2015 жыл. Қорытынды

Блог - Marco: 2015 жыл. Қорытынды

Жыл бұрын доллар екі еседей арзан болатын. ЭКСПО-ны дүркіретіп өткізетінімізге сенімді, 26-Ақ Олимпиада қожайыны атанудан үмітті едік. Бірақ мұнай бағасы бұл кезде барреліне 80 доллардан түсіп үлгерді. Елде өткен әлем чемпионатынан соң отандық әуесқой боксшыларға қарсылас жоқ деп көкірек кере бастадық. Ал мен темекіні бұрқыратып жүрдім.
Әрі қарай

Блогиада және статистика

Керектің статистика агенттігі: Блогиада және статистика

Енді екі күннен соң Блогиада аясындағы 2015 жылдың үздік блогерін анықтайтын боламыз. Өзімді статистика агенттігіне жұмысқа қабылдап, алғашқы мәліметтерімді назарларыңызға ұсынбақшымын:

1. Ең көп балл жинаған — Medium / 27 ұпай /
2 Ең аз балл
Әрі қарай

Конвергентті журналистика дейсің бе? Иә, бар!

Блог - Marco: Конвергентті журналистика дейсің бе? Иә, бар!
Конвергентті журналистика әлдекімдердің ғылыми атақ қорғау үшін ойлап тапқаны. Сізге мұндай ой келіп көрген жоқ па?! Тақырыпқа алғаш көз салғанда қолды бір сілтегім келді. Жоқ, шынымен ше, өндірісте жүрген журналист көп нәрсенің конвергенция екенін білмей-ақ та жапырып жүр. Әлгі, «Қазақтар наурыз көженің жеті ингредиенттен тұратынын бұрыннан білген, тек ингредиенттің не екенін білмепті» дейтін әзіл еске түсті бар ғой.
Әрі қарай

Баламды қалай қорғаймын?

Блог - ademi_alem: Баламды қалай қорғаймын?
Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ?
Әрі қарай

Девальвация: Негізі күлетін нәрсе емес

Үйдің қасында үш банктің филиалы бар. Ертеңгісін бағам қарау әдет болды. Жұрт сияқты мен де уайымдаймын (Шүкір, екі бала бағып отырған жайым бар). Бірақ ойлап-ойлап, тап менің уайымдағанымнан көп нәрсе өзгере қоймасын түсінідім (бұл үшін, негізі, көп ойланудың керегі жоқ). Ендеше не бас ауыртатыны бар. Көппен бірге көрерміз. 1999 жылы да тірі қалдық қой. Ал білесіз бе, сол жылы девальвациядан бір күн бұрын жампозым Ақтөбеден Алматыға аттанған екен. Пойыз екі күн жүреді. Барам дегенше теңге екі есе арзандап, қалтадағы ақшасының құны қалмапты. Бір досымыз дәл сол уақытта шетелге жарысқа аттанған. Оның жағдайын елестетіп көріңіз. Қазіргі жағдайымыз жақсы емес пе? Банктер бар, ақша аударымдары бар, әйтеуір амалын табуға болады. Одан да бір күліп алайық.

Әрі қарай

Қалай-қалай құбылады теңгеміз? Келімбетов не десе де – сенбеңіз!

«Біз, турасын айтсақ, өз салымшыларымызға теңгелерін шетелдік валютаға айырбастап алуына мүмкіндік бердік. Үлгергендері Ресейден арзан тауар сатып алды. Мұндай сауда азаматтарға пайдалы болғанымен, Қазақстан экономикасының төмендеуіне әкеп соғады».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

2015 жылдың 20 тамызы ел экономикасының тарихындағы ерекше күндердің бірі болды. Теңгенің бір долларға шаққандағы бағамы – 258 теңгеге көтеріліп, шартты бірлік 69 теңгеге бір-ақ «секірді».
Әрі қарай

Тарихың сенің тереңде

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Алайда Тәуелсіз Қазақстанның ең танымал тарихи символы Алтын адам. Тақырыпқа орайластыра салды дерсіз. Бірақ мына дала мен даланы мекен еткен халықтардың тарихын 550 жылмен шектеуге тағы болмас.

Ескерте кетейін, суреттегі экспонаттардың бәрі Есік музейіне қойылған. Бірақ бәрі бірдей Алтын адам табылған қорғаннан шыққан жоқ. Тек көненің көздерімен бетпе-бет кездескенде ой өзінен-өзі шапқылап, алысқа кетіп қалған болатын.
Әрі қарай

Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Қазақ халқы үшін төрт түліктің ішінде жылқының алатын орны ерекше. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров «Жылқы – қазақтың қанаты» деп тегін айтпаса керек. Жылқыға деген сүйіспеншілігіміздің зор болуы сондай, оны «мал» емес, көбінеки «жануар» деп атаймыз. Елімізде ұлттық ат ойындары да аз емес. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық ат спорты түрлерінің дамуы қалай екенін біліп, әңгіме өрбіту үшін Өскемендегі ШҚО мамандандырылған ұлттық ат спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер мектебіне бардым.
Әрі қарай

Дүйсенбі несімен ерекше?

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
«Дүйсенбі» деген сөзді естіген кезде көпшілігіміздің көз алдымызға аптаның бірінші күні жұмысқа асыққан адамдар мен мектепке бара жатқан балалар елестейді. Бұл күнді «Ауыр күн» деп те атайды. Тіпті «Бұл күні қарыз берсең, шығын көп болады, ал жолға шықсаң, сәтсіздікке ұшырайсың» деген сияқты жаман ырымдар да бар.
Әрі қарай

Жұманы асыға күтетіндер

Аптаның қай күнін адамдар асыға күтеді? Егер жексенбі десеңіз қателесіз. Елдің сағына күтетін әрі жақсы көретін күні — жұма. Бұл күнді тақуа мұсылмандар мен христиандар, тақыр кедей қайыршылар мен қарапайым жұмысшылар асыға күтеді. Жақында олардың қатарына ұстаздар мен мектеп оқушылары да қосылып қалуы мүмкін. Неге дейсізғой? Мән-мағынасын ашып көрейін.


Мұсылмандар үшін маңызы

Блог - tomarlik: Жұманы асыға күтетіндерӘлемдегі ең ірі діндердің бірі исламды ұстанушылар аптаның дәл осы күнін ерекше қастерлейді. Себебі бұл күннің қасиеті туралы құран кәрімнің «Жұма» сүресінде: «Ей, мүминдер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер сендерге сол жақсы» — делінген. Сонымен қатар Мұхамет Мұстафа (с.ғ.с): «Егер мүмин, жұма күні жамағатпен намаз оқып, имамға ұйыса оның екі жұма арасында жасаған күнәсі кешіріледі» — деп өсиет еткен. Осыны негізге алған мұсылмандардың көпшілігі аптаның бесінші күнінде кәсібін тастап мешітке ағылады. Кейбір ірі қалаларда тіпті жұма күндері мешіт орналасқан көшелер бірер сағатқа жабылып та қалады. Мешітке симаған жұрт, бай-кедей деп бөлінбей, көшеде тұрып та сап түзеп, намаз оқиды. Осы арқылы күнәларынан арылып, ана дүниеге сауап жинап қалмақ. Қарап отырсаң адамдар теңдігі, демократия дегеннің нақ көрінісі осы жерде байқалады емес пе?

Христиандар үшін маңызы

Блог - tomarlik: Жұманы асыға күтетіндерҚұдайдың жоқтан бар жасайтын құдіретінің дәлелі ретінде осыдан 2015 жыл бұрын жер бетіне Иса пайғамбар түсірілген. Ол айналасындағы жұртқа бірғана құдайдың бар екенін және оның алдында барлық адам тең екенін насихаттай бастайды. Бұл сол кездегі Иудей дін басыларына ұнамай қалған. Олар Исаның аз уақыттың ішінде танымал болып, соңына жұртты ертіп алғанынан қорқып, оны тоқтату туралы шешімге келеді. Өздерінің күші жетпейтін болғандықтан биліктегілерге арыз жаудыра бастады. Ал ол заманда қазіргі Израиль жері Рим империясының бодандығында еді. Сондықтан иудей дінбасылары Римнен келген прокурор Понти Пилатқа шағым түсіріп, жалған пайғамбарлығы және өзін патша жариялағаны үшін Исаны өлтіруді сұрайды. Олардың тілегін қабыл алған прокурор Иса Мәсіхті айқышқа керіп өлтіру туралы бұйрық шығарады. Бұйрық жұма күні орындалған. Арада үш күн өткен соң тіріліп, көкке ұшып кетеді. Содан бері ол салған жолмен жүрушілер аптаның екі күнінде шіркеуде құдайға жалбарыну өткізеді. Біріншісі, жұма күні "құдайдың" (Исаны құдайға балайды) жарық дүниеден өткенін, ал жексенбі күні тіріліп келгеніне байланысты…

