Нервіній

Ауыл мен ауданның арасы 25 шақырым. Таңертеңгі тоғызда ауылдан, кешкі алтыда ауданнан КАвЗ автобус жүреді. Жеңіл мәшинесі жоқтар осы автобуспен қатынайды екі ортаға. Сондай күннің бірінде автобусқа ақаңнан сілтеп алған бір жігіт мінді. Жаман жолда шоқаңдап келе жатқан автобустың жүрісіне дәп жүргізуші кінәлідей:
-Әй, гандон! ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жайырақ жүрсеңші-деді.
Жүргізушінің де жүйкесі дәретхана қағазындай жұқа екен. Жыртылды да кетті. Қолына «рукояткасын» ұстап салонға кіріп келіп:
-Жігітім, мынамен басыңды қақ айырам, түс!-деп кіжінді.Сол кезде бір әжеміз:
-Қарағым, Гандонжан бір ашуыңды маған бер" Үйімізге кеш түспей жетіп алайық-депті
Әрі қарай

Ауылға барып қайттым...

Бүгін ауылға барып қайттым. Керемет әсерде қайтты деп ойласаңыз — мүлдем олай емес… Күн бүгін ерекше ыстық болып, өзімді өте жайсыз/маңызсыз сезініп, басым ауырып, быт шыт болдым. Ауылға барып әке-шешемді, інім Исмайыл мен Шымқаладан жазғы демалысқа келген марқұм ағамның жалғыз ұлы Жанболатты көріп қайттым.
Үйде анамызды Апа деп, әкемізді Тәте (аға) деп өскенбіз.
Әрі қарай

Көрпеңді қайтейін...

Қазақта небір сөздер бар ғой. Сөздік қоры бай халықпыз негізі. Сөзтапқыштарда жетеді ел ішінде. Соның бірін ұсынайын, сөге жамандамаңыздар)))
Біздің жақта Аудан деген кісі болған. Сол кісі бір отырысқа кешігіңкіреп келіпті.
Аудеке, көрпеге
Әрі қарай

Хуторянка

Аудан әкімдеріне жергілікті халық лақап ат қояды екен. Көбінесе сүйікті арақтарының аттары. Поезд жүрмейтін болғандықтан 250 км қашықтыққа халық таксимен барады. Бір күні таксиге бір жасы үлкен апай мініпті. Біздің аудан Ойыл туралы сұрап келе жатыр дейді қасындағы жолаушылардан. Бір кезде әкімдерің қалай дегенде таксист “Ой әкімнің аты Хуторянка, арақты сілтейді, алқаш” десе керек. Содан Ойылға да жетіпті, таксист әдетте жолаушыларын үйлеріне апарып тастайды. Жаңағы апайдан сұраған ғой қайда баратынын, сөйтсе апай “мені Хуторянканың үйіне апар, мен Хуторянканың мамасымын” депті” :)
Таксист ойбайлап жатыр дейді “ой ол негізі жақсы кісі, тек ішетіні болмаса” деп. Бірақ, Хуторянканың мамасы Хуторянкаға бір “концерт” қойғаны анық :)
Әрі қарай