Хан Абылайдың шапанын сақтап қалған кім?

Блог - Aya: Хан Абылайдың шапанын сақтап қалған кім?Сонымен, асыл достарым. Өткенде «музей түні» кешінде атамыз хан Абылайдың бекзат иығына ілінген шапанының суретін салып едім ғой. Сол үш ғасырдың көзін көрген асыл шапанның бүгінгі күнге қалай жеткені маған өте қызық болған еді. Білдім, қызық болсын деп айта отырсам.

Сөйтіп, осы бір аңызға бергісіз күн сәулесінің шашақтары кейпіндегі алтын оюлармен өрнектелген қызыл-күрең шапан барқыттан тігілген. Абылай шапанын хан қайтыс болған соң, Айғаным ханшайым аманат бойынша ру атасы, қадірменді би Байдалыға сыйлаған екен. Содан ол атадан балаға мирас болып, бүгінде Байдалы бидің ұрпағы Хамза Сәтжановтың қолына жеткен. Орталық Қазақстан тұрғыны көзінің қарашығындай ұқыпты сақтаған шапаны қазіргі күні Астанадағы ұлттық музей залына тапсырылған. Қазақ рухын асқақтатқан бабамыздың көзін көріп қайтыңыздар. Күш береді.

Естеріңізге сала кетсем, Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмей, Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білген қолбасшы, қайраткер.
Әрі қарай

Егін күзету және шапан хикаясы

Жас кезде адамның ақымақтық әрекеттерге де барып тұруы еш сөлекеттік етпеген. Жаз болса жайлауда өтетін уақытымыз. Бала кезде білінбейді екен. Қолтыққа жүн шыққан кезде жайлаудан көрі ауыл жақта қызық көп екені аңғарыла басталды. Ауылдағы өзім теңдес түбіт мұрт бозбалалар күнде дискотекалатып жүргенде мен аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет барушы едім. Мал бағу, егінді қарау секілді шаруалармен қол тимейтін.Содан егін шабатын уақыт келгенде ағайын болып келетін Өткір атты жігіт екеумізді түнде егістік басындағы комбайндарды күзетуге жіберді. Будкада жатуымыз керек. Үш аяқты «Урал» матасекіліне отырып алып жайлаудағы үйден екі-үш шақырымдай жердегі алқапқа келеміз. Қас қарайып күн батты-ау дегенде матасекілді завайттамай(дыбысын естіп қалмас үшін)1-2 км жер итеріп ауылға қарай бет аламыз.Ауыл 10 км шамасындағы жерде. Таудың мүйісінен асқан соң оталдырып алып «ауыл қайдасың?» деп тартып отырамыз. Ауылға барғанда да үйге соғуға болмайды.Тікелей клубқа барамыз.Ол жерде біраз көңіл көтеріп, қыздарды тау жақты көрсетуге алып кетеміз. Жалпы, сол жылдары ауылда шапан кигендердің дәуірі жүріп тұрған.Жан-жақтан келіп жатқан қонақ қыздарды тауға апарып серуендеткен кезде шапан керек болады.Енді, қыздар тоңып қалса иығына жабуға.Содан таң ата түк болмағандай егіс басына қайтып келуші едік…
Әрі қарай