Үш тұғырлы тіл XXI ғасыр талабы



Қазақ тілі үш тұғырлы тілдің
біреуі болып қалмайды.
Үш тілдің біріншісі, негізгісі,
маңыздысы бола береді.
(Н.Ә.Назарбаев)

Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы. Тіл-халықтың тарихы. Тіл- ұлттың дәстүрі. Тіл- әр перзентің махаббаты. Мен де сөзімнің басын тіліме деген махаббатымнан туған мына өлең жолдарыммен бастағым келіп отыр:

Туған тілім тарихымның бастауы
Туған тілім болашағым аспаны
Туған тілім таза болған жүрегім
Туған тілім мәдинетім тілегім.

Тілім менің ешқашанда өшпейді
Заман маған латынға көш дейді
Назарбаев атамыз үш тілмен
Алға қарай қадам басып өс дейді

Ана тілім абыройым тірегім
Аямаспын ештеңемді ар үшін
Үш тілдікті қолдағанмен жүрегім
Латынға жібермей тұр намысым

Ол таңбамен мен алғаш жазғанмын
Алғаш рет анамның айтқан арманын
Әке деп айтып қуантқан менің әкемді
Сол тілімді құртпаса екен арманым

Үш тілділік заманымның талабы
Латын деп заман қайда барады
Ренішті бұл ұрпақтың бір ойын
Қабылдаса жасаған сол амалы.

Қай кезде болмасын көп тілді меңгерген мемлекеттер алдыңғы қатарда болып көш бастап тұрған болатын. Мысалы, ежелгі Мысырда көп тілді еркін меңгерген мамандар иеархиялық сатымен жоғарлап, салық төлеуден босатылып отырған. Қазіргі Қазақстан саясаты секілді. Бәсекеге қабілеттісіңба, заман ағымымен жүр да, керегіңді ал. Қазіргі таңда алпауыт мемілекеттер көп тілді, әсіресе халқаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санап отыр. Осы орайда бәсекеге қабілетті ел болу мақсатында сол бағытқа көшіп отырған біздің мемлекетті асыра сөгудің осы орайда қажеттілігі жоқ. Себебі, үш тілді білу заман талабынан туып отырған қажеттілік.
Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Осы тұста түсініспеушілік орын алуда.Бала санасын жастайынан улау, немесе қазақ жастарының шет ел асып кетуі, ұлтын сатуы деген секілді.
Үш тілді білу дегенді ұлттық тілімізді өшіру деп түсініп жүргендер саясатты толық түсіне алмай жүргендер немесе қалған тілдерді меңгеруге ерініп жүргендер деп түсінсем қате пікір болмас. Себебі, сіздер айналаңыздағы адамдармен танысу, ортаңызды қалыптастыру арқылы, көзіңізді аша салып көрген ата-анаңызды ұмытып куетпейтініңіз секілді, қосымша тіл білуіңіз анаңыздың сүтімен берілген ана тіліңізді артқа ысырып тастай алмасы анық. Осы тұста барлық адамның қабылдауы бірди емес деп пікір білдіретіндерге айтарым барлық адам өз санасын өзі басқарады. Түсінгенге.
«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту үшін қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып жатқаны да көзі ашық адамдарға шындық. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 пайызы өз ұлтының тілін — ана тілі деп санайды. Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 94,5 пайызы орыс тілді болса, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Демек, 130-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған еліміздегі орыс тілінің қазығы әлі де мықты. Саны бойынша 3/2 құрайды, бұл бізді бір жағынан үлес салмағы жағынан құтқарып та отыр. Бұл статистикаға қарап, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізудің нақты уақыты екенін, яғни темірді қызған кезінде басатын кез екенін атап өту керек. Егер, «Үш тұғырлы тіл» саясатын кейінге қалдырсақ, онда дамудан тоқтап қаламыз.
Кейде есіңе мектептегі ұстаздар сөзі еріксіз оралады. « Тіл білмесең даклада қаласың». Расыменде қазір орыс, ағылшын тілін білмесеңіз ана тіліңізді білгеніңіздің бес тиындық құны жоқ. Көрдіңіз бе, сіздің сауатсыздығыңыз ана тіліңіздің құнын түсірді. Өзге тілдің бәрін біліп тұрсаңыз, өз тіліңізді өзіңіздің қастерлегеніңізбен қоймай, өзгеге де қадірін арттырарыңыз анық.
Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», — деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік!

Ана тілі

Апптырды - зынданға!
… Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
Әрі қарай

Қазақ қызы

Ана тiлi мен қазақ қызы. Маған осы екi сөз бiр-бiрiнен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелi ұғым тәрiздi көрiнедi. Аңғарғанға ананың ақ сүтi мен аялы алақанысыз ана тiлiнiң қанат жаюы мүмкiн бе, сiрә. Менiңше, мүмкiн емес.
Мен бұл тақырып бойынша сөз қозғау үшiн көп ойландым, көп толғандым. Қазақтың халық өлеңдерi мен мақал-мәтелдерiн, ертегi-аңыз әңгiмелерi мен эпостық жырларды, қазақ жазушылары мен жыраулар дүниелерiн, ғұламалар толғауларын шарлап шықтым. Өз аналарымыз бен әпке, қарындастарымыздың тағлымға толы табиғатын барлап, көз алдымызда, алақан аясында өскен және бiлiм, ғылым саласындағы қыздарымыз бен немерелердiң алып отырған тәрбиемен өнегесiн ой әлемiнен өткiзiп, саралап шыққандай болдым.
Рухани тарихымыздың тарғыл беттерiн парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдерi, жалпы аналар әлемi туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен. Оның үстiне жүрек тербер, сезiм қоздырар қазақтың халық әндерiне, немесе мақал-мәтелдерiне бiр сәт көңiл аударып көрелiкшi.
Әрі қарай

Сен қазақсың

Блог - rakisheva: Сен қазақсың
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бір Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны — құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
Сен – қазақсың!
Алғызбайтын барыссың!
Ар – ожданның асқағысың, намыссың!
Тағдырыңды танығысы келгендер
Тасқа басын тарихыңмен танисың!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегі ең,
Табиғаттан тән тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмір сұраған,
Жер бетінен жерұйықты іздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.
Бұл далаға мұрагерлік, иелік — Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.
Сен – қазақсың!
Айлалысың, ептісің!
Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
Көп болуға,
Бір болуға тиіссің,
Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!
Сен – қазақсың!
Рухы еркін, өзі еркін!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі еркін!
Қайталанбас күйшісің сен құя алған
Домбыраның өзегіне өз өртін!
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық ізгілікке жол ашып,
Дастарқанның – елшілігің ежелден,
Мейірбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен — қазақсың!
Ғарышкерсің, жаны – аспан.
Өрелісің, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марқасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

Күләш Ахметова
Әрі қарай

@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей… Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday.

Бірақ…
Әрі қарай