ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИ
Футбол десе, қатынын төркініне жіберетін жанкүйерлер, атша шауып жүрмісіңдер?! Қалай, мониторға сәл еңкейіп, сол қолмен жақтарыңды таянып, ыңғайланып отырсыңдар ма? «Кім не жазды екен, ә?» миықтарыңнан мырсылдап. Футбол үшін көп сөздің қажеті жоқ, көпәріп деп ешкім оқымайды. Барынша қысқа етіп жазайын. Біршама уақыттан бері ештеңе жазбай кеттім. Жалпы, Керекинфоның «белсендісі» емеспін ғой. Менің Барсаға көкбауыр тұсымның бұратындығы жасырын емес-ті. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Мансити футбол командасымен ойнайды. Жеребе осылай түсті. Бұл команданы зерттеуге тырысып көрдім. Мықты тұсы, әлсіз тұсы қайсы. Сұрақтарыма жауап іздедім. Біраздан бері Манситидің ойындарын әр жерін көріп жүргенмін, былай жақсы команда. Топтық кезеңде Мюнхен-Аренада Байернді ұтты. Кеше Мансити-Ливерпуль ойынын төреші «ойын басталды-ойын аяқталды» деген белгіні білдіретін ысқырық шалған кездерінен, яғни, басынан аяғына дейін көрдім. Команданы бір ойынына қарап, «пәлен екен, түген екен» деген таяз ойлылық пен футболдық мағынада дүмшелік болар. Манситидің бюджеті қомақты, футболшылары шебер. Бапкері — Пеллегрини деген азамат. Бұл азамат Испания футболымен етене таныс, талай жыл Ла Лиганың бірнеше командасында бапкер болған. Барсаны жақсы біледі. Командалары Каталония шеберлерімен сан мәрте кездескен. Манситидің ең мықты тұсы — қос қапталдағы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Испания футболымен таныс — испан Силва (Бұрынғы командасы «Валенсия»), Навас (Бұрынғы командасы «Севилла» — испан акцентімен), Негредо (бұл да «Севилладан»), ЯЯ («Барселона») және Серхио Агуэро. Коларов, Джеко, Фернандинио, Насри
секілді футболшылар бар. Мықты әрі әлсіз тұсы — орталық қорғаушылар: Компани мен Лескотт. Қарсылас команданың шабуылшыларынан әр ойында кемі екі-үш рет «көз жазып» қалатын әдеттері бар. Қателіксіз адам болмайды. Есесіне, осы қорғаушылар қарсылас команданың айып алаңындағы стандарттар кезінде басып-жаншып, баспен гол соғып кетуге қауқарлы. «Зік» еткізеді, болды, доп қақпада! Барсаның шағын денелі шабуылшылары осы екі азаматты әбден терлететін түрі бар. Қақпашы Хартты Барса сынап көреді. Көбіне, қақпашылар жайлы көп айтылмайды. Ойын барысына қарай, дәлірек айтсақ, бабы мен бағына қарай жұмыс істейді. Ал, көрер қызық көбейсін! Әдемі футбол көру бұйырсын!
Әрі қарай

Өткен аптада Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары болған еді. Барселона-Байер арасындағы ойын 7-1 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді. Сол ойында әйгілі Месси 5 гол соғып «пента-трик» жасады. Осы ойыннан кейін көптеген футболшылар Месси жайлы туиттеріне жазған екен. Кеш те болса солардың біразын оқып көрелік:
Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)