Ұйымдастыру мәселелері

Құрылтайшылар, сәлем!

«Блог құрылтай ұйымдастырушылары кім?» деген сұраққа жауабын барлығы да біледі ғой.

Білмегендерге айтып кетейін. Blogcamp ұйымдастырушылары қатысушылардың өздері.

деп бастап, негізгі 2 мәселеге тоқталып кетейін:

1-Назарбаев Университетінің қасында (екі аялдама)«Алау» деп аталатын мұз айдыны орналасқан.
Сол жердің әкімшілігімен тегін вход жайында келіссөздер жүргізіп жүрмін.
Блог құрылтайдан кейін, кешкі сағат 20.00-22.00 арасында сырғанайық десек, қанша адам барады?
Алдын-ала айтып кетеін. Олар бізге тек кіруді тегін жасай алады. (негізгі бағасы: 1500 тг)
Ал конькиді өздеріңіз алып келесіз, я болмаса, Алаудан на прокат аласыз. (1000 тг/екі сағатқа)
Әрі қарай

Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

Баршаңызға, сәлем!

«ААА» деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы оқу жылының басында өте бір тамаша бастау жасап жатыр.

Шараның мақсаты: жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау.

Мен не істей аламын? Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады.

Шараның өтетін орны және мезгілі: Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, «Атырау» сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 20-39-32, 8 701 925 26 14

Шараға өз үлесін қосқысы келетіндерге: aaa.atyrau@gmail.com
Әрі қарай