Алтын басым аман болса...
Сіздер жақты қайдам, біздің жақта кей жылдары жаз айларында жылан көбейіп кетеді. Үйдің көлеңкесіне келіп жататын кездері де болады. Жалпы жылан жайлы аз біледі екенмін. Біз көріп өскен жыландар улы ма әлде у тістері жоқ па біле алмадым. Білетінім жыландарды өлтіруге құмар едік(Құдай күнаға жазбасын). Алдыңғы әңгімеме кейіпкер болған әпкем жыландарды өлтіруге бұйрық беретін. Өлтіргенде де өте ыждахаттылықпен өлтіру керек. Себебі, жыланды өлтіріп жатқанда " Алтын басым аман болса алты күнде тірілем, жез құйрығым аман болса жеті күнде тірілем" деп айтып жатады екен.Жыланның тілін қайдан үйрендің деп сұрамаппыз да біз ақымақ. Сірә, басы мен құйрығын жақсылап мыжғылағандығымыздан болар тіріліп келіп кегін алған жыландар болмады.
ПыСы. Жыланды атымен атауға болмайды,«түйме» деп атаңдар дегенді естігендерің бар ма? Жыланды қоршап «Түйме, түйме түйіл!»деп айқайлаған кезімізде түйілуші еді. Бізге сес көрсетіп шиырылғаны екен ғой қазір ойлап қарасам.
Әрі қарай