Қыс. Тондар тартысы

Вуухх, күн суып кетті, ә? Дәл қазір ауа-райы -7 болып тұр. Тоңайын дедік пе. Тонды шығару керек болды енді. Тон демекші, Астананың қысына қалың киінбесе болмайды. Әлбетте жып-жылы пуховик немесе илі тон (дубленка) біздің қысқа дәл-ау, дәл. Бірақ түгі жылтыраған күзен тонды қай қыз қаламасын? Ал олардың бағасы кем дегенде 500 – 700 мың шамасында. Ол тіпті бержағы десем де болады, миллион теңгенің тонын да көріп жүр ғой мына көз. Блогиададан бас жүлде алсам, киюге болады екен, әхәхә. Жарайды енді, әбден ауызды апандай ашқаным несі. Одан да осы күзен тонға арзандау альтернатива қарап көрелік. Осы мақсатпен Гүлайдын екеуміз Астанадағы «Евразия» сауда орталығына бет бұрдық. Тоннан тон қоймай киіп көріп, бағалап тастадық. Фотоға түсіруге рұқсат жоқ, дегенмен арасында білдірмей «сырт» еткізудің сөлекеттігі жоқ деп шештік. Терінің түрі көп десек те, біздің сауда орталығында негізінен кең тараған түрлері төмендегідей екен.



Құндыз (кәмшат)
250 – 300 мың теңге
Күзелген құндыз терісінің жұмсақтығына сөз жетпейді. Оның үстіне салмағы да жеп-жеңіл, өзі болса жып-жылы. Құндыз – суда жүретін жануар болғандықтан, терісі суға төзімді. Сондықтан бұл тонмен жаңбыр астында қалып кетсең де жаураған тауықтай жалбырау ықтималдығың нөлге тең. Ал әсемдігі жағынан қаракүзеннен еш қалыспайды. Бір айыбы, тым нәзік. Оқыс қимылдан-ақ «дырр» ете қалуы мүмкін (бастан өткен). Ұзақ киістен жеңі қажала бастайды. Дегенмен күтсең, кемінде 5 жыл киіс береріне кепілдік беремін. Себебі өзім құндыз тонымды бесінші маусым кигелі жатырмын.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Жанат
250 – 300 мың теңге
Жанат терісінен тонды негізінен күземей тігеді, сондықтан тон көлемдірек келеді. Ол да жылы және жеңіл, ұзақ киіске шыдамды. Табиғи түсі іш пыстырарлық сұр болғанымен, боялған жанат тері – сәннің апогейі. Жанатты гламур тері түрлеріне жатпайды дейді, ал меніңше тіпті де олай емес. Иә, кей фасондарының иықты гүмпитіп жіберуі нәзік қыздарға ұнамауы мүмкін. Дегенмен мұқият іздесеңіз, жарасымдысын таңдап аласыз. Есесіне дене тұрқы ірілеу қыздарға жанат ішік киюге кеңес бермес едім.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Ақ түлкі
250 – 300 мың теңге
Ақ түлкі түгі ұзын болғандықтан оның терісінен тігілген тон көлемді әрі әдемі. Жылы және жеңіл, ұзақ киіске шыдамды. Табиғи түсі ақ немесе сұр болып келеді. Ақ түстісі сирек кездесетін түрге жатады, сондықтан бағасы қымбаттау болады. Кемшілігі – ылғалға шыдамсыздау келеді.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Рекс
150 — 250 мың теңге
Рекс қоянының терісінен тігілген тондар өзінің мамықтай жұмсақ әрі жеңілдігімен жеңеді. Жылылығы да алдыңғылардан кем түспейді. Терінің қара күлгін табиғи түсі ерекше реңк береді. Рекс терісінің әдемілігін шиншилламен тең қояды. Есесіне бағасы әлдеқайда арзан. Рекс тонның кемшілігі — тез тозады. Бір жағынан ұзақ уақыт бір сырт киім киюден жалығып та кетеді адам. Оның ішінде қыздар. Ары кетсе 2 жыл киіп тастаймын десеңіз неге рекс тон алып көрмеске?
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Қаракөл
250– 300 мың теңге
Қаракөл өңделген қозы терісінен тігіледі. Үстіңізге құйып қойғандай жараса кетеді, әрі толықтау тұрпатыңызды жасырады. Салмағы жеңіл, бірақ аса жылы емес. Негізінен еліміздің оңтүстік аймағында тұратын және жеке көлігі бар аруларға таптырмас сырт киім дер едім.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Мутон
100 – 200 мың теңге
Мутон тондар өңделген қой терісінен тігіледі, сондықтан жоғарыда айтылған тері бұйымдардай мамық емес. Жылылығына еш дау жоқ. Бірақ салмағы ауырлау. Есесіне бағасының әлдеқайда арзан екенін көріп тұрсыз. Дегенмен осыдан 5 жыл бұрынғы мутон ішіктермен қазіргілерді салыстыруға да келмейді екен. Өзге аңдардың терісімен әдіптеп, фасонын да нәзіктеу пішетін болыпты. Сондықтан артық шығындалмай көрнекті әрі келісті көрінгіңіз келсе – мутон сіздің тон.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы



Әлбетте, бағада шек болсын ба, түрліше әдіптелуіне байланысты бұлардың да қымбаттау түрлері бар. Біз көрген тондардың орташа бағасы шамамен осындай. Бәріңіз бірдей қаракүзенге жүгіре бермей, жастау кезде басқа тері түрлеріне де назар салып қойыңыздар, арулар! :)

Гринпис, мені кеше көр! :(
Әрі қарай

Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Тойға не мерекелік кешке жарқ-жұрқ еткен, көздің жауын алатын әдемі көйлекпен барғымыз келеді, ә, қыздар? Той тұрмақ, күнделікті жұмысқа киетін киімнің өзінде көз тартатын әдемі әшекей не жалтырайтын тастар болғанын қалаймыз.
Мұны біз емес, қазіргі сән талап етуде. Соңғы екі жылда киімді бағалы тастармен көмкеру трендке айналып, сұрапыл сұранысқа ие боп жатыр. Былай айтқанда,«Сваровски» тастары басқа да, аяққа да «шығып бітті»))). Жо-жоқ, мұны жаман деуден аулақпын. Керісінше, әдемі. Өте әдемі.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Бұл «сұлулықтың» пайдасы көп: киіміңдегі жымың қаққан тастар әдемі көңіл-күй сыйлайды; көп ару осындай бұйымдар жасап, қолөнермен айналысып, табыс табуда; сыйлық таңдау көп бас қатыруды қажет етпейтін болды; жыртылып қалған киімдерді «білдіртпей» жамауға тағы бір мүмкіндік; ескіріп, өң бере бастаған киімдерге екінші өмір сыйлаудың өте сәнді әрі тиімді жолына айналды. Осылай тиімді тұстары жалғасып кете береді.

«Киімге екінші өмір сыйлайды» демекші, былтыр Бейбіт Сарыбайдың (танымайтын қазнетші жоқ шығар деген сенімдемін) Фейсбуктегі парақшасына жариялаған жазбасы есіме түсіп кетті. Ол: — «Инстаграм, Фейсбук, ВК, барлық әлеуметтік желідегі суреттерімді өшіріп жатырмын. Биыл тағы былтырғы киімдерімді киетін болдым» — деген мағынадағы постымен әбден күлдірген еді. Рас қой, әлеуметтік желілер киіміміздің тез тозуына септігін тигізіп жатыр, қашанғы бір киіммен суретке түсе бересің?))

Қыздар түсінер, бір киімді айлап-жылдап ұзақ кие алмайсың — дымы жоқтай көрінесің, бір жағы, әлі тозығы жетпеген киімді лақтырып тастауға да қимайсың. Мұндайда тығырықтан шығатын бір жол ұсынғым келеді — көзге жауыр болған, көнерген киімді тастармен әрлеу. Арзан әрі сәнді. Дәл ондай киім сізден басқа ешкімде болмасы анық ;).

Киімге әшекей тастарын тігудің ең қарапайым жолын ұсынбақпын. Осыған қолыңыз жаттықса, әрі қарай түрлі сызба, фигура, суреттер салып тігуді де тез меңгеріп кетесіз.

Мына трикотаж кофта менің гардеробымда жақында пайда болса да, бір өзгеріс енгізгім келді.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Ол үшін талғамыңызға сай тастар, кофтамен түстес ине-жіп және қайшыны алдым. Тастардың дәл мен таңдағандай болуы — шарт емес, құр бисерді де, «сваровски» тастарын да, маржан тастарды да, суреттегідей, тау хрусталін да тігуге болады.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Алдымен тастарды қалай орналастыратынымды жоспарлап алдым. Мойын тұстан төмен қарай шашыраса, әдемі көрінеді екен. Мынабір қалтаның кедергі келтіріп тұрғаны… ай, ештеңе етпес.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Тастарды тығыз орналастырып, қандай да бір жүйеге бағынбастан тіге бастадым. Астына қарай «шашыратуым» үшін бірте-бірте арасы сиреу керек. Түстердің үйлесуіне назар аударуған жөн.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Инеге бір сабақталынған жіп соңына дейін тігіледі. Әр моншақты әр жерге жеке-жеке тігу өте қауіпті — түйінделген жіп тез ажырауы мүмкін. Сондықтан суреттегідей жақын орналасқан моншақтарды бір-біріне жалғай бердім.

