Мемдерге сипаттама

Маған ең пүздік пост атағын әперген мемдер еді. Жер әлі де дөңгелек екен, сол тақырыпқа қайта оралдым. Өз басым сол мағынасы бар, сатира мен юморға, ащы шындыққа, тәтті өтірікке негізделген мемдерді жақсы көретінім бар. Қазір мем жасау да өнер болса да, кез келген адам жасай алатын жағдайға жеттік. Өзімнің мем жасағанымды айтқалы отырған жоқпын. Сол мемдерде кездесетін белгілі суреттерге, яғни мемдерге көрік пен ажар беретін образдар жайлы айтпақшы едім. Сол жердегі, ең алдымен атақты образдардан бастайық. Атақты деп отырғаным американ голливудында жүрген, жүре де беретін белгілі актерлер образы еді. Әрине, олар жайлы қазнеттен табу қиындау болса да, рунет әзірге жарап тұр. Сонымен, бастадық:
Әрі қарай

корея телехикаялары

Көрермендердің жүрегін жулап алған қазіргі корей телехикаялары Қазақстанның барлық телеарналарынан көптеп корсетіліп жатыр. Күнде кешкісін жұрт тағатсыздана күтетін телехикаялардың бірі осы корея телехикаялары. Мен Корея мен оның телехикаяларының жанкүйерімін. Теледидардар болып жатқанның бәрін үзбей көрмін. Тіпті, бос уақытыма сайттардан осы сериалдарды орысша субитрлармен қарап жүремін. Өзіме осы ұнайды. Уақытымның көбі осыған кететінінде жасырмаймын. Бірақта бәріне уақыт тауып жатамын.Корей телехикаяларында мәңгілік махаббат, шынайы достық пен мейірімділік, салт-дәстүр, сыйластықтың бәрі бар.
Әрі қарай

Астаналықтардың назарына!

2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»), «T-Max» тобы, Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған), JQT (қыздар тобы), «Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13.


Шақырылған қонақтардың біразы бізге танымал. Сон Иль Гук (Song Il Gook) – атақты «Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлде ойнаған актер. Ал бұл сериал біздің көрермендердің ықыласына бөленіп үлгергені белгілі.

Әрі қарай