Ой мороз, мороз, не морозь меня ...)
Ищщааа… Осы тұрғанда Ақтөбе аяз қатты болып тұр. -39-ды көрсетіп тұр. Машинаның жоқтығы қатты білінеді екен. Биыл бізде қыс қатты болып тұр. Ертеңгісін балдарымды балабақшаға апарар апармасымды ойланып тағы жүрдім. Амал жоқ тастайтын жер жоқ, апарып тастадым. Енді біртүрлі жүрегім ауырып отырмын тоңып қалды ау деп, балабақша да салқындау. Тездетіп бітсе екен мына аяз!!! Сіздерде қалай жылы шығар оңтүстік жақта? Завидуююю )))
Әрі қарай


Әр күні әр түрлі өрнек салып кететін Аяз шалдың суретшілігіне бас шайқаушы едім. Аязды Аяз ата кейіпінде елестетуші едім. Бес жасыма дейін әрине. Қазір қала тұрмақ ауылдағы жұртшылық терезелерін пластиктеуге көшіп жатыр. Бұны заманның талабы дейміз бе әлде басқаша жоримыз ба, ол өз еркіміздегі дүние. Әйткенмен, осы пластик терезелерге Аужекең өз өрнегін сала алмайды. Ендеше, боранды я болмаса шаңылтыр аязды күндері терезеге телмірген балалар аяз салған өрнектерге қарап түрлі қиялдарға берілмесі де анық.