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!

Максимум бір сағат уақытымды алған «жаңа жемпірімді» қайда болса да, ұялмай киіп бара беруге болады :). Бастысы — сәннен қалып жатқам жоқ. Төмендегі сапасыз фотом үшін кешірім сұраймын, негізі тастар керемет жарқырайды ;)

Блог - aikarakoz: Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!


Осылай. Бәрі оп-оңай. Ынта болса, болғаны… Дәл қазір «жаңаруы тиіс» киімдеріңізді жинап келіп, іске кірісе беріңіз ;)
Әрі қарай

Жігіттер, не киеміз?

Осы сайттың кейбір резиденттері мені метросексуалдар қатарына жазып қойған. Неге екенін өзім де түсінбеймін. Шындығын айтсам, метросексуалдың кім екенін білу үшін сөздікке үңілуге тура келген. Е, болсам, бола қояйын. Бірақ, бұл үшін киіну өнерінің (иә, бұл да өнер екен) қыр-сырын меңгеру керек қой. Ал, мен болсам кезінде мамам алып бергенді кие салатын қасиетімнен әлі арылғам жоқ, жампозым әкеп бергенді іліп алып жүре беремін.
Әрі қарай

#ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау

Қараша. Бұл айдың ауа райы сан құбылып, маған фастфуд көрсетіп тұрғандай. Қарашада біз секілді қараша қауымға арақша мен Керектегі парақша ғана көңілге медеу. Фастфуд тақырыбына тақырып берушінің (админ деп оқу айып емес) қаншалықты емешегі (дұрыс оқыдың, иә) үзілгенін қайдам, қаншалықты әлеуметтік маңыздылығы өзге тақырыптан озық тұрғанын білмедім, жалпы бұйырғаны осы болды енді. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдауНе көрмеген блогиада дейсіз, фастфудты да көрейік.
Турдағы тақырыпты түсінуіміз де не поза, не музыканың төресі секілді болмақ керек. Классикалық түрде түсінейік деп жатқаным. Жедел деген сөзден шыққанын ұқсақ, фастқа жалпы тез жасалатын тағамдардың да көбін қосуға болады. Бірақ олар біздің санамыздағы классика болмай кетеді. Сондықтан, тоқетері, блогерлердің өздері туып бергендеріне баға бере берейікші. Төртінші турдағы төрт тағам түрін талдайық.
Фастфуд тақырыбын жюридің де біразы фасттады. Өй, өзі саусақпен санарлық жюри, бұл турда кәдімгідей алаңғасар фрезершінің бір қолының саусақтарымен санауға боп қалатындай қазы бірден бағалапты. Ертеатқыштықтан құдай сақтасын, бірақ осыған да шүкірлік қыламыз. Мхм, себебі, олардың да пікірлерін шолуға болады!
Жалпы, көріп отырсыздар, шолу кештеу шықты. Оған әлемдегі мұнай бағасының түсіп кетуі, мен ұстап көрмеген айфонның қожайыны андай екені, жазбалар оқудағы қиындықтар (ол жөнінде алда айтамын), менің ішіп жүргенім, үйдің сылағын жасап жатқанымыз, музаның басқа біреумен ішуге кеткені сияқты көптеген себептер келтіруге болады. Әйтсе де…
Әуелі Әйгерім Кеулімжай «құндақ ет» атты қазақша фастфуд неге қолдау таппағаны жайлы ізденеді.
Дұрыс қой, ізденсін.
Жазба тілі жетік, кіріспесі идеяның бастау алғаны жайлы әңгімелеп, таралмау себебін де сонда көрсетеді. Ары қарай — "құндаққа" (хыхы) тағы бір шанс беру үшін өз қолымен жасағысы келген қыздың репортажы. Суреттер — тәуір, тәбет аштырады, бірақ стандарт емес. Оргиядағы белсенділер сияқты: бірі тігінен, бірі көлденеңінен… :) Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау
"… фастфудтың неше атасын ұсынатын нүктелер ашылды." — Осы орынға байланысты «нүкте» ұғымы блогиада сайтында әйел қазы (қатын патша деген тіркес түсіп отыр есіме, хмм :) ) айтатын «калькаға» жақын сияқты көрінеді өзіме. Білмеймін, мүмкін, мен тым әсіре пысықсынып отырған шығармын. Сізге дейін де санаусыз жұрналшы жазып жүр ғой.
" Тамақтану индустриясында " — "әнаңғара, қандай термин" деп тағы айтатын жер екен. Фуд индастри, фэшн оф джал-джая, jent production.
"… табаға май азғантай май жағуды ұмытпаңыз" — дабл-май, ха, менің асты көгергендеу жіті көздерімнен мына тіркес құр қалады деп ойладыңыз ба?
Анаң қара! Лимонды стақанға тіліп кигізіп қойыпты. :) Әхәхәхә. Кретивіңе болайын!
«Мүмкін біздің зейнеткерге осындай мақсатшылдық жетіспеген шығар?» — Мүмкін бұл идея Рахат көкеңнен кейін сіздің зейнетке шығуыңызды күтіп жатқан болар? :) Кө-өп уақыт бар әлі…
Ал қазылардың бірі сізге: «Кейіпкерлеріңіз нарықты зерттеген болса, ол зерттеулері қайда? Қалай зерттеген? Адаммен кездестіңіз бе, әлде жазбаша жауап берді ме? Жазбада шикілік бар» депті. Жалпы өзге де сындары секілді міндеттілігі жоқ ой, бірақ блогер мен журналистің айырмасы да осында. Қызықты қылып, блогердің зейнеткерге қалай хабарласқанын, «3-4 жылдын кеінгі сауалды тыңдап, елең ете қалғанын да» қызық қылып әңгімелеп беруде. Ақырғы нәтижені ғана емес, оған дейінгі жолды да көрсетуде. Ал сіз соны жасамағансыз. Сондықтан айтып жатқаны болар. Сондай-ақ, шынымен дәл қазір нарықты зерттеп, өнімді жылжыту жолдарын қоса салса, іргелі бизнес-жоба болмаса да, мықты еңбек болғалы тұр.
Жалпы қызық, қызық. Ұнады. Осы тақырыпты тауып алып, идеяның өзін таңдауыңызға сындым. +1 қойып кеттім. Өмірдегідей емес, Керекте күшім аз.
Эльвира Ерғалина бичпакеттер дегустациясын жасайды. Деғустация, о, қандай фғанцуз сөзі!
Лапша де, өзің бич-пакет! :) Атамнан қалған ас қатарында екінші ұстап тұр бұл, ал мен, іс арасында айта кетейін, бич емеспін. :) Бірақ жазбаның басына "Іңкәр сезіммен Бөрібай Бекарысқа арналады" деп жазсаң ренжімес едім.
Жазба жеңіл тілмен жазылған, суреттер коллаждалған — бұл жақсы. Әр өнім (кәдімгідей құрмет тұтып, өнім дедім бе-ей?) жеке жіктелген, бірақ пост жалпы әлеуметтік маңыздылығы жөнінен халықтың шіренген тобына еш рөлсіз. Алайда ондайлар бізде аз және блогтар оқуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан бәріне маңызды болып тұр ғой? :) Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау
«Биг бонның 100 грамы 406 калорияны құраса, мына ыдыстағы жедел тағам, шамамен, 350 калория.» — 86 грамдық лапшалар жасасын! Қызық математика.
«Соусының түсі шошытты мені. Былай… сыққанда да қойыртпақтанып, ыңғайсыз сезім қалдырады екен.» — ықықықы. Қойыртпақтан келген ыңғайсыз сезім. Ықықы.
"Қоспасындағы кептірілген еттерін ерінбей шұқылап көрдім: кеуіп кеткен қойдың құмалағына ұқсайтын сияқты ма, қалай?)" — Кет-ей бар, жынды ма, мұнда бір қора жұмысшыны ұшындырып қоярсың.
Сіз айтқан Роллтонның халалы шыққанына біраз болды. Бірақ, рас, дәмі сол күйінде. «Сырлы ыдыстың сыры кетсе де...». Қайдағы ыдыс бірақ мұнда…
Жюридің пікіріне қатысты айтатыным жоқ. Посттың бас жағында лапшалардың өндірілу ерекшеліктеріне, қатыру, фасттау әдістеріне көңіл бөлу керек сияқты болды. «Не? Немен? Қайдан? Қанша?» дегендерге қоса қалай қажет секілді.
Жалпы, мұны да біреу жазу керек қой, сол үшін рақмет. Былай бейбайсалды тақырып алды дейін десем… Тур тақырыбының өзі де жетісіп тұрғаны анау. Жасаған қорытындыңыз, негізі, пост оқуды бастамай тұрып-ақ күтілетін нәрсе. Бірақ тәжірибе жүзінде көрсету де бір өнер.
Иә, үлкен рақмет сізге!!! Мұнда үш жұмысшы дұрыстап рақмет айт деп дікілдеп жетіп келді. Алғыстарының түрін… «Жалпы бұл фаст фудтан аулақ болғаныңызды сұрар едім», «Мүлде ішпеймін» деп аяқтағаныңызды оқыған да жоқ, өңшең сорлы!
Маралбек Сағынғанов, "Fast food".
"Қият", «Зина туралы», "Қауіпсіз пост", «Fast food». Ал келесі постыңыздың атауы — «Адам көркі». Түһ, не деген лакон-пакон адамсыз. Құрығанда атауын армансыз ұзартсаңыз болады ғой :)
Пост қысқалығы жөнінен өз рекордтарыңызға түзету енгізуден келесі енгізуге дейін апта өтеді. Иә… Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау
Жазба тілі болғанда, анау ғой, мынандай тілде деп пікір білдіруге де дерек жетпей жатыр. Посттың идеясы қызық, ерекше. Ньюспейпэз мэйн пэйдж ұнады. Алайда шолақ. Тілді, жазуды игергенімді былай да білесіңдер ғой, енді факттерге жүгінейін де қояйын дегендейсіз.
Осы жағдайда тек безендіру, әдіптеу еңбегіңізді ғана бағалай аламыз. Оның өзінде статистиканы терең зерттемегенсіз, әрине. Тура бір, сіздің орныңызда болсам, «Бұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұраған қазыға «Ал не үшін айырып жазуым керек?» деп жауап берер едім. Хе.
Жарайды, мұны көрнекі материал ретінде тақырыптық еңбектерде, іс-шараларда пайдалануға болады. Құрығанда, сол үшін бекер еңбектенген жоқсыз. Ал негізі, «зықымды алып болдының» кері ме деймін. :)
Екі тур қалды. Жұдырықты жібіте салмаңыз.
Асқар Базарбай 8 адамға 8 қадамда пицца жасайды.
Сосын 8 саусағын бүгіп (екеуі жоғары шошайған), 8 қырлылығымен 8 баллдан кем алмауы тиіс. Қыртып кеттім, иә.
Постқа келейін.
«Ал біздің жасайтын пиццамыздың бір тілігіне тепсе темір үзетін мұнайшы жігіттер де тояды.» — Сенімділік ұрып тұр.
Ары қарай… қандай браузер арқылы көріп жатсыңдар? Құдайдың керімі мына фаворитің, тіпті постын оқуға да ноутбук ауыстыруға ел жағалайтын болдық па? Қой, үзіліс, біржолата лапша жеп қайтайын. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Жедел ас жайлы кеш жазба: төртінші турдағы төрт тағам түрін талдау
… О, мынаны қара! Тәуір сайт екен. Ерекше жанр, көрнекі. Музыканы өлтіріп жіберіпсің. Тіл шеберлігіңізден қол шеберлігіңізге көшейік.
"Қол жуып, қамырды илеп, 20 минутқа жылы жерге бетін жауып қоямыз." — Түсіндіңдер ғой, иә? Қолды да, қамырды да 20 минутқа жылы жерге қоямыз! :)
Пиццаның бәрі дөңгелек болуы тиіс деген теориям дұрыс емес екен ғой, ә? Гелиоцентристігім-ай осы!
Ана азаматтар да бір қарық болған шығар. Дәмі жайлы жұмысшылар пікірлері қайда, а? :)
Меніңше, ұсақ-түйектер жетпейді. Кәнігі шаруа қатындар игеріп алғаны ақиқат, ал асханаға жақында жолап жүргендер үшін ингридиенттердің жайылу әдісі мен турау тәсілдері секілді «меліш» моменттер жетіңкіремейді.
Бірақ, жалпы алғанда, вагончиктегі кезекті шағын шедевр! Бұрынғылармен салыстырғанда, оны енді жеуге де болады. :)
Градусты қорықпай төмендете беретін мүмін есебінде жанр ауыстыру батылдығыңызға қолдау білдіре беремін. Оның үстіне, сіздің турнирлік жағдайыңызда шығармашылық еркіндікке ерік бере беруіңізге әбден болады!
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Көпәріптілік осымен тәмам. Тур тақырыбының өзі біртүрлі болғандықтан, жазбалар да сан алуан. Қыртам, біртүрлі болмаған турларда да алуандылық болатын. Осы блогерлер келіспейді ғой, ә, бір-бірімен жазба бағыттары жайлы? Сосын ең түсінікті мағынасында ешкім толыққанды мәтіндік пост жазбайтын дәрежеге жеттік. Гамбургер, чизбургер, кола — "өй, ол өткен ғасыр ғой" дегендей… :)
Сөзсауат жөнінде бірқатар блогерге претензия жоқ. Қожабекова бастап, Бекарыс қостап, грамматика, орфография жағын жөнге салып жіберген сияқтымыз. Гы. :)
Үшінші турдан кейін әлеуетті күміс һәм қола медалистер орындарымен ауысқалы тұр. Тіпті бесінші қазы бағаламағанның өзінде осыған жуық. Өткен турдың сжаңғырықтары.
Негізі, соңғы турға дейін тартыс қызық болмақ. Қызда-ар! Еркекпін ғой, бір құпия айтайын: Финалда фингалға дейін төбелесу керек. «Егер сіздің әлсіздеу құрбыңыз жоқ болса, мүмкін, онда ол сіз боларсыз» демекші… қоттап-қоттап жібергендей ме… :)
Асқар мен Маралбек, сендерге не дейін… Арамызда түбі жетпес шыңырау, не деген маньяксың, құрғыр-ау! Гигок!
Жюри, финалда қаталданып жатсыздар аздап. Ақыр таянған шақта аянған несі бар дейсіз, дұрыс. Бағалау деген процесс оңай емес, мадессіңдер.
Жоба менеджері мырза, блогиаданың ресми сайтындағы қатысушылар тізімін не финалист төртеуін ғана, не барлық 32+-ті жазып қойсаңыз жөн-ау. Блогерлерден тәптіштікті талап еткен тәлпіштік сізге де мойнын бұрсын енді деп жатқанымыз. Әйтпесе, не балық, не халық емес тәрізді.
Бөрібай, бар, демалшы оттамай. Болмаса, сөйлей бермей, ұйықта. Е-е, екеуінің мағынасы бір екен ғой.
Finita la recensione.

