Пәрөл ұмытпау амалдары

Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

Шығу тарихы

Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.
* Орал казактарының сөзі
Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...

VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.

2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...

Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.

3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...

Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.

4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдарыМінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.  Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Әрі қарай

Амал күні құтты болсын!

көріс
1918 жылдың 24-ші қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлий және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Жаңа күнтізбеден шатаспау үшін 1918 жылдың 1-шілдесіне дейін жаңа күнтізбе күндері ескі күнтізбемен қатар жақша ішінде жазылды. Мысалға: 1(14)-наурыз 1918 жыл. Негізі 1917 жылы 25-қазанда болған «Қазан төңкерісін» 7-қарашада тойлағанымыз, православтарға 14-қаңтарда (1-14) ескі жаңа жылдың келуі бәрі аталған декретке байланысты. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді. Жалпы осы Жаңа жыл, көрісу туралы әрқилы пікір бар.
Әрі қарай

Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға.
Әрі қарай