Шәмші ұнатқан дүнген қызы ...

Талас өзенінің жағасында Дүнген қызына ғашық жүректен туындаған әнге бүгін назарым ерекше болды. Көп есітіп жүрген болсам да әннің шығу тарихы қызықтырды. Білетіндер әңгімелеп берсе нұр үстіне нұр болар еді…
Әрі қарай

Сығандар Шәмшіні пір тұтады.

Кеше кешкісін теледидарды қарағандар болса, “Қазақтың 100 әнінде” Шәмшінің “Сыған серенадасы” әніне байланысты аз-кем мағлұмат беріп кетті. Артынша бұл тамаша әнді әнші Тоқтар Серік орындады. Ән тыңдар құлағы бар адамның бұл әнді өзінің таңдаулы әндері қатарына қосатынын сеніммен айта аламын. Ән туралы ақпараттарыңызды толықтыру мақсатында осы жазбаны іле кетуді жөн көрдім. Алдында ойланып жүргенмін, кешегі бағдарламадан соң енді “темірім қызған” секілді. Сонымен…
Әрі қарай