Дипломдық жұмысты қалай жаздыңыз?

Мен Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» деген романын қайта оқып бастадым. Осы романда өте қызық әрі маңызды жолдарды оқыған едім. Шығармадағы Меңтай деген басты кейіпкер бар еді ғой, сол қыз бірінші курста-ақ дипломдық жұмысының тақырыбын анықтап қойыпты. Маған Меңтайдың осы әрекеті ой салып, көкейімнен кетпей қойды. Дипломдық жұмыстың тақырыбын қалай таңдасам екен деп ұзақ ойда жүрдім. Осының әсерімен 4 курстағы таныс әпкеме барып ойымды айтқан едім, ол маған күлді. -Мен 4 курста оқимын, менің өзім әлі бұл тақырып жайында ойланған жоқпын. Оның қиын түгі де жоқ, бітіруге 1-2 ай қалғанда -ақ жазып үлгересің, -деді. Мен бұндай ауқымды тақырыпты қалай аз уақытта жазып бітіруге болатынын сұрадым. -Қазір интернет бар, кітаптардан көшіріп ала саласың,- деп жауап берді. Сөйтсем бұлар дипломдық жұмыстың 2-3 бетін «пәленше былай айтады, түгенше солай айтады» деп көшіре салады екен. Айтпақшы, бұл көшіруді қазір ғылым тілінде плагиат деп жатыр ғой. Бізде осымен айналысатын арнайы Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығы бар. Олардың дерегінше Қазақстандағы әрбір оныншы ғылыми жұмыс плагиат.
Сонымен, дипломдық жұмыс- бұл студенттің жоғарғы оқу орнын аяқтау кезінде жазылатын соңғы қорытынды өзіндік ғылыми тәжірибелік жұмысы. Демек, бітіруші дипломдық жұмысты өзі жазып, өзінің көзқарасы мен мамандықты қалай игергенін көрсету керек.
Ұлттық ғылыми техникалық ақпарат орталығының ұлттық ресурсты қалыптастыру департаментінің директоры Қамарсұлу Елеукенованың айтуынша плагиат жағымсыз құбылыс, ал онымен күресудің екі жолы бар. Жаза және «антиплагиат» жүйесін қалыптастыру. Алайда, соңғысының кемшіл тұстары да байқалатын көрінеді. Бұл әлі де шикі жүйе екендігін және оны одан әрі жетілдіру керектігін айтады биология ғылымының кандидаты Сержан Аманов. Плагиат жасау ғылымға қаншалықты әсерін тигізеді? Сіздіңше бұл дұрыс па, бұрыс па? Плагиатпен күресудің қандай тиімді жолдары бар?Өзіңіз дипломдық жұмысты қалай жаздыңыз?
Әрі қарай

Сайлауалды бағдарламалар сатушы топ құрықталды

Блог - Rafaello: Сайлауалды бағдарламалар сатушы топ құрықталды«Естімеген елде көп» деген бірнеше жылдан бері реферат, курстық жұмыс және сайлауалды бағдарламалар сатушылар ел ішінде ептілікпен әрекет етіп келгенін ешкімге сездірмесе керек. Алайда, харам істің пайдасыз болатынын жүректеріне иман ұялата алмаған жандар сезе алмасы анық.

Өйткені, дұшпанына жамандық тілемейтін мұсылман халқымыздың болмысына жат осындай дайын жұмыстарды замандастарына ұсыну үлкен күнә болмақ. Ал ардан безгендер арам ақшаны күнкөріс қамына жаратып, пайдаға кенеліп жүргені ұрпағына жасаған қиянаты дер едік.

АІІБ-нің жедел қызметкерлерінің қырағылығы нәтижесінде Атырауда сайлауалды бағдарламалар сатумен айналысып жүрген бірнеше адамнан тұратын топ анықталып, бейнетаспаға да түсіріліп алынған.

Осындай бұлтартпас дәлелдермен құрықталған кент тұрғындары Н.М, С.К, Э.Е. және Н.Қ. есімді азаматтар азамат деген атқа лайықсыз әрекеттерімен әшкере болды.
Әрі қарай