Мен көрген жаужүрек балалар - Ермек Тұрсынов бұны көрмесін!!!


Сурет www.kino24.kz сайтынан алынды

Әлқисса, алданып қалудан басталды. «Қазақфильміміздің» күттірген дүниесін қазақшасының үстінен жазылған орысша нұсқасында көру жазылыпты маңдайға. Осыдан-ақ түсіне беріңіз – рухтану, күш алу мен серпілу импульсі түсінілетіндей бәсеңсиді. Едәуір жаншылады.

«Көшпенділермен» еріксіз салыстырасың. Жанры, месседжі мен тағылымы сабақтас болғасын. Бұнысында осал тұстар ескерілгенсігенімен, ә дегеннен кейбір кемшін тұстарын елемейін десең
Әрі қарай

Беременна әйел

Таңертең жұмысқа шықсам, дала аппақ қар, қайтадан аяз тұрыпты. Кеше алдымен жаңбыр, сосын қар аралас жаңбыр, содан кейін қар жауған еді. Ауа-райы да Қазақстанның қазіргі ахуалына пародия жасап, мазақтап кеткен сияқты — әйтеуір бардак пен бәрібіризм нышандарын байқадым табиғаттан.

Очм, не бастарыңды ауыртайын, күртік қарға тайғанақтап (қардың асты мұз еді), аялдамаға да жеттім. Аптауыз кешігіп жатыр, халық біршама жиналып қалыпты. Такси ұстауға бел будым. Қырсыққанда ешкім тоқтамады. Сөйтіп тұрғанда ырғалаңдап аптауызым да келіп жетті. Есік ашылысымен жыртылған қаптан төгілген бидайдай адамдар сыртқа шашылды. Әрең дегенде қыстырылып мініп, лықа толған студенттерді іштей боқтап келе жаттым. Үнемі осы, аптауыздағы халықтың 90 пайызы студенттер. "Қазір каникул кезі болса рақаттанып келе жататын едім қыстырылмай" деп армандап қоям іштей.

Осындайда адамдар да ұрысқақ келеді ғой. Бір-бірін сөзбен ұрып, болмашы нәрсеге ашуланған адамдарды көріп көңілің де көтеріліп қалады екен. Қазір де соған ұқсас жағдай. Аптауыздың түп жағынан бір топ адам шығуға дайындалып, бірақ есіктің алдына жете алмай тұр. Ешкім ығысқысы келмейді, ығысар-ау, орын жоқ. Содан, әйтеуір жартасқа өрмелегендей күй кешіп, әлгі түсетін адамдар біртіндеп жақындап келеді есік алдына. Есік алдында бір топ адам үймелеп тұрғанбыз, сол жерге келгенде жаңағы жолаушылардың жүйкелері сыр бере бастады.

— Шығасыңдар ма? Шықпасаңдар, бізді өткізіп жіберіңдерш — дейді әлгілер. Мен айналама қараймын. Орын ауыстырып ығысатындай жер жоқ. Барлығы қыстырылып, әрең сыйып тұр.
Әлгі қыз-келіншектер қақылдай бастады: "Өткізіп жіберіңдерш!"
Біреуі тіпті халықтың аянышын туғызғысы келген сияқты:
— Мына жерде беременна әйел шыға алмай тұр. Өткізіп жіберіңдер!

Бұл жерде енді мені күлкі қысты. Шыдай алмай: «Беременна әйел» деп айқайлап күліп жібердім. Төңіректегілер де «мырс-мырс» дыбыстар шығарып жатыр.

Қазақтарға әлі де тұтас қоғам болуға ерте екеніне көз жеткізіп, тиісті аялдамадан түсіп қалдым.
Әрі қарай