Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернетке қосылған
АСТАНА. Қазанның 24-і. BNews.kz — Қазақстандық мектептердің 98%-ы Интернет желісіне қосылған. 37 % мектеп кең жолақты интернетке қол жеткізіп отыр, — деп хабарлайды Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты (www.pm.kz) ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
«Республика мектептерінде мұндай 3450 кабинет жабдықталған. Бағдарламалық қамту оқушыларды басқаруды, бақылауды, қарым қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, мұғалімге компьютер сыныбындағы сабақтың жүргізілуі барысын қадағалауға толық жағдай туғызады», — деп атап көрсетілген министрліктің таратылған мәліметтерінде.
Ведомстваның хабарлауынша, қазіргі уақытта қамтылу жағдайы 16 оқушыға 1 компьютерден келетін көрінеді.
биллгейтсіңдіссссс, есепке агентке кіретін оқушылар да кіріп кеткен секілді