Бір дезаның тарихы
Кеше әлеуметтік желі арқылы бір деза жібергем «Ақтөбе» туралы. Ешқандай сілтемесіз жәй ғана өзімнің ойым ғой. Орысшаға Nurgisa аударып берді әдемілеп. Сосын екеуін ФБ және ВК арқылы жібере қойдым. Нәтижесі көп күттірген жоқ. Бәленбай лайк, комент, бөлісулер. Бір спорт порталы жекеге шығып сұрады мән-жайды. Ал біреуі тіпті соны жаңалық қылып шығарып жіберді. Негізі солардан күткем, «осылар шығарып жібереді ау» деп. Оларды ақпарат көзі қылып орыстілді спорт сайттарының ең ірісі Спорт.Сру да шығарды. Өкініштісі бұл ақпараттың команда бапкеріне, ойыншыларға жетуінде. Жаңағы қайғы-спорт сайты осы сұрақты қойыпты бапкерлерге