p.s. Суреттерге қатысты авторлық құқық талаптарын қойып жүрмеңдер, сендердің қамдарың нақ дәл!
Превьюдағы садо-сурет Қоңырбай Қазақтың реинкарнациясы — Медет Жансановтікі.
Әрі қарай

Пицца жасау. 8 адамға. 8 қадамда.

Оcылай екен...: Пицца жасау. 8 адамға. 8 қадамда.

Қаланың қаңсығы далада таңсық болатыны бар. Құмкөлде пиццериялар да, «макДулатстар» да жоқ, сондықтан кішкентай вагоншықта пиццаны ыстық тамақтан жалыққанда өзіміз жасаймыз.
Өз басым, ресми жиындарда ортаға қойылатын пиццаның бір тіліміне ешқашан тойған емеспін. «Тоймадым» деп, ортаға қайта-қайта қол созуға да ұялады екенсің. Ал біздің жасайтын пиццамыздың бір тілігіне тепсе темір үзетін мұнайшы жігіттер де тояды.

Тойымды канадалық «Пепперони» пицасының негізінде жасалған (пепперонисіз) пицца мәзірі мен дайындалу ережесін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, өз бағаңызды беріңіз.




Ұнаса, бөлісе отырыңдар. Өле жегенше, бөле жейік!
Әрі қарай

Бичпакеттер дегустациясы немесе "Не? Немен? Қайдан? Қанша?"

Фастфудтың да фастфуды бар :) Асқазаның «сигнал» бере қалса, арзан әрі тез деп, бичпакетке тұра жүгіретініміз бар. Бұл жеделдің жеделі саналатын тағамның дәмін татып көрмеген адам жоқ шығар бұл өмірде :)

Осы жедел тағамның дүкен сөрелерде тізілген неше түрі тұрғанмен, екі-үшеуінің ғана «тұрақты» тұтынушысы болыппын. Блогиада үшін бәрінің дәмін көрмекке бел будым. Зерттеу десем бе екен, дегустация десем бе екен…

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?


