Моңғол күресі
Моңғол күресі — (монг. Бөх, бөхийн барилдаан) моңғол халқының ұлттық күресі. Моңғолия, Бурятия мен Тываға жақсы тараған.
Күресте әртүрлі әдістер қолданылады. Палуандарға ерекше күрес киімі кигізіледі: басы қайрылған ұлттық етік – «монгол гутал», шолақ шалбар – «шуудаг» және жеңі бар өзіндік көкірекше(зелетке), бірақ кеудесі ашық келген – «зодог».
Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Бұрындары белдесулер уақытпен шектелмейтін(қазір шектелетін болды), салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда жүре береді. Табаны мен білезікке дейін қолнан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылады. Әр палуанның жеке көмекшісі(секунданты) болады – «засуул». Алысып болғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді.