Терезе

Ол теледидардағы ауа райына да, интернет беттеріндегі болжамдарға да онша мән бермейтін. Қай уақытта тұрса да көзін тырнап аша салысымен терезеге қарайтын. Дұрысы терезеден далаға. Адамдар шолақ жең киімен жүрсе бұлда солай киініп, күрте киіп жүрсе сәйкесінше бұл да солай киінетін.
Кеше түні бойы бір сайтта әлдебіреулермен пікірталастырды. Не бұл оларды түсіне алмады, немесе аналар шынымен сөз ұқпайтын жандар. Бірнеше мәрте кофе ішіп, бірнеше мәрте оттығын қолына алып, мұрнынан будақ-будақ түтіндер шығарды.
Бүгін ұйқысы қанбай оянды. Екі сағаттан сәл аса ұйықтаған болар шамасы. Бүгін бір мекеме жұмысқа аламыз деген, солармен алдын-ала әңгіме-дүкен құруға барады. Ояна салысымен терезеге қарады. Ешқандай жан баласы көзіне ілінбеді. Көздері құйрығымен кері қарай, дәлірек айтсақ, құйрығымен алға қарай ұшып бара жатқан торғайларға түсті. «Далада жел қатты екен» деген оймен қалыңырақ киініп алды. Автобуста қалың киіммен отырған бұған жұрттар қайта-қайта мойындарын бұрып қарай берді.
Көп шегіп қойған тәрізді…
Әрі қарай

Құрылтай күндері Астанада ауа райы



Астанада 22-23-24 наурыз күндері жауын-шашынды болады деп жатыр метереологтар. Қар аралас жаңбыр жауады, ештеңе араласпай құр жаңбырдың өзі де жауады. Күн де салқын болады. Жылы киініп келіңдер.

Толығырақ мында.
Әрі қарай

Халықтар арасында...

Суреттің жылы орыны
26 желтоқсан күні орыстың халықтық күнтізбесінде Евстрат деген атпен ежелден белгілі екен. Ауа райын болжаушыларға бұл күннің өз ерекшелігі бар. Халық арасында осы Евстрат күнінен бастап 12 тәулік бойы келер жылдың әр айларындағы болатын ауа райының өзгерістерімен құбылсытарына сәйкестендірген екен: бүгінгі ауа райы қаңтар айының райын көрсетсе ертеңгі күн яғни 27 желтоқсан қаңтардан кейінгі айдың райын көрсетпек…
Әрі қарай

"Синоптик" әжелер

Ауылда дейм дә рахат қой. Ауылдың тіршілігінің өзі қарапайым. Шәй үстінде айтылатын үлкендердің әңгімелерінің өзі бір ғанибет еді. «Бүгін түнімен тізем қақсап шықты, жаңбыр жауатын шығар». Әжеміздің тізесі бекер қақсамапты, расында да түстен кейін жаңбыр жауады. «Оң иығым көтертпей қалды, күн салқындайтын болар».Ертесіне мектепке қалың киініп кетіп бара жатамыз.Күн салқын шыныменде.
Әрі қарай