Биг бон

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
180 теңге
Керден кеседей ыдысқа салынған Биг бонға қарны шұрқырап тұрған адамның өзі тоятындай. Үлкен дегенім ғой. Ішінде кеспесінен бөлек соус, кептірілген көкөністер және дәмдеуіш бар. Өзіміз ішіп жүрген көжелердің құрамын кептірсек, осындай көлемде болар ма екен, білмедім. Әйтеуір мына титімдей қоспалар бір порция үшін аз секілді, меніңше. Бірақ, дәл осы маркалы өнім — қоспасы молынан салынатын өнім.
Кеспе 5 минуттың ішінде пісті. Бір түрлі иісі бар, бензиннің иісін сезетін сияқтымын ба… Қамыры қатты, езіліп кететіндерге қарағанда осы жақсы.
Құрамына қарасақ, соусы мен дәмдеуіші толған химикат. Сыртына айқайлатып жазып қойған сиыр етінің өзі ароматизатор ғана боп шықты. Сала құлаш боп созылып жатқан осынша құрамның арасынан түсініксіз «аторлардан» (регулятор, ароматизатор) басқа ештеңе таппадым.
Биг бонның 100 грамы 406 калорияны құраса, мына ыдыстағы жедел тағам, шамамен, 350 калория. Мүсініне алаңдайтын сылқымдар үшін қорқыныштылау тағам.


Биг ланч


Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
170 теңге
Мынабір құтыны қолыма алғанда шайқап көрдім, салмағын байқап көрдім. Сүйек деген әдетте ауырлау болушы еді… Құрамына үңілсем, сүйек тұрмақ, қой еті де жоқ, жәй ғана "қой еті" деп аталатын иістендіргіш бар. Қорабы әдемі оюмен көмкерілген бұл өнім Ресейде шығады да, Алматы қаласында импортталады екен.
Жоғарыдағы Бигбоннан үлкендеу қораптың ішінен дәл сондағыдай кепкен көкөністер, соус, дәмдеуіштер шықты. Кеспе көлемі де бірдей, қампиып тұрған қорабы ғана. Соусының түсі шошытты мені. Былай… сыққанда да қойыртпақтанып, ыңғайсыз сезім қалдырады екен.
Кеспесі 4 минутта пісе қалды. Бұрын-соңды дәмін татып көрген емес ем, Бигбоннан тәуірлеу екен. Өткір иіс жоқ. Кеспесі жұмсақтау, «не приятно» демесең, былай анда-санда ішке қылғыта салғанға болатын сияқты. Бірақ, 90 грамм Биг ланчтағы 400 калорияны құрту қиынға соғып жүрмесе болды да. Құрамын Бигбонның қорабынан көшіріп қоя салған ба деп қалдым, «пәшти» бірдей.


Доширак


Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
150 теңге
Студент күнімде сүйікті кеспем еді. Қазір мүлде ұнатпай кеттім. Жо-жоқ, менсінбей кеткен түгім де жоқ. Кеспе емес, резіңке жеп отырғандай болам. Дәмдеуіші мен кептірілген көкөністері бар бұ Доширактың бір плюсы — шанышқысында. Пойызда кетіп бара жатып, жолдан ала салғанға өте тиімді. Құрамы тым майда әріптермен жазылған. Қытайдың тағы бір қулығы шығар дейін десем, бұл өнім Ресейдікі боп шықты. Қоспасындағы кептірілген еттерін ерінбей шұқылап көрдім: кеуіп кеткен қойдың құмалағына ұқсайтын сияқты ма, қалай?) Жоқ, бұл — қуыршақтың еті болар, а? Пластмассадан жасалған сияқты :) Бәрінен бұрын дәмдеуішіндегі қызыл бұрыштың көптігі ғой елдің асқазанын «жаулап жүрген», иә? Елдің демей-ақ қояйын, маған сонысымен жағады Доширак. Бірақ, қазір жемеймін))).
Жарар, өнім туралы айтайын. Кеспесі 5 жарым минуттай уақыт өткенде жеуге болатын түр берді. Әнебір ағараңдап жүрген кептірілген бірдеңені біресе картопқа, біресе қозықұйрыққа ұқсатам. Оны тісіме ұйкеп көрсем, резіңке үйкегендей ғычық-ғычық деген дауыс шығады. Байқұс асқазаным-ай, кезінде қалай қорлағанмын сені((.


"Қытай кеспесі"

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
240 теңге
Оһ, менің шатырым кететін кеспе :) Иә, өте-өте ащы. Сондықтан ғана шығар, бичпакет жегім келе қалса, дүкен сөресінен алғаш іздеймін осы қызыл құтыны. Хехе, сіз де мен секілді Қытай кеспесі деп ойлап отырсыз ба? Бұл — кәрістердің рамены. Кепкен көкөністерін қораптың ішіне кеспемен бірге төге салыпты. Кішкене қалтадағы дәмдеуіші аз. Аз болса да, аузыңды өртеп жібереді. Өртемей қайтсін, 80 пайызы қызыл бұрыштан тұрады. Әрі энергетикалық құндылығы да аздау (басқаларына қарағанда), дәл осы құты 300 калорияның ар жақ, бер жағындағы өнімді сыйдырып тұр. Дәмін көрген 7 кеспенің ең ащысы. Кеспесі 6 минутта піседі.


Роллтон

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
50 теңге
Құдай бере салған сары Роллтон-ай! Ыстық сумен бұқтырып алып, үстінен кетчуп-майонезді құйып жіберіп, терлеп-тепшіп жеп алатын Роллтон-ай. Бірақ, студенттік өмірім қалай аяқталды, солай бірден ұнамай кетті бұл кеспе. Кеспесі тым езіліп кетеді, дәмдеуіші өте аз, ыңғайлы ыдысы жоқ. Әлде «арзанның сорпасы татымасқа» иланып жүр ма екенмін, білмеймін. «Бұл кеспенің қорабында аз ғана дәмдеуіші мен көзге тамызарлықтай сұйық майы бар,» деп таныстырып жатқаным артықтау боп кетер. Алайда, оң жақ төменде пайда болған «Халал» бергісін нұсқап өткім келіп тұр. Бұрын мән бермедім бе екен, әлде кейін пайда болды ма, жақсы жаңалығы бар екен. Бірақ, дәмі сол күйі екен. Онсыз да үгітіліп тұрған кеспесі баяғы әдетіне басып, 3 минутта пісе салды да, одан көбірек күткеніме шыдамай, езіліп кетті. Қалай болса да, бұл марка Ресейге көп табыс әкелген сияқты. Қазақстанда әлі күнге сұраныста.


Карлығаш

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
50 теңге
Қанша көріп жүрсем де, сыртында "қазақ" тілінде жазу барын байқамаппын. Өйткені, қорабының өзі сүйкімсіз еді. "Қазақша жазусымағы бар Қытайдың бичпакеті не деген сұрықсыз" еді деген оймен қорабын төңкеріп қарасам, Қырғызстанның өнімі боп шықты. Анаңғара, жұрттың қаңсығы сатылуда бізде. Қаңсық емей немене, 4 минутта дайын болған тағамның иісі тышқан өлтіретін дәріге ұқсайды. Ауылда сарайдың бұрыш-бұрышына сеуіп қоятын удың иісі келді мұрныма. Өңменімнен өтіп кеткендей болды. Түсі де күдікті. Әрине, дәмін татқан жоқпын.


Лаззат

Блог - aikarakoz: Бичпакеттер дегустациясы немесе Не? Немен? Қайдан? Қанша?
50 теңге
«Халал» деген жазуымен көзіме жарқ ете қалған Лаззатты Карлыгашқа қарааап тұрып, "Қазақстанда жасалған шығар" деп ойладым. Ресейдің мүфтилері Кеңесінің келісімімен шыққан бұл өнімнің халал екеніне қалай көз жеткізерімді білмеймін. Қорабында жазылған құрамында басқа да лапшалардан артықшылық жоқ. Бәрінде кездесетін натрий глутаматы мұндада бар, дәм күшейткіш, хош иәстендіргіштер де жазулы тұр. Калориясы 460-тан асады. Мүмкін кеспенің өзі мен дәмдеуішінде өзгешелік бар шығар? Айырмашылық бар екен, иісі Карлыгаштікіне қарағанда жұмсақтау. Бірақ, иіс бар. 3 минутта піскен Лаззаттың кеспесі де біраз тұрса, езіліп кетеді.


"Бәрінің дәмін татқанда не шықты? Қайсысы жақсы, қайсысы жаман екен енді?" деген сұрақты дауыстап айтып та үлгерген шығарсыз?! Ешқайсысын мақтамаймын. Жалпы бұл фаст фудтан аулақ болғаныңызды сұрар едім. Өйткені, құрамын толықтай оқып шықтым, өңкей иістендіргіш, дәм күшейткіштер, бояулар, тағысын тағы. Кеспе жасалған қамырдың да, қоспалардың да ағзаға артық калория бергеннен басқа еш пайдасы жоқ. Қуаты өте аз болғандықтан қарын тез ашады. Сосын дәл осы фастфудты жиі тұтынудың соңы салмақ жинауға алып келеді.
Лапшаны қарныңыз ашып тұрғанда жемеңіз, сол сәттегі тамаққа деген құмарлық нашар иістерді сездіртпей қояр…
Анда-санда ішіп тұруға да батылым бармайды енді. Мүлде ішпеймін.
Әрі қарай

Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

2010 жылдың жазында қазақстандық интернет-басылымдарда қазақша фастфуд туралы жаңалық бұрқ ете қалған болатын. Олардың айтуынша, астаналық зейнеттегі әскери қызметкер, инженер Рахат Икибаев қазақ ұлттық тағамдарын популяризациялау мақсатымен қазақша фастфуд дайындау әдісін ұсынған. Оның бұл бастамасы жастар тарапынан қолдау тауып, тіпті «Ас-stars» атты қоғамдық бірлестік құрылатыны туралы айтылыпты. Және де оның бәрі – пайда табу емес, ұлттық мәдениет пен тілдің қайта жаңғыруы үшін делініпті. Басқа мәлімет жоқ.


