Екі

(18 жастан асқандардың ғана оқуына болады)

Екі көз күлім етіп бір сызыққа,
Сиқыр сезім жол берді бір қызыққа.
Екі мұрын жәй ғана соқтығысып,
Екі ерін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Екі бейне еріксіз есі кетіп,
Екі тілсім бір-бірін іздегендей…
Әрі қарай

Қорқа қорқа бір блог бастаймын. Бұл менің әңгімем. "Бұлыңғыр" деп атадым. Алғашқы оқырмандары сіздер!

Ресейлік ғалымдар, қазіргі алкогольді ішімдіктердің құрамында, адамның психологиясына тез әрі кері әсер ететін зиянды заттар барын айтып, дабыл қағуда.

БҰЛЫҢҒЫР

Денесінің қай жері ауыратынын сезуден қалды, өңі ме түсі ме, әлде… ана өмірдің табалдырығынан аттап тұр ма?! Ауыр соққыдан көгеріп, күмбедей боп ісінген көзі ашылу былай тұрсын, кірпігін қимылдатқанда-ақ, денесінде жан барын білдіріп, ашып ауыра бастады. Іштен ойша мырс күлді: « Еее, маған о дүние қайдан бұйырсын, тірі екем ғой».
Кеудесі дымқылданып қалыпты, тағы да. Осыны сезгенде ғана, өзінің жақында ғана жас босанғаны есіне түсті. Сәбиі ненің күнін көріп жатыр екен, әлде анау жастыққа тұншықтырып, ендігі… Одан әрі ойлауға дәті жетпегенмен де, кеше кешкі сойқаннан денесінде тамтық қалмаған жас ана, немқұрайдылық танытып жата берді.
Тіпті, мынау өмірде сәбидің отбасындағы қуаныш екенін ол сезінбейтіндей. Қырқынан шығып та үлгермеген шақалақтың түнімен нендей күн көргені ол үшін енді бәрібір.
Басы шым ете қалғанда селк ете түсті. Кеше, ата-анамның сөзін аяқ асты еттің деп, удай мас болып алған күйеуі мұны құлақ-шекеден бір салғанда ол бала емізіп отыр еді ғой. Бұл не қорғанарын, не сәбиді алып қашарын білмей сасқанда бала өзі отырған төсекке құлады, сол кезде басынан тағы бір соққы тиді, одан кейін өзі де есін білмейді. Осымен екінші рет, ауыр соққыны көтере алмай бірден есінен танып құлайтын болды.
Бойын шайтан баурап алған күйеуі, талып жатқан мұны көргенде одан әрі еліреді. Көздеріне қан толып, былқ-сылқ жатқан әйелін өлімші етіп ұрады, тепкілейді, сөйтіп әбден сілесі қатып құлағанда ғана жаны жай табады. Бұл соңғы жарты ай көлеміндегі төртінші сабауы. Сондағы себебі: «әйелінің қабағы ашылмайды, тоңтеріс жүреді, ата-енесіне жылы шырай танытпайды, кейде тіпті шәй да құйып бермейді».
Ал, өзін «нағыз еркек» санайтын батырымыз «әйелді еркінсітпеу керек», деген ауыл көшесіндегі пәлсапаны шала мас отырып әбден құлағына құйып алған.
«Қазір қай уақыт болды екен? Маған енді бәрібір емес пе?!». Денесі қалшылдап қатты мұздағанын сезді. «Мейлі. Өзі қайда жатырмын?» ауырсынса да, өзінің қайда жатқанын білу үшін көзін ашуға талпынды. Басын әзер көтеріп, көзін сығырайта жан-жағына қарады. «Түк көрінбейді, тағы да жертөлеге әкеліп тастапты. Мейлі». Өткен жолы да осылай жертөлеге әкеліп тастаған-ты. Бірақ онда есін жия салысымен еңбектеп, әзер дегенде жоғары көтеріліп, үйге кірген болатын, сәбиі үшін.
Бұл жолы жағдайы тым ауыр ма, әлде кім білсін, жағдайы беймәлім күйде қалған сәбиінің жағдайына алаңдауға шамасы келер емес.
Оқуға түсе алмаған соң, сатушы болып кіші-гірім дүкенге жүмысқа тұрды. Бұл дүкеннің маңында қала сыртындағы ауылдарға адам таситын таксилер тұратын. Су, темекі алып жүретін бұл жігіт, бір көргеннен көзіне жылы ұшыраған. Бас аяғы бір ай өтпей танысып, жақын араласа бастады. Алты айдан кейін, жүкті болып, тұрмысқа шығуға бел буды. Кіші гірім той. Той иелері де, қыз берген құдалар да көңілсіздеу тарасып еді, сол кезде.
Бұл тоғыз ай бойы дүкенде саудасын жасай берді, перзентханаға жұмысынан күйеуі әкеліп салған.
Босанды, қыз екен. Сәби бағудың жәйін білмейтін бұған нағыз қиындық енді басталды. Күйеуіне де, ата-енесіне де қарауға мүмкіндік жоқ, өзімен-өзі, түнде шаршап құлайды. Алғашында қыз тудың деп наразы болған күйеуі, келіншегінің бұл жайын ұғу былай тұрсын, көргісі де келмеді. Бойында тек ыза тұрды, оны басу үшін арақ ішеді. Бірақ ақаң бойынан сол ыза-кекті сыртқы шағарғанша асығатындай ма?!
Он бес күндей жас әкеге де, жас анаға да, тіпті бұл дұниеден хабарсыз нәрестенің де өмірінен сән кетті.
Енді міне, ұра берсе құдай да өледінің кері болып ана жатыр. Ол үшін енді мына өмірдің қызығы жоқ. Тіпті дәл қазір топан су жүрсе де, оған енді бәрібір. Ой да, үміт те, ештеңе жоқ. Бос қуыс.
Оның кешегі арақтан басы дыңылдап әзер оянғанда, аштықтан шыңғырып жылаған нәрестенің даусы келді, құлағына. Бұл жылаған өзінің сәбиі-ау, тумай жатып шақалаққа қиянат жасадым –ау, тіпті отбасым бар ау деп ойлау, миына да кіріп-шықпай, басын жазу қамымен далаға шықты.
Жылай-жылай сілесі қатты. Ешкім оны жұбата алмады. Қолына алғандардың ешбірінен өзіне таныс иісті таппады. Ойпырау, бұл өмірде адамның адамға деген жанашырлығы қайда, біреуге зәбір көрсетіп жатқанда, оны неге ешкім арашалмайды, бұл не деген немқұрайдылық дегендей сәби тағы жылады, тағы жылады. Осылай, жөргегінде қатыгездіктің дәмін татты шақалақ.
Ал, баласының әлем-тапырақ түрін көргеннен-ақ, одан үндемей құтылып, өлтірсе де өз қатыны деп бастарын ала қашқан әке-шеше, тіпті қарындасы да сәбидің шешесі қайда екенін білмейді. Оның талып қалғанынан бейхабар болғандықтан күйеуінен қашып, көршілердің бірінің үйінде жатыр ма деп, іздемеді де.
Араққа деген құмарлығы күннен күнге артқан әке, жала жансар шеше, шырылдап жылап, бұл дүниеден жәрдем сұраған нәресте… Бір отбасының болашағы БҰЛЫҢҒЫР…

Риза Исаева
Әрі қарай