Су соратын насостары (мотор) барларға рахат,әлгіні лезде толтырып қоя салады. Кейбір душтардың суы сол үйдің балаларының мойнында. 12 летрлік екі шелекті екі қолына ұстап 10-12 жасар балалар қисалаңдап бөшкенің 200 летрлік болғанына нәлет айтып толтырып жүргені.
Кей кездері сол ауылдың душын да сағынамын.
Әрі қарай

Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Әрі қарай

жаздың тез өтекені/ай :(

жаз болады дегенге іштей дайындығым болады жылда, білмеймін жаздан көп нәрсе күтемін. Прям іштей пландап тастаймын, себебі, көбіне, жаз айында менде депресняк болады екен  неге дейсіз ғой, күн ұзақ өзімді алдаусыратын нәрселер көп болмаса, іш пысқандықтанда депресняк бола береді менде))). Май айына дейін біраз іс тындырамын деп план сызып, қағазға жазып қоям, яғни өзімді қызықтырған курстар, жаңа хобби түрі(ия/ия менде хобби жылдам/жылдам өзгеріп тұрады). Быйыл жаздың күтпеген кездесулерге толы болды, максимум бәріне үлгеруге тырсып бақтым, көп нәрсе үйрендім , ух бұл жазда аса ішім пысқан жоқ. Енді алда күз келеді, бәрі жақсы болса екен сендерде, менде.
Бұл жазда витердегі танысқан адамдар тізбегі, ұмыт болсам кешірім өтінем.
Әрі қарай

Ыстықкөл!

Биыл ойда жоқта Ыстықкөлге барып қайттым. Отпуск кезінде ғой, әрине.

Қоянның жадыраған жазы немен есте қалды десек, Алматыға қанша барып жүрсем де, күлкіңіз келетін шығар, “Көктөбесіне” бір де бір рет бармаған екем. Соның сәті түсіп, “Көктөбеге” бардым. Сосын ойда жоқта Ыстықкөлге үш күнге барып қайттым. Әрине, пысық подружкаларымның арқасында. Кейде подругаларыңның шустрый болғаны да пайдалы екен  Бірақ, үйдегілерге айтпай кетіп, аздап сөгіс естідім.
Сосын, туған жерім дегендей Шымкентке тартып тұрдым. Барсам “ми қайнатар” ыстық. Қайбір күндері күннің ыстығын бәзбір білгіштер +48-ге дейін барды десіп шулап жүрді. +48-бе, +50-ме, бәрібір Астананың салқынына үйреніп қалған басым демігіп қала жаздадым. Күн деген шыжып тұр, көліктің терезесін ашып қалсаң самал соғудың орнына ыстық жел ұратынын қайтерсің. Шымкенттік болғанымызбен таудың саясында өсіп, қаланың ыстығынан аман қалып жүретінбіз. Ал жұмыс істеп жүрген жылдары ұзақты күн кабинеттен шықпай, қас қарайғанда бір-ақ шығатынбыз. Ол туралы айтар болсам ұзынсонар әңгіме болып кетеді. Сонымен, отпускі өтті де кетті. Астанаға келсем күн түнеріп тұр екен. Бірақ, соңғы күндері Астананың қабағы ашылып тұр. Тфә, тфә.

Айтпақшы, Ыстықкөл туралы бұрын онша мән бермейтінмін. Барсам көлдің суы керемет, тап-таза, мөлдір, үңіліп қарасаң түбі көрінеді. Суы тұзды, шипалы екен. Жағасында құмға қыздырынып жатқандардың көбісі Алматы, Оңтүстік жақтан барған қазақтар мен орыстар. Сөздің ашығы керек, әсіресе орыстар көп барады екен. Бізбен бірге бір автобус болып орыс ағайындар барып еді, қайтар кезде де “Қордай” бекетінен бері қарай Ыстықкөлге ағылып жатқан орыстарды көрдім. Орыстар негізі демала біледі. Ал, біздің қазақтың жазы шапқылап той жасап, баласын оқуға түсірумен, құда күтумен, қыстың қамына дайындалумен-ақ өтіп кетеді. Сөзіңе дәлел іздеп әуре болмайсың. Үйге келсем, әпкем мен жездем Кентауға бір тойға кетіпті. Сонда олардың қай кезде демалатынын құдай білсін. Келген соң да қарап жатпады, қызы мен күйеу баласын, құдағиын қонаққа шақырды. Бір жақындары қайтыс болып, соның жетісіне кетті, сосын одан “үһ, аһ” деп шаршап келіп еді, ертесіне тағы бір таныстарының қайтыс болғанын естіп, соған кетті шапқылап. Шымкенттегі әр қазақтың шаңырағындағы тіршілік осы. Бұл бірінші көрініс.

Екінші көрініс, базарға бардым. Астанадағыдай емес, мұнда жеміс-жидек, азық-түлік, киім-кешек бәрі арзан. Аста төк молшылық! Әбден Астананың қымбат бағасына, суықтығына үйреніп қалғандықтан ба, кейде оңтүстіктің халқының пейіліне, еңбекқорлығына риза болып кетесің. Шығыстың базарын аралап жүргендей әсерде қалдым. Жер үйде тұратындардың бақшасында жүзімдер майысып пісіп тұр. Шехеразаданың елі дерсің. Бұл менің біртіндеп астаналық бола бастағаным ба, жоқ өз туған қалама бұрын байқамаған көріністерге енді мән беріп жатқандығым ба, әйтеуір өзім де білмеймін, Шымкентті шырайлы қала деп жайдан жай атйпайтынын түсіндім. Дүйсенбі жұмысқа келген соң, екі күндей “ұйқысырап” әрең жүрдім. Бастығым да сыралғы адам ғой, “Қалай, жұмысқа қолың жүрейін деді ме?” деп сұрап қояды. Біліп тұр ғой, өзімнің каналыма түсе алмай жатқанымды.

Жалпы, айтайын дегенім, осы біз қазақтар демала білеміз бе? Демалсақ та қалай өткеріп жүрміз?
Әрі қарай

Авто стоп!

Бірнеше жыл бұрын қызық* адамды кездестіргенімді айтқанмын :) бір жерде жазғанмын даж ол туралы. Сонау Орал өңірінен «Авто стоп» планымен 1 ай көлемде бүт КЗны аралау арқылы келе жатқанын тансу барысында білдім. Кездейсоқ, «Шәкен жұлдыздарына» кіре салып со жерде сөйлесіп кетіп едік.
Егер осы постымды көріп отырсаңыз сәлемімді жолдаймын :)

Авто стоп — сол жерде бірінші рет кездестірдім, яғни бұрын соңды тек инеттен оқып жүрген «авто стоп» қарсы алдымда отырды. Сұрақтарым көп болды, қойып үлгермедім/ау деймін :) Түсінгенім, батыс+солтүсітікті бітіріп, енді Алматыға келген түрі екен. Көктөбе, Медеу.т.б. жерлерде болып үлгеріпті. Қызығып қалдым, надо же, жақсы идея екен деп… ;)
Әрі қарай