Содан бері аттай үш жыл өтіпті. Қалада дөнер дүңгіршектері көбейіп, үлкен-үлкен сауда-сауық орталықтарының фудкорттарында фастфудтың неше атасын ұсынатын нүктелер ашылды. Ал қазақша фастфуд ұсынатын бір де бір тамақтану орны жоқ екенін өзіңіз де біліп отырсыз.

Сонда сол бір ұлы идея қайда қалды? Жанбай жатып өшкені ме? Мүмкін бар да шығар? Біз білмей жүрген болармыз? Қооой, мүмкін емес. Әйтеуір бір еститін едік қой, бар болса. Не де болса, идея авторының өзінен сұрап көрген жөн болар.

Интернеттің арқасында Рахат Икибаевты еш қиындықсыз таптым. Ұлттық тағамдарға қоса, басқа да қозғалыстардың басы-қасында жүрген азамат екен.

ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?«Бізде тіл мәңгүрттігімен қатар ас мәңгүрттігі де бар (әнаңғара, қандай термин). Өзіміздің ата-бабамыз ойлап тапқан ұлттық тамақтарды дамытудың орнына өзге елдің мәзіріне әуеспіз. Мен зейнетке шыққан соң нарықты зерттей бастадым. Фастфуд тамақтардың жастар арасында үлкен сұранысқа ие екенін көріп, «неге фастфудтың қазақша түрін тұтынбасқа» деп ойладым. Ол бастамамды студент жастар да қолдап, олармен бірге арнайы декорациялармен, ұлттық киімдермен презентация ұйымдастырып, бірнеше рецептілерімізді ұсындық. Мәзірде «құндақ ет», «жұмбақ ас» сынды тағамдар болды. Презентация туралы сюжеттер түсіріліп, жарыса жаңалықтар жазылды. Айтпақшы, сол кезде бұл тақырыпқа қазақтілді басылымдар еш қызығушылық танытпады. Тамақтану индустриясында бизнесмендерден бұл идеяға реакция болмады, мемлекет тарапынан да қаржылай қолдау көрсетілген жоқ. Ұлттық кулинария мәдениеті жұлдыздарын біріктіретін «Ас-stars» атты қоғамдық бірлестік те осы себептен құрылмады. Сөйтіп қазақша фастфуд құр идея күйінде қалды.»

Ағамыз осылай дейді. Және қолдайтын адам болса, ол идеяны әлі де жүзеге асырғысы келетінін айтады. Ал меніңше, есеп әуел бастан дұрыс қойылмаған сияқты. Қаржылық пайданы мақсат тұтпай, құр ұлттық құндылықтарды дәріптеуге инвестор табам деу – кешіріңіз енді, тым…

Жарайды, инвестор іздеу мәселесін былай қоя тұрып, «қазақша фастфуд қаншалықты дәмді?» «қаншалықты фаст?» және ең бастысы «ол сұранысқа ие болуы мүмкін бе?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Ол үшін бар амал – оны өзің дайындап көру сияқты. «Құндақ ет» — «блатнойлардың»«беш», ал өзіміз «асылған ет» деп жүрген тағамның өзгертілген түрі» деген болатын ағамыз. Түсінгенім — ет, анау-мынаусы жаймаға оралады. Нақты дайындалу технологиясын жөндеп сұрап алмаппын. Екінші рет ағамызға хабарласудың сәті түспеді. Амал жоқ, үйдегі Әсел құрбым екеуміз дайындау әдісін елестетіп, және оны мейлінше фаст қылуға тырыстық.

1. Мұндағы ең ұзақ пісетіні – ет. Оны алдын-ала пісіріп алудың еш сөлекеті жоқ деп шештік.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

2. Одан кейінгісі қамыр. Оны да фаст-фуд нүкте иелері бір күнге жетерліктей алдын-ала жайып, кептіріп қоюларына болады. Тіпті өлшемі үлкендеу дайын жаймалар да бар.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

3. Картоп пен сәбізді әлсін-әлсін порция-порциямен пісіріп отыруға болады.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

4. Қалған көкөністерді «выкусымызға» қарай шикілей немесе қуырып қоса береміз.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Мінекей, біз енді клиенттердің тапсырысын орындауға сақадай саймыз: жайылған қамыр, піскен ет, сәбіз, картоп және шикі тәтті бұрыш, пияз, қызанақ, аскөк.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Содан клиент келіп «маған бір құндақ ет беріңізші» деген кезде:

Сартылдап қайнап жатқан сорпаға/суға қамырды салып жіберіп, 5-10 минуттан кейін аламыз.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?
Ең қиыны – көлемі үлкендеу болғандықтан жайманы жыртып алмай түсіріп алу. Осы жерінде аз мұз терлеп кеттік. Дегенмен, мұны тәжірибе мен техника арқылы ретке қоюға болады деп шештік.

Тамақтың ішкі құрамын дайындауда 2 нұсқасын жасап көрдік:
Алғашқысы — қамырға орамастан бұрын піскен ет, картоп, сәбізді басқа көкөністермен бірге майға қуырып алу жолымен жасалады.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?
Оған уақыт кетпейді, қамыр пісіп жатқан кезде параллель істеуге болады. Бұл әлгі майлы тамақты ұнататындарға.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Ал майлы тамақты жақсы көрмейтіндер үшін ет және көкөністерді сол күйінде қамырға орау.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Қамыр – ол лаваш емес, тағамды әлгі қағаз қораптарға салдым дегеннің өзінде жылп-жылп етіп, ішінің бәрі шашылып қалады.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Сондықтан құндақ етті клиентке ұсынбас бұрын екі жағына 2-3 минуттан уақыт беріп духовкаға салып аламыз (табаға май азғантай май жағуды ұмытпаңыз). Сол кезде қамыр сәл қатайып, қабысып, ұстауға ыңғайлы болады, кей жерінің сәл қызарып, қытырлауы тағамды тек қана дәмді ете түседі.
Құндақ ет дайын! Қымызбен тарта беріңіз.
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Немесе сорпамен, ахаха))))
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?

Өте дәмді!
ОҒМ жазбалары: Қазақша фастфуд немесе «құндақ ет» неге қолдау таппады?


Негізі, қазақша фаст-фуд идеясы соншалықты абсурд емес сияқты. Өзімізден бөлек шетелдіктер үнемі келген кезде жергілікті ұлттық тағамды жеп көргісі келеді. Оны мен университетке конференцияларға келген қонақтарымыз бірінші кезекте ұлттық мәзірі бар тамақтану орнын сұрайтынынан білемін. Ал біз сол кезде ештеңе ұсына алмай ұяламыз.
Жазушы Эдуард Топольдің «Астро. Кассиопея ашынасы» атты кітабында әйгілі KFC брендінің негізін қалаушы Харланд Сандерс туралы мынадай жолдар бар:

Азғантай зейнатақылы зейнеткер Сандерс «11 шөп түрінен жасалған тұздықта қуырылған тауық етін дайындау рецептімен адамзатты құтқарамын» деген албырт идеясын жалау етіп, жол бойынан «Қуырылған балапан» атты кішкентай мейрамхана ашуға бірнеше жүз немесе тіпті бірнеше мың инвесторлардан ақша берулерін сұрап шықты. Мыңдаған инвесторлар «жоқ» деп жауап берді (қай есі дұрыс инвестор 65 жасар шалға ақша құяды?). Бірақ мың бірінші инвестор тәуекел етіп, оның сұраған ақшасын берді. Осылайша жол бойындағы ең алғашқы Kentucky Fried Chicken ашылды, ал 10 жылдан соң Сандерс Америка кәсіпкерлігінің аңызы мен символына айналды.