Жұманың қайыршылар үшін қадірі

Блог - tomarlik: Жұманы асыға күтетіндерЖұманы тақуалар сауап жинау үшін асыға күтсе, қайыршылар тиынға қалтасын толтыру үшін күтеді. Бұл күні мешіт айналасы адамға толатындығын жоғарыда айтып өттім. Ал дінде садақа беру үлкен сауап әкелетін амал. Осыны білетін әккі қайыршылар жұртпен бірге мешітке қарай ағылады. Ел тәрізді намаз оқып, сауап жинау үшін емес алақан жайып, тиын жинау мақсатында.
Теміртаудан Қарағандыға барып күн сайын қайыр сұрайтын Эдуарт деген жігіт бар. Екеуміз күнде бір автобуспен барамыз, кешке бірге қайтамыз. Күнде-күнде көре берген соң дос болмасақ та ара-тұра әңгімелесіп қаламыз. Айтуынша күн сайын шамамен 1500-2000 теңге табыс табады екен. Ал жұма күні екі есе артық табады. Ол ел тәрізді мешіт жаққа бармайды. Себебі ол жақты меншіктеп алғандар бар. Бара қалса ұрып-соғып қуып жібереді. Бұл ақша сұрайтын аймақ Қарағандыдағы 45-орам мен ЦУМ дүкенінің ортасы. Басқа жаққа бара алмайды. Соның өзінде садақа беруге құлшыныс білдіретіндердің қатары жай күндерге қарағанда жұмада әлденеше есеге көп болады екен. Бұл туралы Берік Сұлтанның қайыршы қыздан алған сұхбатынан да көрсеңіздер болады.


Жұмыскерлер неге күтеді?

Блог - tomarlik: Жұманы асыға күтетіндерЖұманы асыға күтетіндер қарапайым жұмысшылар, мына сіз бен біз. Расқой? Дүйсенбі басталмай жатып елдің көбі жұманың келуін аңсайды. Сағынады… Неге? Себебі ертең жұмыс деп алаңдамай, түнімен отырып тв көруге немесе қыдыруға болады. Қонаққа бара қалсаңыз, ұйқым қанбай қалып, таңертең көзім іседі деп алаңдаймсыз. Алда бақандай екі күн демалысыңыз күтіп тұр. Осыны білген соң көңіліңіз де орнында болады. Ал жексенбі керсінше жұрт жақтырмайтын күн. Ертең аптаның алғашқы күні, жұмыс күні екені есіңізге түсіп, еңсе көтертпейді.
Бұл күнді әр ұлттың өкілдері әрқалай күтетіні тағы бар. Қазақтар жағы сенбі болатын тойды немесе баратын қонағын ойлап қамданады. Ал орыстар болса армансыз ішуді ойлайды. Бұл туралы әзілдері жеткілікті.
Айтқандай жақында бұл күнді жұмыскерлермен қатар мектеп оқушылары мен ұстаздар да асыға күтіп қалуы мүмкін. Соңғы кездері ел арасында оқу күні бес күндік болып қалуы мүмкін екендігі жайлы қауесет белең алуда. Бұл алда-жалда рас болып шықса, жұма күнін асығушылардың қатары қалай өсетінін ойлай беріңіз. Әсіресе оқымайтын оқушыдан бір күнге болса да артық демалатынын ойлағанда ұстаздар қалай қуанады десеңізші…

Рабинзон мен Жұма

Блог - tomarlik: Жұманы асыға күтетіндерАғылышындық танымал жазушы Даниэл Дефоның қаламынан шыққан «Робинзон Крузо» романын оқығансыз ба? Онда әлемді саяхаттауға құмар болған ағылышын жігітінің кеме апатына ұшырап, елсіз аралда қалып қойғаны суреттеледі. Робинзон өркениеттен жырақта 28 жыл ғұмыр кешкен. Алғашқы жылдары жалғыз өзі болады. Үй салып, егін егіп, ешкі асырайды. осы жұмыстарды толық ыңғайлап болған соң аралды толық зерттеуге көшкен. Арада біраз уақыт өткен соң аралдан адам ізін табады. Бұл адам жегіш жабайлыр болатын. Олармен алғашқы кездесуі аптаның жұма күнінде орын алған. Дәл сол күні жабайлыр тұзағынан өзіне серік болуға жарайтын жігітті құтқарып алады. Жабайыға тіл үйретіп, өркениетке баулыған соң тапқан күннің құрметіне «Жұма» деп атау берген.