Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты

Алақай!

Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі жетіп үлгерген жетістігіміз туралы да бөлісуді жөн санадық.
қазақша википедия
2011 жылдың 2-қарашасы, сағат 10.30-да Алматы қаласындағы Қазақстандық Баспасөз Клубында (Самал-2 ықшамауданы, 58 үй, «СӘТТI» бизнесорталағы, 7-қабат) "Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Әрі қарай

Лирикалық шегініс :)

Ешқандай шекараны мойындамайтын интернет жүйесінде бір ғана егемендікке мүмкіндік бар, ол – тілдік егемендік. Әлемдік жүйеде қазақ тілінің ауқымды орын иеленуі – тілді дамыту мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Біз қазақша Википедия қазақ тілі мен мәдениетін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын толықтырады деп санаймыз. Сөз жоқ, ол халықтың білім қорынт олықтыруға қомақты үлес қосады, қоғамды ақпараттандырудың тиімді құралына айналады. Сондықтан ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды, әсіресе, білімді жас қауымды қазақ Википедиясының жанашыры болуға шақырамыз.

Тимур Құлыбаев,
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы
Әрі қарай

"WikiBilim" - біз туралы барлығы :)

Сәлем, достар!

Бүгіннен бастап «WikiBilim» блогерлер қатарына қосылуға бел буып отыр. Сөкпей қарсы алатын шығарсыңдар! Осы блогтағы жазбалар арқылы біздің қордың жағымды-жағымсыз жаңалықтарынан хабардар болып отырасыңдар. Бізге әр адамның пікірі маңызды, сондықтан өз ойларыңмен, ұсыныстарыңмен бөлісулеріңді күтеміз. Сонымен, таныса отырайық…
Әрі қарай