Әрине бұл көркем шығармадан үзінді, бірақ тура осы оқиғада анау айтқан әсірелеушілік болды деп ойламаймын. Мүмкін біздің зейнеткерге осындай мақсатшылдық жетіспеген шығар?
Әрі қарай

#ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат

TABULA RASAны қоқыспен толтырайық, сонда кез-келген халықты қадап тастаймыз
Жоғарыдағы цитатаның авторы өзім, бірақ әр бөлігін әлдеқайда милы да сыйлы пенделерден сызып кеткем. Адам санасын ақ параққа теңейді ертедегі батыс философтары. Соған қандай сызба сызасың, не жазасың, сонымен кетуге әзір. Қай заманда болмасын актуал тұжырым.
Әрине, бұл тур бұрынғы турдан өзгерек. Әрине, сексуалды қауіпсіздік жайлы жазу ақпараттық қауіпсіздіктен гөрі жағымдырақ. Әрине, бұл турға шолу жазуымды тек жұмыста жүрмегенім ғана құтқарып тұр.
Не болса да, сіздерде — финал, менде — демалыс. Кеше түнімен ішіп едік, бүгін тым ақылды посттарды оқуға шама болмай тұрғаны. Бірақ, басталған бөтелкені соңына дейін бітірмей тастама дейтін халықпыз ғой. Жазайық енді бұған да. Оның үстіне, жюри да мен жазбасам, бағаламайтын болып алыпты…
Шынымды айтсам, ақпараттық қауіпсіздік ұғымын менің түсінуім — орташа статистикалық адамдікіндей (ха, бірақ басқа сұрақтарда орташа статисткалық адамның түсінігі менікінен төмен). Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпаратТікелей логикаға салып, оған технологиялық та, идеологиялық та қатерден сақтануды, жалпылама қате БАҚ мәліметтері мен арнайы мақсатты дезинформацияны да тоғыстыра беруге болады деп қабылдай беремін. Менікі қате дейтін эксперттеріңе "қақпайды, за мной тысячи из народа, ибо я қарапайым оқырман өкілімін" деймін. Білмеймін, ненің жоқ екенін айтатын шолу емес, не бар, сонымен жұмыс жасауға тура келетін тақырып болып тұр. Осындай тур.
Сәл қайырылысаң, артыңның ашықтығын аңдып тұрған Ресей, ел ішінің ірімшікке қақалып өлгір іріткі салғыштары да бар кезеңде Сабинаның синдромы да қазақ қыздарына қысықкөздердің назар аударту екенін біліп тұрмыз. Сондықтан анықтамасы ауырлау болғанымен тақырып бойынша өзектілік жағынан админге айтар айыбым жоқ. Ал егер финалистер аузымды аппақ, құлақты спагеттиге толтырылған қылып кетсе, онда бұл да ақпараттық қауіпсіздікке тұздық болатын тағы бір тамаша көрінісі…
Болды ма? Атқа мінейік онда…
Маралбек Сағынғанов қауіпсіз пост жазып шығыпты
Ол үшін тіпті цензуралық резеңке пайдаланбаған да. Себебі, кейбір лауазымды тұлғаларға тілі тигенін көруге болады.
Жазба классикалық саяси сараптамаға ұқсайды, бірақ кей тұстары — кәдуілгі журналистік мақала. Қысқа да нұсқа қайырыпсыз. Демде бітіріп тастадым (Эх, өткен турдың тақырыбы болғанда сәтті каламбур жасайтын едім). Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат
«Бірақ, халық Келімбетовке екібастан сенген жоқ» — Гыгы.
Мемлекетке біраз сын айтқан екенсіз. Жөн. Оның өз «косяктарын» көрсете отырып, өзгеден талап етуі жайлы тұшымды ой. Енді бізде солай, "Қазаншының өз еркі..."
«Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында сыртқы күштердің ықпалынан бұрын іштегі біліксіздік қорқынышты.» — Меніңше, жалпылама айтуға бұл күмәнді тұжырым, бірақ тура қазіргі біздің жағдайда осылай болуы ықтимал. Алқаштың пікірін қайтесің, сол үшін жалақы алатындар айтсын бұл жөнінде.
«Мәселен, мемлекеттік арналардағы жаңалықтар жүргізушілерінің әрбір қатесін (деректік қате былай тұрсын, тұтығып қалғанын, түшкіріп-жөтелгенін) санап отыратын арнайы маман барын білетін бе едіңіз? Енді біліп жүріңіз: бар ондай адам» — «Білә...» дегеннен басқа сөз саусағыма сыймай отырғаны…
"Әйтпесе Маралбек жұртты жаппай жалған ақпарат таратуға шақырды деп, өзімді соттап жіберіп жүрер" — Осындай оймен аяқтау — логикаға сай, қарапайым шағын тапқырлық. Бұл жөнінде бірдей ойлаппыз.
Суреттермен безендіру «в тему». Жұп-жұмыр бір ойды қысқа постқа себелей сыйдырған екенсіз. Танымдық тұрғыда жаңалықтар да болды. Дей тұрғанмен, бірдеңе жетпей тұр өзіме. Кеттім, басқа блогерлердің жұмыстарын қарап қайтайын. Мүмкін, со жақтан табармын, мүмкін сізде бәрі орнында, олардікі — «так себе» екенін ұғынып келермін. :) Жақсы жазба!
пы.сы.-сымақ. Иә, сосын постыңыздың соңғы сөзі қате жазылған.
Эльвира Ерғалина деген керемет қыз өзі әуелі алдап алып, сосын халық неге сенгіш? деп қынжылады. Қызық өзі.
Блогер ханым бұқараның қоғамдағы ақпаратқа төзімсіздігі жайлы ой толғайды. Өзі кәнігі маман болып табылатын интернет желісі бұған көмекке келген екен. Классикалық ақпараттық қауіпсіздік ұғымымен шаруа-шатағы қанша екенін білмеймін, бірақ мұндай да бір пост күтілгені рас. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат
Жазба тілі блогерлік, таза эльвиралық. Суреттер тек инеттің скриндері екені аздау, бірақ видео қосылғанда салмақты.
"Әйтеуір Астанадағы Керуен мен Хан шатырдың футкордына келген халықтың жартысы KFC алдында тұрушы еді" — Жалпы әлеуметтік желі қолданушыларында бар қателік. «Фуд» сөзі «тағам» дегеннен шыққан, "қадам" дегеннен емес. Сәйкесінше, «фуд-корт». Қожабекова бибі, маған ырзасыз ба? :)
Сіздің орныңызда болсам, Айнұр Тұрсынбаеваның статусы арқылы атақты адамдардың әлеуметтік жауапкершілікті толық сезінбейтіндігі, кей танымал кісілердің ақпаратты тексеруге миы жетпейтіні жайлы қатаң тұжырым жасар едім. Бірақ мен сіздің орныңызда емеспін, өзімнің сасық көйкімде отырмын. Ал сіздің шартты этикетіңіз — танымалдылық ынтымақтастығыңыз шығар… :)
«Артынан дезинформация екенін айтқанда, дереккөзін тәптіштеп тексеріп алмағанына талай редактор өкініп қалды-ау.» — Білмеймін, бұл елдің редакторларына сабақ та болмас, өкінбес те… :)
Сізге сенетін инеттегі жұртты түсінбеймін. Сіз же нағыз қу тентек қызсыз ғой! Ана саусағыңыздағы сақинаны айтам да… Енді шынымен сондай жүзік бұйырсын сізге…
Видео боп қалады. :) Күн суықта жасалған тәжірибе көрсеткіші, негізі, сенбегендер көбірек екенін көрсетті ғой. 60 та 40, 70 те 30, шамамен солай. Қоғамда да ақпараттық қойлар мен арландар саны да солай ма?.. :)
Жазбаны кеңестер арқылы аяқтауыңыз — бұл жолы логикаға сай. Қызықты пост.
«Сақтанғанды Құдай сақтайды, жалған ақпарат жолықпасын!» — Әумин.
Әйгерім & К ақпараттық қауіпсіздікті осылай түсінеді. IT-гарем, көтек!
Қалай? Алақандағыдай! Ақпараттық қауіпсіздікті техникалық жағынан қамтамасыз ету. Тұжырымдар шайқасы осы жерде туындасын, бірақ оған менің бір чекушкім де қисаймайды. Менің ісім — пост шолу. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат
Уоу, уоу, суреттегі арпа ішінде бір тарыны қара! Бидай? Қой, бұл қыздың келген аймағында тары авторитет.
Не дейін, жазба тілін итім біліп пе? Мына видеолардан гөрі порно көргенім дұрысырақ екенін біле тұра, түсінуге тырысып қарайын.
О, о, о, о, о, о, о! Таза хардкор! Неткен еңбек! Мидағы садо (садықпен шатастырмаңыз)!
Кодеоның ай-ти әлемге родеосында дауыс берудегі пошталарға қатысты мәлімет қызық екен. Супер! Сосын Зейнолла Кәкімжанов деген кезіндегі атақты саясаткер ғой, танымағандарың не? :) Програмиспісің деген… Сосын ана уникалды пошта қылып, алдап кетуден сақтанудың әдісін айтпады ғой ана бала :)
Садықтың ақпараты да қызық екен. Үш алқашымда аккаунт жоқ, енді мен не істеймін? :)
Анау Райымбек скайппен бе, телефонмен бе, әйтеуір даусына кедергілер бар сияқты. Солай түсініктеме беріп жатыр ма?
Ақпарат ұғымын таза ай-ти мамандығы жағынан түсінгеніңіз жайлы ештеңе айта алмаймын. Санаға әсер ету жайлы жазудан бас тартыпсыз, былайша айтсақ. Осы күйінде қабыл алдым.
Жазба таза еңбек екен. Жас програмистерге таптырмас, тәжірибелілері де лақтырмас мәліметке толы екен. Скинсұхбат суреттеріне, коллаждарыңа +5, еркектерді жегіп тастапсың. Дұрыс, жегіп тұр.
Асқар Базарбай алаңдап жүріп арандап қалмау жолдарын көрсетеді
Сыртқы ақпараттық шабуыл үлгісі жайлы танымдық, тіпті одан бұрын тәжірибелік ақпаратқа толы пост. Жазба тілі — таза блогерлік, «ми шаю» процесін жіті жіктеген екенсіз. Суреттер алуандығы, ретті таңдалуы жақсы. Бірінші коллаж — мағыналық тығыз дүние. Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат
Ақпараттық қорғаныс әдістерін көрсеткен кездегі ұсынған мысалдарыңыз тым қарабайыр сияқты (әлде мен тым ақылды төменгі таппын ба?). Бірақ жалпы логикасын түсіндіріп тұр.
«Пупкин мен Әбдразақтың арасында жеккөрудің оты жанды да қалды. Ал жеккөру бар жерге жанжал өсіру де сөз емес — кетшей бар, жек көру бөлек жазылады
Берілген кеңестерге не айтуға болады? Ештеңе. Бәрі орнымен, бәрі жөн. Не алып-қосарымды білмеймін. Мүмкін, мерекелік лента қосармын, сыртынан орап посттың? :) Посттың әлеуметтік маңыздылығы жоғары, жалпы кезінде Гүржістан мен Ресей қақтығысында айқын көрініп еді мұндай технологиялар, қазір де жалғасып келеді.
Шопырыңыз Нұрматтың логикасына күмән жоқ. Жазбаны аяқтау кішкене салиқалы ма, ұзақтау ма, болғаны қажет еді.Сонда да жазбаны қорытуға, сіздің тілмен айтсақ, рационалистік шешімнің ең жақсысы таңдалды деп санағанның өзінде де »ешкім тасыңды шауып алмайды" деп аяқтау тек сіздің ғана ойыңызға келер...
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сонымен, Маралбек мемлекеттің мәселесі мен ел ішілік ахуалды айшықтаса, Эльвира жалпы бұқаралық, оның ішінде интернеттегі дезинформациядан сақтануды ұсынады. Әйгерім таза ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістерін технологиялық тұрғыда көрсетіп, Асқар сыртқы жаудан қорғануды көздейді. Міне, міне! Ақпараттық қауіпсіздік деген мен сияқты өлімді өлімтіктің, оқшау оқырманның санасында — осының бәрі, осының жиынтығы. Қазақ блогерлерінің бірлігі жасасын! Тіпті бірін-бірі қуаттап тұрғанын қайтерсің! Асқардың «2. Атақты адамдардың айтқаны — ақиқат» дегені мен «айқұлақАйдың_нұры» аккаунтының айтқанын қалай тоғыстырмайсыз? Бірақ, бағалау кезінде көзқарастар қиыстығы әсер етіп жатса, еш таңғалмаймын. «Жюри знает лучше нас»…
Содан кейін кішкене турнирлік кестені шұқығым келіп тұрғаны. Екінші орын үшін талас айрықша арпалысты болып тұр. "Қыз блогерлердің ішінде бірінші орынмын нақ!" деп айтуға кімнің қалауы жоқ дейсіз, иә? Хахаха! Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Қауіпті пост: Ақ параққа - ақпарат
Жалпы, тарихтың тарам тармақтарында талай спорт жарыстары, ел чемпионаттары қалай болғанда да соңғы турға дейін алысудың артықшылығын көрсеткен еді. Жеңсең, жұлып алып кетесің, жеңілсең, жанкүйер алдында адалсың. Мысалы, өз алдыңа шартты түрде Х (қыздар — 260 ұпай:) ) ұпайға жету деген меже қойып алсаң болады. Жалпы өзі енді қанша тур қалды? Үш? Финалдың белортасын келіп қалыппыз ғой. Ал, енді бір күшенсеңдер, шығып қалады. :)

