Мендегі еліктеушілік...

Шынымды айтсам...(бейне бір үнемі өтірік айтып жүрген адам сияқты) осылай бастағанды жек көрем…
Блогортаға келгелі бері азды-көпті осындағы жігіт қыздармен араласып та үлгердік. Тіпті, өте жақсы дос болып та алдық. Ол үшін бәріне ризамын. Шебер жазу сауаты немесе сондай бірдеңе болмаған соң ба, өз жазбаларымның ішінен біршама еліктеушіліктер байқадым… Байқадым да шайқадым. Мүмкін енді мәселенің барлығы мен де емес шығар… Деп өзімді алдап қою да жоқ емес. Әйтеуір, осында кейбіреулер сияқты өзімді реклама жасау үшін жүрмегенімді білем.
Әрі қарай

«Ұлттық ғашықтар күні» VS Валентиннің күні

«Әулие Валентин күні» деп католиктер 14 ақпанда атап өтетін ғашықтар күнін алматылықтар 15 сәуірге шегерді. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру басқармасының жанындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы Қатипа Молдабаева мәлімдеді.

Қаңтар айында Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет, жастар саясаты мәселелері жөніндегі және баспасөз қызметі алда жасалатын шаралардың жоспарын бекітті. Осы құжаттың 7 бөліміне сәйкес, «Ұлттық ғашықтар күні» 15 сәуірде кең көлемде аталып өтілетін болды. Осы құжатқа және жасөспірімдерді бұрыс тәрбиеге бағыттайтын бұл мерекеге қарсылық білдірген ата-аналардан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты биыл Әулие Валентин күні қала мектептерінде ескерусіз қалды. Сонымен қатар «Болашақ» қозғалысы 11 ақпан күні «Валентин күні» атап өтуге қарсы шаралар ұйымдастырды.
Әрі қарай