Ауызашар берудің пайдалары қандай?

Блог - Pokemon: Ауызашар берудің пайдалары қандай?
Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі« дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады«, – деп жауап береді (Бәйһақи).

Тағы бір хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген.

Міне, бұл хадистерден байқағанымыздай, ауызашарда дастарханның ас та төк болуы міндетті емес, әркім жағдайына қарай берсе болады. Ең бастысы – Алланың разылығын табу ниеті болса болғаны.
Әрі қарай

Ораза-2016 кестесі

Ауызашар берудің сауабы

Рамазан - қасиетті ай...: Ауызашар берудің сауабы
Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады.» делінген. (Уәсиләт-ун-нажат)

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың кейбірлері бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндіктері жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады» деді.(Бәйһақи)

Тағы бір хадис шәрифте:
Әрі қарай

Рамазан құрмасының пайдалары

Рамазан айының атрибуттарының бірі — құрма. Ал осы Рамазан құрмасының пайдаларын білесіз бе?

Рамазан - қасиетті ай...: Рамазан құрмасының пайдалары

Құрамы:
— Көмірсулар (60—65 %) — басқа жемістермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш.
— Майлылығы (0,2—0,5 %).
— 15 түрлі пайдалы тұз және минералдар бар (темір, мыс, магний, мырыш, марганец, калий, фосфор, кадмий, натрий, алюминий, кобальт, күкірт, бор).
Әрі қарай

Ораза кестелері - 2013

Торт "KEREKINFO"

Құрметті ЖАМАҒАТ, сәлем бердік! Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Жаратқан Иеміз жар болып, жәрдем берсін деймін! не болса да шыдаңыздарЧы  Тааак, кеше ауызашарға
Әрі қарай

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар


Сұрақ: Оразаны немен ашу керек?
Жауап: Сүннет болғаны құрмамен, су немесе сүтпен ашу. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
Әрі қарай

КӨП ӘЙЕЛ АЛУШЫЛЫҚ – ЕРІККЕНДІК ЕМЕС



Сексенбай сегіз рет үйленді. Сегізі де мандымады. Ең ұзағы он жыл, қысқасы бес жылды еңгеріп, қашып кетті бәрі. Әр қайсысының жетегінде мұрындықты мал мен қолтығында тау-тау дүние — мүлік кетті жылап. "Қанша қатын алсаң да ауына тартадының" кері
Әрі қарай