Жұмыстарды блогерлер қалыпты алып шықты. Біз де қалыпты оқып шықтық. Біз де маладес, олар да жарап тұр.
Ал жазбаны неге қауіпті пост деп атадым? Себебі, енді осындай топалаң ішіс болып жатқандықтан, тақырыбы «опасян» осы турды пайдаланып, өзімнің Асқар Базарбайдың фейкі екенімді ашқым келеді. Әқәқә. Миларың шатасып өліңдер! Сену-сенбеу өз құзырыңызда. Посттардан алған тағылымдарыңыз жар болғай.
Кеттім, фаст-фуд жеп қайтайын. Алдағы турға моральдық-қарындық даярлық.

p.s. Суреттер ауылдағы Рәбиға апамның қойын дәптерінен алынған жоқ.
Әрі қарай

Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдарыБір ел ішінде белгілі бір топтар арасында өзара жек көрушілік тудыру, сол үшін ақпаратты барынша бұрмалау— басқыншылық саясаттың сүйікті амалы. Украинадағы жағдай жалпы елдегі алаңдаушылыққа оң әсер етпеді. Ақпараттық соғыс майданында жақтасты анықтаудан бұрын шындықтан алыстамау мақсат болса, сіз бен біз ескеруге тұрарлық біраз жайттар бар.


Осыдан жарты ғасыр бұрын Қытай коммунистері тұтқынға түскен АҚШ жауынгерлерінің миын шаю үшін мына бір әдісті жиі қолданған-мыс:
«Алдымен, Америкаға қарсы өте жұмсақ сынды мойындатады. «АҚШ— мінсіз емес», «Социалистік елдерде жұмыссыздық болмайды» деген ойды мойындау бәрінен де оңай ғой. «АҚШ— мінсіз емес» деген адамға, «Неге мінсіз емес?» деген сұрақ қойылады. Содан кейін, одан АҚШ қоғамының өзекті мәселелерін тізіп жазу талап етіледі. Сөйтіп, астына қолын қойдырады...»
Әрі қарай, миы шайылған америкалық еліне қайтады да, елінде коммунистік ойларды тарата бастайды, сәйкес ұйымдарды жақтай бастайды.


Таныс жағдай ма?

Меніңше, тап қазір елімізде дәл осындай «ми шаю» әрекеттері жүріп жатыр. Мен әрине, саясаттанушы емеспін және ондай арандатудың аяқтары қайдан өсіп шыққаны туралы айта алмаймын. Бір білерім — араздықтың өршуі үнемі ақымақтардың алаңдаушылығы мен арандатушылардың айла-шарғысына жүгінеді. Бірі бастаса, екіншісі қостайды. Осылайша, тарихи реніштер, дәстүрлік айырмашылықтар мен дүниетанымдағы қайшылықтар интернетте және шын өмірде қақтығысқа әкеп соқтырады.
Араздықтың ушығуына аңғал адамдардың стереотиптері мен үрейлері, сондай-ақ логикалық қателері себеп боп жатады.



Логикалық қателер

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
Логикалық қателердің түрлері көп, интернеттегі саяси үгіт-насихат пен полемикалардан жиі байқауға болатындары мыналар:

1. «Есеп білмеген — есек»
Себеп-салдарлық байланысқа қарағайдың қалың бұтағын қойып, өзіне ыңғайлы қорытынды жасағысы келгендердің жиі ұрынатын қателігі. Мысалы:
«Сен Ресей қайғысына қуанбайсың — демек, сен нағыз патриот емессің!»
Шикілік қайда? Шын мәнінде сенің Ресейдің қайғысына қуанбағаның ештеңе білдірмейді. Яғни, сенің Ресей қайғысына қуану-қуанбауың таза күйінде өз еліңнің өркендеуіне ешқалай да әсер етпейді.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары

Ұқсас қате — адамның жеке басының кемшілігіне қарап, оның пайымына баға беру.
«Алкоголь — зиян» деп жүрген Жалғастың өзі кеше сыраны сылқытып жатыр. Демек, «алкоголь зияны» — оттаған әңгіме.
Солай ма?
Жоқ, әрине.
Себебі, Жалғас сыра ішсе, алкогольдың зияны азайып кетпейді.
Түсінесіз бе, адам зиянын өзі мойындай тұра істейтін әрекеттері бар. Бұл сәйкессіздікті екіжүзділік деңіз, адам бойындағы ішкі арпалыс деңіз, шындығы сол, әрекет пен түсініктің бір жерден шығуы — ой дұрыстығының не бұрыстығының өлшем бірлігі емес.

