"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік
            
                
                                            Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық... 


Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!
Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті. 
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой. 
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты. 
Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
            
                            Әрі қарай
                    

Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))
Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті. 
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой. 
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты. Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…

            
                                    
            
            








            




















            
Жүздеген жас әнші, жалт-жұлт жарық ойнаған караоке сахнасы, елімізге танымал өнерпаздар, қатаң қабақты қазылар алқасы… Бұлардың бәрін «Астана дауысы» байқауынан көре аласыздар! Мақсаты биік, арманы асқақ жоба. Авторы және жетекшісі — Нариман Думанұлы деген белсенді жас азамат. Бұл істің басы қасында өзі шапқылап жүріп, жұмысын өрістетіп келеді. Келесі жылы халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырған жоба жетекшілері биыл көптеген жас әншілердің талантын шыңдап, дарынын ұштады. 
Бұл жобада ең әуелі жүздеген жасқа есігін ашты. Содан соң солардың ішінен небір күміс көмей, алтын дауыстарын таңдап алып сайысты бастаған болатын. Оларға вокалдан дәріс беріп, дауысын қояды. Содан соң олардың ішінен іріктеліп, іріктеліп келіп, финалға шыққандарға авторлық ән сыйлап, студияда жазып та береді. Бұл өнерге келген жас әншіге үлкен қолдау екені рас. 
            
Орыслан Медальбек ел артында жұрттың тасынша мынадай ұрандарын бұрышқа салды: