Видео-материалға қатысуға шақырамыз!



Достар! 9-мамыр Жеңіс күні жақындап келе жатыр. Осы орайда «Екпін» журналы сіздерді 21-сәуір, жексенбі, сағат 10.00-да, Алматыдағы Панфиловшылар саябағына арнайы видео-материалға қатысуға шақырады!

Ол үшін осы жазба астына келетініңіз жайлы пікір жазып, келерде соғысқа қатысқан ата-әжеңіздің үлкен фотосын алып келсеңіз болғаны. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағы да бір рет алғысымызды білдірейік!

Қосымша сұрақтарыңыз болса: k.b.aizhan@gmail.com поштасына хабарласыңыз
Әрі қарай

Әлия Нұршайықованың атасы жайлы естелігі

Жеңіс күні тақырыбын қозғай келе, назарларыңызды «Екпіндегі» мына материалға салғым келіп отыр.


«Менің атам — Әзілхан Нұршайықов» дейді журналист Әлия. Иә, расында қазақ әдебиетіне «Аңыз бен ақиқат», «Махаббат қызық мол жылдар» сияқты сүбелі туындыларды алып келген Әзілхан Нұршайықовтың немересі болғанын қалай мақтанышпен айтпайсың…
Әрі қарай

Менің де атам - батыр!


(фотода кішкентай мамам мен әкесі)

Менің нағашы атам — Сергебаев Барат 1919 жылы қаңтардың 15-де дүниеге келген. Есімде қалғаны: 4-5 жаста жаз сайын анам бізді (тәтем екеуімізді) ауылға апарып тастайтын. Атам мен әжемнің қасында 1-2 айдай аунап-қунап жүретінбіз. Бірақ шыны керек басында үйренісе алмай, (әсіресе мен) үйге қайтқым келіп жүретін. Оның үстінде атам қызу мінезді, әрдайым айқайлап, ұрысып жүретін.

Әлі де көз алдымда тамақ ішуге шақырғанда, дөңгелек үстелдің басында малдас құрып отырып: «Айжаааан, Баяяяян, Қасыыыым, Досыыыым» деп әндетіп айқайлап бәрімізді келмейінше шақыратын. Сонда бұрышта бір уыс, моп-момақан болып отыратын әжем: «Балаларды қорқытпасайшы, келесі жазда келмей қояды ғой» деп байсалды-ақ айтатын. Сонда атам: "Әкеңнін аузын...")) Иә, атамнан қорқатынбыз. Әсіресе, қорқақ мен) Сонда әжемнің жып-жылы қойнына тығылып алып, оның сипалағанына еркелеп жататынмын.
Әрі қарай

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін еске ала отырайық

Көпшілігіміздің аталары соғысқа қатысты. Сол кісілерді еске ала отырайық.

Менің атам — Ораз Тәжбағамбетов (1926 — 1985)
Ұлы Отан Соғысы ардагері, 1944 жылы майданға аттанып, Румынияны азат етуге қатысқан, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Ағасы Иманғали екеуі соғыстан аман оралған, ал әкелері Тәжмағамбет соғыста қаза болған.

www.obd-memorial.ru/ — осы сайт арқылы соғыста қаза болған аталарыңыз туралы деректерді таба аласыз. Арғы атам Әйекенов Тәжмағамбет туралы енді ғана таптым. Қткен жылы таба алмаған едім, аты-жөні дұрыс жазылмаған екен құжатында. Түрлі варианттармен көріп, енді ғана таптым:

Аекинов Ташмагамбет деп жазылған екен, 2 воздушно-десант. Гв. дивизиясында болған. 1900 жылы туғанын да енді біліп отырмын, қайтқан уақыты 29/06/1944

Сіздер де іздеп көріңіздер.
Әрі қарай