Тағы басқа нұсқалары:
  • «Көше жаргонын қолданатын адам салмақты ой түйе алмайды» (Еш байланыс жоқ. Сөз ой білдіру құралы. Сигналдық жүйе ғана. Адамның әлдебір сала не құбылыс жайлы біліктілігі оның тікелей сол саламен қарым қатынасына, тәжірибесіне және ол туралы оқыған түйгеніне көбірек байланысты. Қолданатын жаргон не диалектіне емес).
  • "Ұлтшыл адам — фашист" (Шын мәніндегі фашизм өзінің атасы Бенито Муссолинимен бірге өлген болатын. Содан кейін «фашист» сөзі жай «оңбағандар» деген мағынада қолданылады). Мәселе нацизм жайлы болса, ол да қате. Ұлтшылдық әртүрлі көріністе жүзеге аса алады: демократиялық жолдардан бастап, авторитарлық жүйеге дейін. Ал фашизм мен нацизм — әрдайым тоталитарлық, күштеуге, өзге ұлттарға деген өшпенділік пен кемсітушілікке негізделген.
2. Атақты адамдардың айтқаны — ақиқат
Бұл да алдыңғы қатенің бір түрі.
Айталық, «Жомарт Төреханұлы «Темекі тартпаған, тәлібті атпаған қазақ — қазақ емес» дейді. Жомарт он жерден спорт шебері, он бес жерден «батыр» атанса да, бұл жайт бәрібір, оның айтқан сөзіне қисындық салмақ бермейді. Бірақ, көбісі пірінің харизмасына иланып, оның сөзіне еш күмән келтірмейді. Сондықтан, қарапайым адам тұрмақ, бұл қате пайымның қақпанына ғалымдар да жиі түседі.
Атақты спортшылар, беделді әнші-ақындар, қандай да бір салада жетістікке жеткен тұлғалар арқылы партияның не белгілі бір ұйымның мүддесін насихаттау да адам санасының осы бір кілтипанына сүйенеді.

3. Жалқы мысалдарға сүйеніп, жалпы заңдылық шығаруға тырысу немесе «көпке топырақ шашу»

Топтың бір-екі жеке өкілінің әрекетіне сүйеніп, бүкіл категория туралы қорытынды жасау.
«Егер Хомо Сапиенс өкілінің бірі қоймен жыныстық қатынасқа түскен болса, онда әлемнің барлық адамдары шеттерінен — қойсіг… кешірерсіздер, зоофил».
Саған күлкілі шығар, ал ақпараттық кеңістігімізде осы пішіндес лапшаны дәлірегі «вермичленді» шайнамай жұтып, әрі қарай тарататын кеңкелестер көп. Қауесеттердің 90 пайызы осындай жалпыны жалқыдан айыра алмаудан шығады.
«Еуропа — гейлер мекені»
«Сақал — террорист»
т.б.



Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
Арандатушы "қажетті" жауап алу үшін, сұрақтың құрылымына «вирус» тығып жіберуі де мүмкін. Былайша айтқанда, софизмдерді.

Мысалы:
««У» елінде үнемі қысым көргенді қалайсыз ба, әлде емін-еркін «Х» елінде тұрғыңыз келе ме?»


Сұрақтың қулығы мен сұмдығын көрдіңіз бе? Ал әрі қарайғы сценарий арандатушының бұрмалаушылық шеберлігіне байланысты. «Ортақ тұстарын ұмыттыр, айырмашылықтарына екпін қой — мінекей, өмірінде бірін-бірі көрмеген Вася Пупкин мен Әбдразақтың арасында жеккөрудің оты жанды да қалды. Ал жек көру бар жерге жанжал өсіру де сөз емес. Небары бұл екеуін бір жерде түйістіретін үлкен шара керек.
Ендеше, сәл қыртысқа күш салып, арандатушыға қарсы сұрақ қоюға болады ғой? ««У» еш қысым көрмей-ақ, емін-еркін тұра берсек болмай ма?!» деген сияқты немесе "Өзімізге қажет қоғамды ешқайда қосылмай-ақ, біртіндеп соға берсек болмай ма?" деген сияқты.


Таңдау аясын арандатуға ыңғайлы етіп шектеу.
««А» тарабына қарсысыз ба, «Б» тарабына қарсысыз ба?!»
Екеуімен де дос болу мүмкіндігі көтімен ойлайтындардың назарынан тыс қалады да, өлім мен өмір мәселесі болатындай жағдай туындамаса да, айдың күні аманда екі тараптың біріне қарсы болуына тура келеді.

Біреуден осындай сұрақтарды естігенде, «Сен голубрй екеніңді мойындайсың ба?» деген бала кезіміздегі қағытпа сұрақ есіме түседі. Бұған «иә» десең де бәлеге қалдың, «жоқ» десең де келеке боласың. Сондықтан, сұрақтан бір шикілік көрсеңіз, қарсы сұрақ қойып, сұрақ қоюшы сізге анық, түсінікті нұсқалар ұсынбайынша жауап бермеңіз. Әлгі Голливудтағы киноларда полицайлар айтпақшы: «Сотта үндемеуге хақыңыз бар. Айтқаныңыздың барлығы сізге қарсы қолданылуы мүмкін».

Өкініштісі, қоғам ішінде өмір сүргендіктен миыңызды ақпараттық шабуылдан толық оқшаулаудың жолы жоқ. Ал ықпалын азайтқыңыз келсе мынаны байқап көріңіз:
Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
1. Күмән келтіру. Құлағыңа жеткен әрбір хабардың шын-өтірігіне күмән келтіру. Газеттегі мақалалар мен кешкі жаңалықтардан бастап барлығын — досыңның пікіріне дейін, сүйікті әртісіңнің, ақыныңның, депутатыңның пікірі, туған әкең, тіпті өз пікіріңді де күмәнға алу.


Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
2. Құр күмәнданып қоймай, ақпаратты объективті деректерге, өмірлік тәжірибе және арнайы эксперименттерге сүйене отырып терістеу/негіздеу .

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
3. Логикалық сауаттылығыңды арттыратын кітаптарды, мақалаларды оқып тұру.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
4. Рационалды ойлау дағдысын қалыптастыру. Атынан шошымаңыз. Қысқа қайыратын болсақ, рационалды ойлау дегеніміз — мәселенің ең оңтайлы шешімін таба білу ғана. Ол үшін жоғарыда айтылғандарға қоса психикамыздың түрлі кілтипандарын да ескере жүрген дұрыс.
Мәселен, адамның әдемі ұйқаспен, поэзиялық көркемдікпен айтылған ақпаратты шындыққа балайтыны бар ғой. Сондай-ақ, адамдар білмеген тұсын қиял-болжаммен толтыра салуға, "өмірде кездейсоқтық пен әділетсіздік болмайды" деп ойлауға, түсінбейтін нәрсесін жек көруге бейім. Одан әрі, астар жоқ жерден астар іздейтіні, ыстық күні жылы киімнің, суық күнде салқын сусынның рахатын түсінбейтіні тағы бар. Міне, осы сияқты толып жатқан «багтарымыздың» барын ұмытпаған дұрыс.


Гуманитарларға жоғарыдағы тізім тым күрделі һәм ұзақ мерзімдік талап көрінcе, мыналардан бастап көруге болады:
Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
5. Әр қабылдаған шешіміңді толық бақылауыңа алу. Әрбір шешімнің саналы таңдау нәтижесінде қабылданғанына көз жеткізу. «Бүгін ертерек ұйықтаудан» бастап « фейсбуктағы наразылар тобына қосылуға» дейін. Шешіміңізге көңілжықпастық әсер етті ме? Қолайсыздық па? Көпшілікке еру ме біреуге еліктеу ме? Мотивтерің қандай?

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
6. Әр айтылған пікірге жан-жақты оң және теріс пікірмен, қосымша дереккөздер ұсынған ақпаратпен танысу. Бір мәселеге келіспей жатқан екі жақтың да келісетін, келіспейтін тұстарын анықтап алмай, ой қорытуға асықпау. Иә, айтпақшы теледидардан көрген, интернеттен көрген видеодәйектер бәрібір өз көзіңізбен көргенге жатпайды.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
7. Ара-тұра өзіңе «бұл маған қойыма керек?» деген эгоистік сұрақ қоюдың да еш сөлекеті болмаған.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
8. Ақпарат тұтыну кезінде көңіл-күйіңді бақыла. Саяси-әлеуметтік мәселені қозғайтын қандай да бір жаңалық сені кенет ерекше қуантса, ашуландырса, аяушылық не үрей тудырса, көңілің саябырсып, тынышталғанша үзіліс жасап жіберуден ақылды шешім жоқ. Сабыры қашқан, ашулы «ақкөздің» ақиқатты қабылдауы да көмескі.


Ал егер әлдебір өзекті мәселе бойынша өз жеке көзқарасың жоқ болса, менің шопырым Нұрмат сияқты «Қой знает...» деуге болады… «Неге?» деп жағаңнан алған адамға, «әлі қалыптаспады» немесе тап сол Нұрматша «онда өзім болғам жоқ — айта алмаймын» десең, ешкім «тасыңды шауып» алмайды.
Әрі қарай