Елбасы туралы ертегі

Соңғы күндері Роза Ақболатова деген кісі жазған Елбасы туралы ертегі кітап жайлы жиі айтылып жүр. Бақандай үш кітап — «Менің президентім Ақпатша», «Елбасы – Нұрсұлтан», «Золотые яблоки Даригуши». Бұл кісі осыдан 3 ай бұрын бізге де келген еді. Осы туралы жазсаңдар деп кітабын тастап кеткен. Жақында БАҚ беттерінде гулей бастаған соң, не нәрсе деп сөреде жатқан әлгі кітапты парақтамаймын ба. Айтарға сөз жоқ. Авторы жақсы ниетпен жазған шығар. Бірақ, өз басым Президенттің атына нұсқан келтіретін дүние деп ұқтым. Күлкің кеп әрі түңіліп оқисың. Дүмшеліктің де түр-түрі болады екен-ау…
Әрі қарай

Бір орман ертегісі



Аю сиықсыз, маймақ және лас жануар еді. Бірақ, ол сияқты қайырымды ешкім жоқ еді орманда. Бірақ аңдар оны тек түріне қарап бағалаушы еді. Бұл Аюға ұнамайтын, сондықтан ол оларды ұстап алып, аяқтарымен қаттылап тепкілеуші еді. Сондықтан аңдар оны жақсы көрмейтін. Қайырымды болса да. Және көңілді болса да. Ол қызық әзілдер айтушы еді. Сол үшін де аңдар оны ұнатпаушы еді. Ұратын еді оны. Иә, өмірде қайырымды және көңілді болып жүру қиын нәрсе.

Қасқыр да сиықсыз және лас еді. Және ол сондай жауыз және мейірімсіз еді. Бірақ, аңдар оны жек көрмеуші еді және оны ұрмаушы еді. Себебі Қасқыр балалық шағында өлген еді. Өйткені, Аю Қасқырдан бұрын өмірге келген еді. Иә, Жақсылықтың Жамандықты жеңгені қашан да жақсы.
Әрі қарай

Әдемі қыздар туралы ертегі

Біздер қыздарымызды дүниедегі ең сұлу деп, мақтан тұтамыз. Шетелдіктер де, дипломатиялық тұрғыдан ойлайтын болар – мұнымен келісіп жатады. Алайда зер салып қарасақ, бұл қағидамыздың ранчосы шындықтан алыс жатыр, енесстің! Сөйтсек, әдемі қыз деген сөзіміз баяғыда-ақ жалаң фактіден гөрі — құр комплиментке айналып кетіпті, әжесс!

ық-ық, әжесстер… Меніңше, қыздар шын мәнінде — күннен күнге құбыжыққа айналып бара жатыр. Кейбіреулеріне қарап, ең болмаса Квазимодо сынды жар табылса деп жалбарынасың.
Әрі қарай

Айқас. Екінші бөлім: Сиқыршы



Жалғасы. Басы мұнда.

Кто ищет зла, к тому оно и приходит.
Притчи Соломоновы (Прит., 11, 27)


— Тоқтат!

Екі орынтағы екі алып кесірткенің бейнесінде жасалған тақты ауыр денесімен боздатып барып Әмірші орнынан көтерілді.

Қыста суық, жазда ыстық өткізбейтін жорық шатырының іші толы адам. Бас қолбасшы мен оның артында тұрған отыз орынбасары бір тізерлей кеткен күйінде тына қалған. Сықырлатып қару асынған әскери кеңесшілер, үлде мен бүлдеге оранған төрелер үнсіз, иектерін көтеріп, алдарына тік қарауға батылдары жетер емес. Күтушілер мен Әміршнің жеке күзеті де қандарын іштерін тартып сұп-сұр болып алған.
Әрі қарай